Оқулық Алматы, 2014 2 3 Əож кбж ш


 Бастауыш мектепте қазіргі заманғы технологияларды



Pdf көрінісі
бет10/25
Дата20.03.2020
өлшемі1,53 Mb.
#60548
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
Технолгоия китабы


9.2. Бастауыш мектепте қазіргі заманғы технологияларды 
пайдалану мүмкіндіктері
Қазіргі бастауыш  мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық 
моделіне  өту  уақыты  мен  тəрбиелеудің  соңғы  əдіс-тəсілдерін, 
жаңа  инновациялық  педагогикалық  технологияны  игерген, 
психологиялық-педагогикалық  диагностиканы  қабылдай  алатын, 
педагогикалық  жұмыста  қалыптасқан  бұрынғы  ескі  сүрлеуден  тез 
арада  арылуға  қабілетті  жəне  нақты  тəжірибелік  іс-əрекет  үстінде 
өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, 
ойшыл бастауыш сынып мұғалімі болуын қажет етеді.
Қазіргі кезде  еліміздің білім беру саласында, оқытуда өзгерістер 
аз емес. Білім беру стандарттары мен бағдарламаларының, оқулықтар 
мен оқу құралдарының мазмұндары қайта қаралып, жаңашыл əдіс-
тəсілдерді іздеу, оларды өмірге ендіру жүргізіліп жатыр. 
Бүгінгі  күні  дидактикалық  «нені  оқытамыз?» «не  үшін 
оқытамыз?» «қалай  оқытамыз?»  деген  дəстүрлі  сұрақтармен 
бірге  «қалай  тиімді  оқытуға  болады?»  деген  мəселесі  ғалым-
əдіскерлер  мен  мектеп  мұғалімдерін  толғандыруда.  Осы  сұрақтың 
айналасында  бірқатар  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  жүргізілген. 
Зерттеудің нəтижесін талдау барысы  педагогика ғылымында жаңа 
«педагогикалық технология» бағытының пайда болып, қалыптасып 
келе  жатқанын  көрсетеді  жəне  ол  оқушының  өз  бетінше  білім 
алуын  ұйымдастыруға  бағытталған.  Əрбір  мемлекеттің  болашағы 
мектебінде  шыңдалады.  Ертең  осы  елге  ие  болып,  тізгінін  ұстар 
азаматтар – бүгінгі  мектеп  оқушысы  болғандықтан,  қазақстандық 
барлық  мектептерге  үлгі  болуға  тиісті  қазақ  тілінде  оқытатын 
мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары, келешегінің көкжиектері 
бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында.
Қазіргі  кезде  инновациялық  мектептердің  бірнеше  түрі 
қалыптасты.  Олар  ерекшеліктерін,  онда  оқитын  оқушылардың 

