Батпақтану –1) аймақтың физикалық-географиялық жағдайына байланысты артық немесе мөлшерден көп ылғалданудан, атмосфералық судың іркіліп жиналуынан (топырақта су өткізбейтін қабат болса немесе суды бей-берекет пайдаланғаннан), суарма- лау процесінің бұзылуынан жəне грунт суы деңгейінің жер бетіне жақын жатуынан ойпаңды жерлердің, топырақтың суға толығымен қанығуы. Батпақтану екі процестен тұрады: алғашқысы шым- тезектену (шала шіріген органикалық қалдықтардың жинақта- луынан), екіншісі қорыс-қопалануға (топырақтың артық ылғал- дануынан оксидсіз қосылыстардың түзілуі) байланысты өтеді де, батпақты топырақтар түзіледі. Топырақтың батпақтануы оның агрономиялық қасиеттерін нашарлатады. Батпақтану ағыстың тар- тылуына байланысты топырақ пен жер қыртысының мөлшерден тыс ылғалдануынан, жерасты суларының көтерілуінен немесе булану процесінің бəсеңдеуінен пайда болады. Жердің батпақтануы жəне жердің шымтезекті түріне айналуы деп сараланатын екі түрі болады;
2) геоботаникалық, топырақтық, гидрологиялық жəне геологиялық зерттеулердің нəтижесіне негізделген батпақ тұралы ғылым саласы.