Бомарше (1732-1799). XYIII ғ. Франция комедиясының негізін салушы. Әкесі де, өзі де сағатшы болып, сағат механизмін кемеліне жеткізгендердің қатарынан табылған. Кейбіреулер оның жасап шығарғандарын тартып алмақшы болғанда бозбала батыл күреске шығып, өзінің авторлық құқын дәлелдеп, қорғап шығады. Осылайша, Париждің ең жақсы сағатшысы аталғанымен, өз өнерін тастап, сарай маңынан үлкен лауазымға ие болып, өзінің Карон есімін дворяндық де Бомаршеге өзгертеді. Бомарше өте дарынды, әрі механик, әрі өнертапқыш, дипломат, музыкант және ақын болған. Оның Франция, Германия, Англия мен Ресейде қойылған «Евгения» атты алғашқы пьесасы авторға жетістіктер сыйлап, оған үлкен атақ әкеледі. 1772 ж. Бомарше шумақты комедиялық опера жазып, оның бірінші нұсқасы «Севильдік шаштаразшы» деп аталады. Мұнде жастардың қызметшілердің көмегі арқылы ақсақалдарды мазақ етулері жайлы айтылады. Шым-шытырық оқиғалар мен қателіктерге толы бұл комедияның бас кейіпкері білімді, батыл әрі пысық Фигаро атты жігіт болатын..
Достарыңызбен бөлісу: |