130
131
мүмкіншіліктерін  ескере  отырып,  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологияларды  түзеу,  бұл  мектептерде  оқыту  мен  тəрбиелеу 
мүмкіндіктерін кешенді түрде шешу проблемасын қарастырады. 
Мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқыту  үдерісін 
ұйымдастыру  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды 
ендіруді міндеттейді.
Кез  келген  елдің  экономикалық  қуаты,  халқының  өмір  сүру 
деңгейінің  жоғарылығы,  дүниежүзілік  қауымдастықтағы  орны  мен 
салмағы  сол  елдің  технологиялық  даму  деңгейімен  анықталмақ. 
Жалпы  қоғам  дамуы  мен  қазіргі  заманғы  технологияларды  енгізу 
сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы 
саланы  ақпараттандыру  деңгейіне  келіп  тіреледі.  Экономикалық 
күшті  дамыған  елдердің  тəжірибесі  білім  беру  жүйесін 
ақпараттандыру  экономика,  ғылым  жəне  мəдениеттің  қарқынды 
дамуының  негізгі  кілті  екендігін  көрсетіп  отыр.  Ендеше,  қазіргі 
заманның ақпараттық технологиясын игеруге міндеттіміз. Ол үшін 
бастауыш  сынып  мұғалімдерін  даярлауда  жоғары  оқу  орындары 
төмендегідей жұмыстар атқаруы тиіс. 
Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  ақпаратты  қоғам 
жағдайында оқып, білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;
Қазіргі  заманғы  ақпараттық  жəне  телекоммуникациялық 
технологияға    бейімделген  білім  берудің  ғылыми-əдістемелік 
базасын  жасау,  білім  саласын  басқарудың  жаңа  формалары  мен 
əдістерін пайдалана отырып, жоғары білім беру жүйесін жаңарту;
Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне бастауыш білім беру 
мен орта, жоғары білім беру жүйесін сəйкестендіре отырып кіріктіру;
Білім  берудің  иллюстративтік  түсіндірмелі  жүйесінен  дамыта 
оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үдерісінде бастауыш сынып оқушысы 
шығармашылығына  негізделген  оқыту  əдістерін  пайдалануға 
түбегейлі көшу.
Бастауыш білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған 
ділгірліктер:
 білім сапасының төмендігі;
 білім 
саласына 
мемлекет 
тарапынан 
реформалар 
жүргізілгенімен оқудың нəтижесінің болмауы;
 директивалық  құжаттар  көптеп  шығарылғанымен,  оның 
мардымсыздығы;
 бастауыш  сынып  оқушыларының  өздігінен  білім  алу 
дағдысының болмауы;
 бастауыш  сынып  оқушыларының  жəне  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.
Бұл  тығырықтан  шығудың  бірден-бір  жолы – оқу-тəрбие 
үдерісінде  жаңа  инновациялық  əдіс-тəсілдерді  енгізу,  бастауыш 
сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын, талпынысын 
арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
9.3. Бастауыш білім берудегі оқытудың қазіргі заманғы 
педагогикалық технологиялары
Елбасы  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевтың  «Қазақстан-2030» 
атты  Республика  халқына  жолдауында  айқындалған  негізгі  басым 
бағыттар  мен  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  білім  мазмұнын 
жаңартумен  қатар  оқытудың  өзіндік  жаңа  жолын,  қазіргі 
заманғы  педагогикалық  технологиясын  қалыптастыру – өмірдің 
талабы  болып  отыр,  осыған  сəйкес  сабақта    Д.  Б.  Эльконин, 
В. В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В. Ф. Шаталовтың 
«Тірек  сигналдары  арқылы  оқыту  технологиясы»,  Ж.  Қараевтың 
«Деңгейлеп  оқыту  технологиясы»,  М.  М.  Жанпейісованың 
«Модульдік  оқыту  технологиясы»,  т.б.  технологияларды  тиімді 
қолданып өткізуге болады.
Педагогикалық  технология,  оқыту  технологиясы  туралы 
мəселелер соңғы жылдары педагог-ғалымдардың назарын аударып, 
əр түрлі қырынан зерттелуде.
Жүсіпбек  Аймауытов: «Сабақ  беру  үйреншікті  жəй  ғана 
шеберлік  емес,  ол – жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»  деген  екен. 
Сондықтан  қазіргі  педагогика  жаңалықтарын  пəн  ерекшелігіне 
қарай  қолдана  білу – оқыту  мақсатына  жетудің  бірден-бір  жолы. 
Осы  жолда  педагогикатық  технология  оқыту  мақсатына  жетудің 
тиімді,  нақты  жолдарын  көрсетеді.  Оқытудың  қазіргі  заманғы 
педагогикалық технологиясы іс-əрекеттің жоспарланған нəтижесіне 
жетудің  шартты  тəсілі  ретінде  қарастырылатын  жаңа  əдістердің 
жиынтығынан  тұрады.  Оның  дəстүрлі  оқыту  технологиясынан 
ерекшелігі мынада:
а)  бастауыш  сынып  оқушысының  интеллектуалды  дамуы  аз 
уақыт  ішінде  қабылдау  дəрежесінің  жоғары  мөлшеріне  жетуіне 
бағытталғандығы;
ə)  бастауыш  сынып  оқушысы  мен  мұғалімнің  белсенділігінің 
сайма-сай болуы;

132
133
б)  бастауыш  сынып  мұғалімі  мен  оқушының  өзара  қарым-
қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.
Оқытудың  дамыту  функциясы  оқушы  тұлғасын  жетілдіруге 
бағытталған  арнайы  дайындалған  кейбір  оқыту  технологиясында, 
əдістемелік  жүйелері  мен  əдістерде  жүзеге  асырылады.  Оларға 
бүгінгі  өркендеп  келе  жатқан  жаңа  сипаттағы  қазіргі  заманғы 
педагогикалық технологияларды жатқызуға болады. Олар: «Дамыта 
оқыту  жүйесі», «Ақыл-ой  іс-əрекетінің  кезең  бойынша  қалыптасу 
теориясы», «Танымдық  іс-əрекетті  жандандыру  тəсілдері», 
«Деңгейлеп  саралап  оқыту», «Модульдік  оқыту»  технологиялары 
жəне т.б.
Оқыту  технологиясы  тұлғаның  дамуына  емес,  білімді, 
шеберлікті, дағдыны меңгеруге бағытталған.
Оқыту технологиясының мақсаты – бұл берілген қасиеттері бар 
тұлғаны тəрбиелеу.
ЮНЕСКО-ның  құжаттарында  оқыту  технологиясы  оқытудың 
құрылу, қолдану жəне анықтау барысының жүйелі əдісі мен адамның 
қорлары, оның өзара қатысы болып табылады. Ол білім беру түрлерін 
оңтайландыруды өзінің алғышарты деп есептейді.
Бір  жағынан,  оқыту  технологиясы – ол  ақпаратты  өңдеудің, 
ұсынудың, өзгертудің əдістері мен тəсілдерінің жиынтығы, ал екінші 
жағынан,  оқыту  үдерісінде  бастауыш  сынып  мұғалімінің  қажетті 
техникалық,  ақпараттық  тəсілдерді  қолдана  отырып,  оқушыға 
əсер  ету  құралдары  жайлы  ғылым.  Оқыту  технологиясында  оқу 
мағынасы, əдістері, тəсілдері өзара тығыз байланыста болады.
Мұғалімнің 
педагогикалық 
шеберлігі 
қойылған 
оқу 
тапсырыстары  мен  бағдарламасына  сəйкес  оқыту  тəсілдерінің, 
əдістерінің  ең  оңтайлы,  қажет  мағынасын  тыңдай  білуде.  Оқыту 
технологиясы жүйелі ұғым. Оның құрылымына мыналар кіреді:
 - оқыту мақсаты;
 - оқыту мағынасы;
 - педагогикалық өзара қатынас құралдары;
 - оқу үдерісін ұйымдастыру;
 - оқушы, мұғалім;
- іс-қимыл нəтижесі.
Қазіргі  бастауыш  мектептерде  мақсаттар  біршама  өзгертілді – 
идеологизация жойылды, жан-жақты үйлесімді дамудың үндеулері 
алынып  тасталынды,  өнегелі  тəрбие  үлгісі  өзгертілді,  бірақ  негізгі 
мақсаттардың  міндеті  алдын  ала  жоспарланған  сапалы  білім  алу 
стандарттары сол күйінде қалды.
Дəстүрлі  технологиямен  оқытатын  бастауыш  мектептердің 
алдында  қазіргі  ғылыми-техникалық  прогрестің  жағдайында  жаңа 
əлеуметтік  талаптарға,  бастауыш  сынып  оқушыларының  жеке 
басының даму мүмкіндіктеріне сай оқудың мазмұны мен əдістерін 
жетілдіріп, оқу құралдарының жаңа түрлерін жасау қажеттілігі туды.
Бастауыш  мектепте  оқытудың  мазмұнында  ғылымның  соңғы 
табыстарына  сай  теориялық  материал  көлемінің  артуы,  оқытудың 
дамып  келе  жатқан  саласында  бастауыш  сынып  оқушыларының 
танымдық  дарыны  мен  қабілеттілігін  жетілдіруге  баса  назар 
аударылуы  қазіргі  педагогикалық  технологияны  обьективті 
қажеттілік тұрғысынан зерттеп-тануды талап етеді.
Бастауыш  білім  берудің  негізгі  мақсаты – бірғана  міндетті 
нəтижеге  жету  емес,  ол  өмір  теңізінде  жақсы  бағдарлай  алатын, 
өзіндік  көзқарасы  бар,  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру.
Сондықтан  əрбір  бастауыш  сынып  мұғалімі  алдындағы 
ұстаздық  жəне  адамдық  мақсаты:  бастауыш  сынып  оқушысының 
еркін,  шығармашыл,  жауапкершілігі  мол  жеке  тұлға  етіп 
қалыптасуына жағдай жасау. Бұл мақсатқа жету үшін түрліше жаңа 
əдістемелермен тəсілдерді қолдануға тура келді. Бір технологияның 
өзі əртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты əрқилы жүзеге 
асырылуы мүмкін. Соңғы жылдары М.Жанпейсованың «Оқытудың 
модульдік технологиясы – оқушының дамыту құралы» əдісін жəне 
В.М.Манаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тəсілі, сондай-
ақ профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру 
ұстанымдарына негізделген технологиясын кеңінен қолдану қажет. 
Оқытудың  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиясының 
бастапқы  бір  формасы  болып  табылатын  бағдарламалап  оқыту 
мəселелері  В.  Беспалько,  М.  Кларин,  И.  Лернер,  В.  Оконь, 
Н. Талызина жəне т.б. еңбектерінде көрініс табады.
Дамыта  оқыту  бағытындағы  педагогикалық  технология 
Л.  Выготский,  Д.  Эльконин,  В.  Давыдов,  Л.  Занковтың,  ал  жеке-
бағдарлы  оқыту  технологиясының  жобасы  Ш.  Амонашвили 
еңбектерінде жан-жақты зерттелген.
Педагогикалық  қызметке  ынтасы  жоғары,  білім  беру  саласын-
дағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, қазіргі заманғы 
педагогикалық  технологияларды  оқу-тəрбие  үдерісінде  қолдана 

134
135
алатын  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  дайындау – оларды  кəсіби 
даярлаудың  ең  көкейкесті  аспектісінің  бірі  жəне  бастауыш  сынып 
мұғалімінің  жеке  тұлғасын  қалыптастыру  үдерісіндегі  іс-əрекеттің 
нəтижесі болып табылады. Бұл мəселе бойынша жүргізілген зерттеу 
жұмыстарын  зерделеу  барысында  бастауыш  сынып  мұғалімдерін 
дайындаудың бірнеше бағыттары бар екенін байқадық.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер 
ағыны  күшейген  заманда  ақыл-ой  мүмкіндігін  қалыптастырып, 
адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты 
міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет 
жаңару бастауыш сынып мұғалімінің қажымас ізденімпаздығы мен 
шығармашылық  жемісімен  келмек.  Сондықтан  да  əрбір  бастауыш 
сынып оқушысының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, 
ізденімпаздыққа,  шығармашылыққа  тəрбиелеуді  жүзеге  асыратын 
жаңартылған  педагогикалық  технологияны  меңгеруге  үлкен 
бетбұрыс  жасалуы  қажет.  Өйткені  мемлекеттік  білім  стандарты 
деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру қазіргі заманғы педагогикалық 
технологияларды ендіруді  міндеттейді.
Бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  алдына  қойылып  отырған 
міндеттердің  бірі – бастауыш  мектепте  оқытудың  əдіс-тəсілдерін 
үнемі  жетілдіріп  отыру  жəне  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологияларды  меңгеру.  Қазіргі  таңда  бастауыш  сынып 
мұғалімдері инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ 
барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне 
ықпалын тигізуде. 
Сонымен, қазіргі заманғы педагогикалық технология бастауыш 
мектепте  оқытудың  ұтымды  жолдарын  зерттейтін  ғылым  ретінде 
жұмыс  істейді  жəне  оқуда  қолданылатын  тəсілдер  жүйесі  ретінде, 
оқытудың шынайы барысы ретінде де қарастырылады.
 Өздік жұмыс тапсырмалары:
1. «Білім беру» ұғымына ғалымдардың берген анықтамаларын 
саралаңыз
2.  Бастауыш  білім  беру  мазмұнын  реттейтін  құжаттарды 
талдаңыз
3. Бастауыш білім беру бағдарламаларын сипаттаңыз
4.  Бастауыш  білім  берудегі  оқытудың  қазіргі  заманғы  педаго-
гикалық технологияларын сипаттаңыз
Ұсынылатын əдебиеттер:
1.  Таубаева  Ш.  Т.,  Барсай  Б.  Т.  Оқытудың  қазіргі 
технологиялары. – Бастауыш мектеп. –  №3, 1999.
2.  Беспалько  В.  П.  Педагогика  и  прогрессивные  технологии 
обучения. – М., 1995.
3.  Гузеев  В.  В.  Образовательная  технология:  от  приема  до 
философии. – М.:» Сентябрь», 1996.
4. Краткий справочник по педагогической технологии. Под ред. 
Щурковой Н. Е. – М.: Новая школа, 1997.
5. Кукушкин В. С. Общие основы педагогики. – Ростов-на-Дону, 
2000.
6. Левитес Д. Г. Практика обучения современные образователь-
ные технологии. – М., 1998.
7.  Селевко  Г.  К.  Авторские  программы,  педагогические 
технологии,  инновационные  школы. – Ярославль:  Изд-во  ИПК 
ПиРРО, 1997.
8.  Чупрасова  В.  И.  Современные  технологии  в  образовании. – 
Владивосток, 2000.

136
137
10. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ 
ІЗГІЛЕНДІРУ ЖƏНЕ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ 
НЕГІЗІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жоспар:
10.1. Тұлғаға бағдарлы  педагогикалық технология.
10.2. Ынтымақтастық педагогикасы.
10.3. Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш. А. Амонашвили 
бойынша).
10.4.  Адамгершілікті  қалыптастыруға  негізделген  əдебиетті 
оқыту жүйесі (Е. Н. Ильин).
10.1. Тұлғаға бағдарлы  педагогикалық технология
ХХІ  ғасырдың  жан-жақты  зерделі,  талантты  адамын 
қалыптастыру    бағытындағы    білім    беру  ісі    бүгінгі  күн  талабы. 
Қазақстанның    дамуына      білім    мен  ғылымның    əсер  етуі  үшін  
дүние  жүзілік  кеңістігіне  ену,  оқыту  жүйесін  заман талабына  сай  
үйлестіре  алуға  оқу-əдістемелік  жүйеге  жаңа  талаптар  қойылуда.  
Осы    тұрғыдан    алғанда    бүгінгі    таңда    мұғалімге    білім    берудің  
тиімді  жолдарын  қарастыру,  таңдай  білу  еркіндігі  тиіп  отыр.
Қазіргі    уақытта  Қазақстанда    білім    берудің    өзіндік    ұлттық 
үлгісі  қалыптасуда.  Бұл үдеріс  білім парадигмасының  өзгеруімен  
қатар жүреді. Білім  берудің ескі  мазмұнның  орнына  жаңасы  келуде. 
Я.  А.  Коменскийдің,  И.Гербарттың    дəстүрлі    объект – субъектілі 
педагогикасының  орнын  басқасы  басты,  ол балаға оқу  қызметінің 
субьектісі    ретінде,  өзін-өзі    өзектілендіруге,  өзін  танытуға    жəне  
өзін-өзі    жүзеге    асыруға    ұмтылатын  дамушы    тұлға    ретінде  
бағытталған. Мұндай  жағдайда  педагогикалық үдерістің маңызды  
құрамы    оқу    ісіндегі    субъектілер – оқытушы    мен    оқушының  
тұлғалық – бағытталған  өзара  əрекеті  болып  табылады.
Жаңа  білім  парадигмасы  бірінші  орынға  баланың  білімін,  
білігі  мен    дағдысын    емес,  оның    тұлғасын,  білім  алу    арқылы  
дамуын  қойып отыр.
 Егер «жеке  тұлға»  ұғымының  мазмұнын талдап,  түсінік  беретін  
болсақ,  біздің  ойымызша, төмендегідей  анықтама  неғұрлым  дəл 
келеді:
 «Жеке  тұлға» – бұл адамның  психикалық,  рухани  мəні,  ол əр 
түрлі  жинақталған қасиеттер  жүйесіне  тəн:

адамның əлеуметтік  маңызды  қасиеттерінің  жиынтығы;

өзіне    жəне    өзімен-өзінің,  дүниеге    жəне    дүниемен  
қатынастарының  жүйесі;

іс жүзіне  асырылып  жүрген  əлеуметтік рөлдер  қызметінің  
жүйесі,  мінез-құлық əрекеттерінің  жиынтығы;

айналадағы  қоршаған  əлемді  жəне    онда    өзін-өзі    жете  
түсінуі;

қажеттілік  жүйесі;

шығармашылық    мүмкіншілігі    мен  қабілеттерінің  
жиынтығы;

сыртқы    жағдайлар  əсерінің    жиынтығы    жəне    т.б. 
(Г. К. Селевко)
Қазіргі    уақытта    педагогика    ғылымының    бір  ерекшелігі 
–  баланың    тұлғалық  дамуына    бағытталған    жаңа    оқыту  
технологияларын шығаруға  ұмтылуы.
Тұлғаға  бағдарлы  технология  мектептегі  білім  беру  жүйесінде 
баланың  табиғи  əлеуетін  жүзеге  асырып,  жан-жақты  дамуы  үшін 
ұрыс-жанжалсыз жəне қауіпсіз жағдай тудыруды басты мақсат етіп 
қойып  отыр.  Бұл  технологияның  негізінде  ізгілік  философиясы 
жатыр.  Педагогтің  міндеті – өз  мүмкіншілігін  барынша  жүзеге 
асырғысы  келетін,  өмірде  болатын  əртүрлі  жағдайлардан 
жауапкершілікпен жол таба білетін тұлғаны тəрбиелеу.
Тұлғаға 
бағдарлы 
технология 
адамды 
танып-білуге 
ізгіліктілігімен,  жүйкелік  емдік  бағытымен,  баланың  жан-жақты, 
азат,  шығармашылық  жағынан  дамытуды  мақсат  етіп  қоюымен 
ерекшеленеді. 
Ынтымақтастық технологиясы педагог пен оқушы арасындағы 
өзара  түсінушілік,  ынтымақтастық,  серіктестік  қарым-қатынасын 
жүзеге  асырады.  Оқушы  мен  мұғалім  ынтымақтастықта  жұмыс 
істей  отырып,  ортақ  мақсатқа  жету  үшін  іс-əрекеттің  барысы  мен 
нəтижесін бірігіп талдайды. 
Азат тəрбиелеу технологиясы баланың өмірлік іс-əрекетінде өз 
бетінше шешім қабылдауға, таңдау жасауға мүмкіндік береді. Таңдау 
арқылы бала субъект ұстанымын жүзеге асырады. Ол қорытындыға 
сыртқы күштердің ықпалы емес, ішкі түрткілер арқылы жетеді. 
Эзотериялық  технологиялар  ақиқат  пен  оған  баратын  жол 

138
139
туралы  эзотерия  (белгісіз,  бейсана)  туралы  ілімге  негізделген. 
Педагогикалық  үдеріс – бұл  қарым-қатынас,  хабарлама  емес 
ақиқатқа жеткізу. Эзотериялық технологияда баланың өзі ғаламмен 
ақпараттық қарым-қатынас жасау орталығы болып табылады. 
Тұлғаға  бағдарлы  педагогикалық  технология  дамуының 
бастауы  Бахтин-Библер  мəдениетінің  тұжырымдамасында  жатыр. 
Бұл  ережеде  жалпылама  диалог  адам  санасының  негізі  деген  идея 
жатыр. 
Кез  келген  педагогикалық  технологиялардың  дəстүрлі 
дидактикалық  жүйесінің  негізінде  түсіндіру  жатса,  тұлғаға 
бағытталған білім беруде түсінушілік пен өзара түсінушілік жатыр. 
В.  С.  Библер  бұны  былайша  түсіндіреді:  түсіндіру  кезінде  жалғыз 
сана, бір ғана субъект, монолог; түсінушілікте екі субъект, екі сана, 
өзара түсінушілік, диалог. Түсіндіру – үнемі жоғарыдан төмен қарау, 
ақыл, өсиет болса, түсіну бұл қарым-қатынас, ынтымақтастық, өзара 
қарым-қатынастағы теңдік. 
Түсіндіруден  түсінуге,  монологтан  диалогқа,  əлеуметтік 
бақылаудан  дамуға,  басқарудан  өзін-өзі  басқаруға  көшу  тұлғаға 
бағдарлы  педагогикалық  технологияның  іргетасын  қалайды. 
К.  Н.  Вентцельдің  айтуы  бойынша,  педагогтің  негізгі  бағдары – 
«затты»  танып  білуге  емес,  қарым-қатынас  жасауға,  оқушылармен 
өзара  түсінушілікке,  оларды  шығармашылық  үшін  «босатуға» 
бағытталуы  қажет.  Жеке  тұлғалық  білім  беру  кеңістігінде 
шығармашылық,  ізденушілік  негізгі  тəсіл  болып  табылады.  Бірақ 
балалардың  өз  бетінше  білім  берудегі  шығармашылық  міндеттері 
мен  өмірлік  мəселелерді  шешу  үшін  рухани,  дене  жəне  ақыл-ой 
мүмкіндіктері  жете  дамымағандықтан  педагогикалық  қолдау  мен 
көмек көрсету қажет. 
Қолдау  бастауыш  сынып  мұғалімінің  балаға  деген  ізгілік 
ұстанымын  көрсетеді.  Балалар  мұғалімнен  көмек  жəне  қорғауды 
күтсе,  мұғалім  өз  тарапынан  бала  өміріне,  денсаулығына, 
эмоционалдық  жай-күйіне,  дамуына  деген  жауапкершілікті 
саналылықпен сезінеді. 
Ш.Амонашвилидің  іс-əрекетінде  қолдау  үш  принципке 
негізделген:  біріншісі – баланы  жақсы  көру;  екіншісі – бала  өмір 
сүретін ортаны адамдандыру; үшіншісі – балалық шағын өткізу.
В.  А.  Сухомлинский  педагог  өзінде  балалық  шақтың  сезімін 
сақтап қалуы керектігін атап айтқан. Бастауыш сынып мұғалімдерінің 
алдында тұрған басты  мақсаты: баламен болып жатқан өзгерістерді 
жəне  оны  түсінуге  қабілеттілігін  дамыту;  баланың  қылықтарына 
ақылмен  қарау;  бала  бір  нəрсені  əдейі  бұзбайтынына,  қаталесуіне 
сену; ол туралы жаман, əділетсіз ойламау; ең бастысы баланың жеке 
тұлғалық қасиеттерін бұзбай қатесін түзетіп, дамыту. 
Тұлғаға  бағдарлы  технологиялар  əр  баланың  тұлғалық 
ерекшеліктеріне  сəйкес  келетін  оқыту  мен  тəрбиелеудің  əдіс-
тəсілдерін  табуға  тырысады.  Психодиагностикалық  əдістерді 
қолданып, баланың іс-əрекетін ұйымдастыру мен қарым-қатынасты 
өзгертеді.  Оқытудың  алуан  құралдарын  пайдаланады,  білім  беру 
мазмұнын  үйлестіреді.  Шетел  зерттеушісі  К.Роджерс  педагогтің 
негізгі  міндеті  баланың  жеке  тұлғалық  өсуіне  көмек  беру  деп 
санайды. Оның ойынша педагогика емдеу сияқты: ол үнемі балаға 
дене жəне психикалық денсаулық сыйлауы қажет. 
Тұлғаға бағдарлы технологиялары бойынша өтілген сабақтарда 
мұғалім жеке тұлғаның дамуы үшін жағымды жағдай тудыруы қажет. 
Оқу үдерісі барысында мұғалім балалардың кез келген сұрақтарына 
жауап беріп, өздеріне деген сенімдерін нығайтқаны дұрыс. Мұғалім 
əр  оқушының  жəне  бүкіл  сыныптың  алдында  тұрған  мақсат  пен 
міндеттерді  шешуге  көмектесіп  қана  қоймай,  бүкіл  топтың  көңіл-
күйін  сезіне  алады.  Мұғалім  топтық  қарым-қатынас  жасауда 
белсенділік көрсетуі қажет. 
Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі 
əдіснамалық  бағдар,  ол  өзара  байланысты  түсініктер,  идеялар 
мен  тəсілдер  арқылы  өзіндік  тануын,  өзін-өзі  қалыптасуын  жəне 
бала  тұлғасының  қабілеттерінің  жүзеге  асуын,  оның  қайталанбас 
даралығының дамуын қамтамасыз етеді жəне қолдайды.
Жеке  тұлғаға  бағытталған  əдіс  негізіндегі  педагогикалық 
технологиялар:
Жеке бағытталған білім беру технологиясы (Якиманская И.С.);
Дербес дамытудың технологиясы (Селевко Г.К.);
Ынтымақтастықтың педагогикасы;
Адамгершілік жеке технологиясы ( Амонашвили Ш.А.);
Ойын технологиялары;
Дамыту технологиялары;
Проблемалық тəлім-тəрбие;
Деңгейлік саралау технологиясы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет