МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ
ТҰЛҒА ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУҒА
ЖƏНЕ ОНЫ ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫ
Ɇɨɞɭɥɶɞɿɤɨԕɵɬɭ
ɬɟɯɧɨɥɨɝɢɹɫɵɧɵԙ
ɵԕɩɚɥɵ
Ȼɿɥɿɦɞɿ
ɛɚԑɚɥɚɭ
Ɍɨɩɬɚɭ
Ԕɨɥɞɚɭ
Ɍɚɥɞɚɭ
Ɍԛɫɿɧɭ
Ȼɿɥɭ
Ɍɚɧɵɦɞɵԕ
ȿɥɟɫɬɟɬɭԕɚɛɿɥɟɬɬɿɧ
ɠɟɬɿɥɞɿɪɭ
ȻȻɥɭɦɛɨɣɵɧɲɚ
Ȼɟɥɫɟɧɞɿɫԧɡɞɿɤ
ԕɨɪɵɧɞɚɦɵɬɭ
ɠɚɡɛɚɲɚɠԥɧɟ
Ɉɣɥɚɭɚɭɵɡɟɤɿɫԧɣɥɟɭɬɿɥɿ
Ɍɚɧɵɦɞɵԕ
ԛɪɞɿɫɬɿ
ɀɚɞɵɞɚɦɵɬɭ
ɨԕɭԑɚɠɚԑɵɦɞɵ
ԕɵɡɵԑɭɲɵɥɵԕ
Ԕɚɛɵɥɞɚɭ ԕɚɥɵɩɬɚɫɬɵɪɭ
Ԕɚɠɟɬɬɿɥɿɤɬɿ
Ɂɟɣɿɧԕɚɧɚԑɚɬɬɚɧɞɵɪɭ
Ԕɢɵɧɞɵԕԕɚɞɚɣɵɧ
Ԧɡɿɧ-ԧɡɿ
ɛɨɥɭɠԥɧɟɨɧɵɠɟɧɭ
ɛɟɤɿɬɭ
Ԧɡɿɧ-ԧɡɿ
Ԕɚɪɵɦ-ԕɚɬɵɧɚɫ ԧɡɟɤɬɿɥɟɧɞɿɪɭ
Ɉɣɵɧ ɒɵԑɚɪɦɚɲɵɥɵԑɵ
ɌɚɧɵɦԔɚɭɿɩɫɿɡɞɿɤ
ɫɵɣɥɚɫɬɵԕ
Бастауыш мектептің əдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарында
оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас жасауы төмен
284
285
сатыда болады, ол өз қорының аз екендігін көрсетеді. Əдебиеттік
оқу, қазақ тілі сабақтарындағы қиыншылықтар, балалардың еркін
сөйлеу, аудару, сөйлем құрастыру деңгейлерінің төмендігі, көптеген
ұсынылған технологиялардың арасынан М. М. Жанпеисованың
модульдік технологиясын таңдап алуға себепкер болды. Осы
технологияны таңдап алудың себептері мынандай:
1. модульдік технология бастауыш сынып оқушысының
танымдық, өз бетімен білім алуға деген құштарлығын, жалпы жеке
тұлғаның қалыптасуына үлкен əсерін тигізеді.
2. оқу үдерісінде сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасауға
бағыттайды.
Бастауыш мектепте əдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарын
модульдік технология арқылы оқытуға мұғалімнің даярлығын
анықтайық.
І кезең – мұғалімнің модульді даярлауы:
Барлық оқу материалын пысықтап, оны оқу бірліктеріне
(тақырыптар блогіне) бөлу;
Оқытудың нақты нəтижелері тізбегін құру (əрбір оқушы нені
біліп, үйрену тиіс);
Модуль тақырыбын тұтас баяндаудың оңтайлы формасын
ұйымдастыру.
Тақырыптың негізгі түйінді ұғымдарынан тірек, сызба-
конспект құрастыру.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеруге тестілер
жəне бақылау жұмыстарын əзірлеу.
Білім, білік, дағдыларды түзетуге арналған тапсырмалар
дайындау.
ІІ кезең – мұғалімнің сөйлесу бөлімін даярлау əрекеті.
Сөйлесу бөлімінде оқу материалын оқып үйрену үшін
оқытудың белсенді формаларын таңдау («Қарлы кесек», «Брейн-
ринг», «Жеке топтық», т.б.);
Əр түрлі күрделілік дəрежесіндегі деңгейлі тапсырмалар
жəне олардың жауап үлгілерін дайындау;
Əрбір оқушыға немесе топқа арнап үлестірмелі материалдар
əзірлеу.
Бақылау формалары:
1. Тестілеу (еске алушы тест, балама жауаптары бар тесттер,
сəйкестілік тесті, т.б.).
2. Сынақ.
3. Релелік сынақ.
4. Бақылау жұмысы.
5. Диктант.
Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту
емес, оқушының танымдық қабілетін жəне танымдық үдерістерді
жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны
қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін
арттыру.
Бастауыш мектепте əдеби оқу, қазақ тілі сабақтарын модульдік
оқыту технологиясы арқылы оқытудың басты ерекшелігі – бастауыш
сынып оқушыларының қарым-қатынасы арқылы тіл дамыту,
тұлғаның дамуына жағдай жасау; Оқушы + оқушымен + топпен +
ұжыммен + мұғаліммен қатынаста болуына жағдай тудыру.
Сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігінен күрделіге
қарай бірнеше іс-əрекет формалары ауысып отырады. Мысалы:
сабақтың басында сөздікпен жұмыс жүргізгенде жұптық неме-
се бекіту кезінде топтық форманы немесе жеке топтық жұмысты
қолданған тиімді. Топтарды ұйымдастыру кезінде оқушылардың
өзара қарым-қатынасын ескеріп, олардың бір-бірімен білім алмасуға,
жеке тұлғасын дамытуға ықпал жасауына көңіл бөлу қажет.
Əдеби оқу, қазақ тілі сабақтарында сөздікпен жұмыс бастауыш
сынып оқушысының тілін байытуда ерекше орын алады. Бұл жұмыс
оқушының сөздік қорын молайтып, тілін, ойлау қабілетін дамытады.
Сөйлесу сабағы оқушыларды тек қана қазақ тілінде ауызекі
сөйлеуге үйретіп қоймайды, оларды ойлау, талдау, сараптау жəне
қорытындылау қабілеттерін жетілдіреді.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс
түрлерінің бірі – сабақта мəтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру.
Бастауыш мектептің əдеби оқу, қазақ тілі сабақтарындағы мəтінмен
жұмыс (мазмұндама жазғызу, т.б.) дегеніміз – сабақта өтілетін
əртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
Дыбыстармен жұмыс;
Сөздіктермен жұмыс;
Сөздік қорларын жетілдіру;
Тіл дамыту;
Ережемен жұмыс;
Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
286
287
Мəтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:
мəтінді оқығанға дейінгі жұмыс;
мəтінмен жұмыс кезеңі;
мəтінді оқығаннан кейінгі кезең.
Мəтін алдындағы жаттығулар мен соған сəйкес жұмыс түрлері
мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін
мəтінде танып, айыра білу жəне əртүрлі құрылымдық материалдарды
(сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, т.б.) меңгерту.
Келесі мəтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мəтіннің тілдік
материалы мен құрылымы орындалады. Мəтін ішінен қажет
мəліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын
əртүрлі
тəсілмен
орындау.
Мəтінмен
жұмыс
былайша
ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мəтін бойынша
сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту,
негізгі жанама ойды топтастыру, қорытынды жасату.
Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мəтінді оқып,
түсініп, негізгі ойды дəптерде түсінікті етіп жеткізе білу.
Мəтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:
логикалық сұрақтар;
сөздік жұмыстар;
фонетикалық жаттығулар;
сөйлем құру;
мəтінге жоспар құру;
мəтінге ат қою;
диалог, ситуация құру;
мəтіннің мазмұнын жоспар бойынша жазу, айту.
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабақтарында мəтінді оқытудың
мынадай түрлерін сабақ үстінде қолдануға болады:
Дауыстап оқыту арқылы оқушының сөйлеу элементтерін
меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі – оқушылар
бірінің қатесін бірі естіп жəне түзетіп отырады;
Іштей оқу – бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң
оқу дəрежесін анықтау. Мысалы: оқушыларға іштей шапшаң оқу
үшін бір мəтін беріп, қай жерге дейін оқу керектігін белгілейді. Əркім
белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады.
Солай оқушылардың оқу шапшандықтарының мөлшерін анықтауға
болады.
Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану
бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттырып, оларды
ынталандырады, теориялық білімдерін тəжірибеде қолдануға
үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдалануға
болады. Біріншісі – сабаққа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту,
екіншісі – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу.
Сабақта қолданылатын ойындар: «Бəйге», «Кім жылдам?»,
«Кім тез табады?», «Ойлан тап!», «Жалғасын айт», «Полиглот»,
«Не, қайда, қашан?». Ойын барысында оқушының ойлау қабілеті,
тапқырлығы дамиды.
Модульдік технология мұғалімнің алдында тұрған көптеген
мəселелерді шешуге көмектеседі:
жалпы білім сапасын жоғарылату;
сабақтың тиімділігін жоғарылату;
дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау;
бастауыш сынып оқушыларының мақсаттарына жету
жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау;
жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тəрбиелеуі, өзін-өзі
дамытуы.
Модуль соңында əр модульге сəйкес эсселер жазу ұсынылады.
Жазған эсселер сынып алдында оқылып бағаланады.
М. М. Жанпеисованың модульдік технологиясы көптеген
жылдар ізденісте болған мұғалімдерге мынадай мүмкіншіліктер
ашып берді:
- өзінің кəсіптік шеберлігінің шыңдалуына жоғарғы деңгейге
көтерілуіне себепкер болды;
- тілді оқып-үйрену дағдыларын қалыптастыруда одан ары
жоғарғы деңгейге көтеруге болатын жолын көрсетті;
- оқу үдерісінің дамып жетілуіне мүмкіншілік берді;
Оқушыларға:
• интерактивті мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы қарым-қатынас
түрін берді.
• оқушыларға барынша еркіндік беріліп, өздіктерінен жұмыс
істей алатындықтарын дəлелдете білді. Оқушылардың өз іс-əрекетін
бақылау, бағалау мүмкіншілігі туды.
• оқушылардың пəнге деген қызығушылығы артты.
• өзін-өзі көрсету мүмкіншілігі туды.
Осы модульді пайдаланғанда оқушылардың тіл меңгерудегі
сенімінің жоғарлағаны, сөйлеу дағдыларының мейлінше еркін
288
289
бола бастағаны, берілген сұрақтарға жауап берулері терең, жүйелі
құрылатыны, əңгімелеуге деген ұмтылыстарының əлдеқайда жоғары
екендігін байқауға болады.
Енді 2 сыныптың қазақ тілі сабағында құрылған модульді
ұсынамыз.
Модуль: Жай сөйлем (10 сағат)
Бөлімі Сабақ
саны
Сабақтың мазмұны
Уақыты
Кіріспе
1-ші
сабақ
1. Модульдің құрылысымен,
мақсатымен таныстыру.
Лексикалық тақырыбы: Қазақстан 2030
стратегиялық бағдарламасы.
Грамматикалық тақырыбы: Жай сөйлем
түрлері.
1. Тірек сызбамен тақырыпты түсіндіру
2. Мəтінмен жұмыс
3. Сөздікпен жұмыс
4. Қорытынды, үйге тапсырма
2
Сөйле
су
бөлімі
2-ші
сабақ
Тақырыпты меңгерту
Қазақстан экономикасы. Хабарлы
сөйлем
1. Мəтінмен жұмыс
2. «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны
3. Жаттығу жұмысы
4. Сөздікпен жұмыс
5. Қорытынды, үйге тапсырма
2
3-ші
сабақ
Кəсіби шеберлік (қадрды жəне
құқықтанушы мамандығы бойынша).
Сұраулы сөйлем
1. Мəтінмен жұмыс
2. «Қазымыр оқушы» оқыта үйрету
ойыны
3. Қорытынды, үйге тапсырма
2
4-ші
сабақ
Қазақ халқының ата кəсібі. Лепті
сөйлем. Бұйрықты сөйлем
1. Мəтінді мазмұндап айту
2. Сөздікпен жұмыс
3. «Шеңбер бойымен əңгімелеу» оқыта
үйрету ойыны
4. Қорытынды, үйге тапсырма
2
Қорытынды
5-ші
сабақ
1. «Кім жылдам» оқыта үйрету ойыны
2. Грамматикалық тақырыпты бекіту
нəтижесінде «Тапқырлар» ойыны
3. Бір-біріне диктант жүргізу
4. Қорытынды
2
Қорыта келгенде, біздің ойымызша модульдік оқыту
технологиясы:
- бастауыш сынып оқушысы тұлғасының танымдық қабілет-
терін дамытуға;
- танымдық процестерін дамытуға;
- оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
- белсенді сөздік қорын, ауызша жəне жазбаша тілін дамытуға:
- тұлғаны қиындықтарға даяр болу жəне білу, қарым-қатынас,
ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі
өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға
ықпал етеді.
Өздік жұмыс тапсырмалары:
1. Модульдік оқыту технологиясына сипаттама беріңіз.
2. Модульдік оқытудың басқа оқыту технологиялардан
ерекшелігі мен айырмашылығын тірек сигнал түрінде көрсетіңіз.
3. Модульдік оқытудың мақсатын сипаттап, модульдік оқытудың
жүгінетін ғылыми идеяларын атаңыз.
4. Модульдік бағдарламаның құрылымын сызба түрінде
көрсетіңіз.
5. Модульдік оқытудағы мұғалімнің іс-əрекетінің жүйесін
саралаңыз.
6. М. Жанспейісова бойынша модульдік оқыту технологиясының
құрылымын сипаттаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны
дамыту құралы ретінде. /Аударған Д. А. Қайшыбекова. – Алматы,
2002.
2. Жанпеисова М. М. Модульная технология обучения как
средство развития ученика. //Алматы, 2008.
3. Третьяков П. Н., Сенновский И. Б. Технология модульного
290
291
обучения в школе. – М.: Новая школа, 1997.
4. Копжасарова М. Р., Нурахметов Н. Н., Аульбекова Г. Д.
Технология модульного обучения – //Халық тəлімі, 2002. – №1.
5. Дьяченко В. К. Новая дидактика. – М.: Народное образова-
ние, 2001.
6. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары.
Алматы, 2005.
7. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –
Алматы, 2004.
8. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту
құралдары. – Алматы, 2007.
9. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі
– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
10. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им.
К.Д.Ушинского, 2002.
11. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
12. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
13.2. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту технологиясы
Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын
қалыптастыра отырып, пəнге деген қызығушылықтарын арттыру
мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі
оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы.
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту
бағдарламасы – əлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім
берушілердің бірлескен еңбегі. Технологияның негізін қалаушылар
американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит.
Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшы-
лыққа алады.
Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстан
қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Оқу
мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29
мемлекетте қолданылады.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясының басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сыни
тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын
іске асыру, балаларға терең білім беру.
Қазіргі заманғы педагогикалық технология ретінде ең озық
əдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан
өнімді нəтиже шығара білу – əрбір ұстаздың басты міндеті.
RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда «Сын
тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының мақсаты:
барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан
қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім
қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың
ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген
бұл технология орыс жəне қазақ тілдерінде мектеп тəжірибелеріне
енгізілуде.
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды
қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл
септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға
қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен
қарау деп түсіндіреді авторлар. Сыни тұрғыдан ойлау – сынау емес,
шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға,
жоғарғы сынып оқушыларына ғана тəн деп ойлау аса дұрыс
емес. Бастауыш сынып оқушыларының да бұл жұмысты дұрыс
ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып,
белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Сыни ойлау – өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан жəне
шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады.
Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл
құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің
болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп
ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға
үйретеді.
Бұл технология мұғалімдерді несімен өзіне баурап алғандығын
бірнеше сұрақ-жауап ретінде көрсетейік.
Сын тұрғысындан ойлау дегеніміз не?
292
293
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»
бағдарламасы бойынша ол:
- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты
мəселелерге сын көзбен қарау;
- күрделі мəселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім
қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан
тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
«СТО-ды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?
• Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік
беретіндігімен.
•
Оқыту
мен
ұйымдастырудың
тиімді
əдістерінің
/стратегияларының/ көптігімен.
• Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.
«СТО-ды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан
қандай ерекшеліктері бар?
• Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы
/қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/.
• Негізгі үш кезеңінің маңыздылығы.
• Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.
«Оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлау» сабақтарында мына
мəселелерге назар аударылады:
1.
Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға
жағдай жасау.
2.
Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа
дағдыландыру.
3.
Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауапты соңына дейін
тыңдау.
4.
Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін
қалыптастыру.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең
бойынша қолданылады:
Қызығушылықты ояту ( «көпір жасау», ой қозғау);
Мағынаны тану (мағынаны ажырату);
Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады).
Білім берудің маңызды шарты оқу үдерісінде оқушылардың
қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын
дамыту болып табылады.
Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып
өтейік.
Қызығушылықты ояту. Үйрену үдерісі – бұрынғы білетін жəне
жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды,
түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,
кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған
мəселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан
басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына
тітіркенгіш арқылы əсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін
«Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау»,
«Əлемді шарлау», т.б. деген аттары бар əдістер (стратегиялар)
жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты –
үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену – енжарлықтан
гөрі белсенділікті талап ететін іс-əрекет екені даусыз. Оқушы
өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі,
тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның
ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте
қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы
ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші
кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа
ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсыр-
малар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік
көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша
жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның
бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу бары-
сында V – «білемін», ― - «мен үшін түсініксіз», + - «мен үшін жаңа
ақпарат», ? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу
тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық
етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір əңгіменің соңына
тез жету, оқығанды есте сақтау, мəнін жете түсіну – күрделі жұмыс.
Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау сал-
дарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.
Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған
кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер
білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға əзірленеді.
Бұл əрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында
көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
294
295
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі.
Күнделікті оқыту үдерісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,
өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз
ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.
Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен əсерлі түрде ой алмастыру, ой
түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың
əр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта
түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Əр түрлі
шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты
құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн
диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі»
сияқты стратегиялар əр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне
қарай лайықтала қолданылады.
Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нəтижелерге кол
жеткізеді:
оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді;
басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен
жəне түсіністікпен қарауға үйретеді;
өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;
керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның
дамуын қамтамасыз етеді;
ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге
ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың
белсенділігі өте жоғары болады.
kaz-news.ru | ekhut.ru | omsk-media.ru | samara-press.ru | ufa-press.
ru
Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Бастауыш мектептің
оқу үдерісінде қолданылатын стратегияларға түсінік берейік.
Джиксо – ұжымдық оқыту əдісі. Мақсаты – жалпы мəселені ал-
дымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда əрбір оқушы
бір сəт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі ар-
тады.
Əдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен
ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп
аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз
алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың
тақырыбы талқыланған соң осы мəтінді түсіну қажет екендігі
ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мəтіннің 1-бөлігін 1-лер,
2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады.
Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мəтіннің
тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя
топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мəтінді тұтас түсіну
əр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып,
өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады.
Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға
үйренеді. ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен
меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға
деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас
қалыптасады, саналы тəртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп
қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі. Оқушылардан дəптердің бетін
(не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен
бөлу сұралады. Мəтінді оқу барысында олар бөліктің оң жағына сол
жағына мəтіндегі қатты əсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.
Сол əсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді,
себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар, т.б.)
Əр оқушы мəтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң
жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде
мұғалім қорытуға арналған əзірлеп келген сұрақтарын қойып,
жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын
білдіруге лайықталып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
- Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
- Автор оқырманды қалай қызықтырады?
- Кейіпкерлердің іс-əрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.
Бұл əдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып,
жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай
жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ,
əдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды,
оқыған мəтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты
ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша
ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман
қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Еркін жазу. Бұл əдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы
сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім
296
297
сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған
əсерін, не үйренгенін, нені əлі де біле түсу керек екенін, т.б. жайлы
өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді.
Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін
таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға
болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап,
ойын түйіндеуге үйрететін бұл əдісті кез келген сабақта қолдануға
болады.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі
жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары
жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі.
Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып,
оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау
операциясын меңгереді.
РАФТ. Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады.
Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат,
өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мəтіннің
мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара
оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады,
қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға
жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.
Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мəтінмен жұмыс істей
отырып, мəтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады.
Бұл дегеніміз, оқудың барлық əдістерін меңгеру болып табылады.
Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған
сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың
сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін
біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.
Қосжазба күнделігі: мəтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір
жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан
дүниесін түсінуге тырысады.
«Эссе» стратегиясы бойынша өз ойынан əр түрлі пікірлер
құрастырып, оны дəлелдеуге үйренеді.
Сауалнама-интервью стратегиясы да жаңа білімді меңгертуге
үлкен септігін тигізеді. «Сауалнама-интервью» стратегиясы
бойынша өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары
бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытындылауға болады.
Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін
ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология
оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету
жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-əрекеттің жүйелі дамып
отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді.
Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.
Технологияның мақсаты – оқушылардың шығармашылық
ойлауын сыни тұрғыдан дамыту.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-
өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тəсілдер табуға ұмтылуы, ізденуі.
Шығармашылық қабілет əр баланың табиғатында болуы мүмкін.
Мұғалімнің міндеті – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан
мүмкіндіктерін ашып көрсету. Бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін, сабақта жəне сабақтан тыс уақытта
дамытуда СТО жобасының көптеген стратегияларын қолдануға
болады:
• Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа
пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/
• Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс
/эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар, т.б. стратегиялар/
• Əңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу,
мəтіндегі
ұқсастық
пен
айырмашылықты
табуға
/Венн
диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/
• Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/
• Кейіпкерге мінездеме беру, өз ойын жазғызу /авторға,
кейіпкерге хат жазу стратегиясы /
• Шығармада екі кейіпкердің қарама-қарсы элементтерін
сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/
• Өлең шумақтарын құрастыру /5 жолды өлең, Рафт стратегиясы/
Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту мақсатымен келесі жұмыстар жүргізуге болады:
• Мұражайға апару;
• Əр түрлі кездесудер өткізу;
• Əр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталас өткізіп, алған əсерлері
бойынша шығарма жазғызу;
• Балаларға арналған журнал-газеттерге жаздырып, оны сабақ
кезінде үнемі пайдалануға мүмкіндік беру;
298
299
• Əрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы
толық мағлұмат жинату, реферат жазғызу.
Оқушылардың
шығармашылығын,
ізденімпаздығын
қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар
ұйымдастыруда шығармашылық, пəндік апталықтар, пəндік
үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор.
Осындай жұмысты үнемі жүргізу оқушыларды шығармашы-
лыққа баулуға, шəкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін
байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор əсерін тигізеді.
Қорыта айтқанда, оқушының шығармашылық қабілеті практикалық
əрекеттері, іздемпаздығы арқылы дамиды.
Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуын ұқыпты
қадағалап, тəжірибе негізінде жинақтап, өсу динамикасын бақылап,
зерттеуге бастауыш сынып мұғалімдеріне мектеп психологының
көмегі көп тиеді. Психологпен диагностика жүргізіліп, мониторинг
жасалынып, қорытынды шығарылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту проблемасын
ұқыпты қадағалау, оқу үдерісінің тиімді болуында қандай көрініс
табады? Жалпы үлгерім, яғни олардың шығармашылық қабілетін
дамытуға бағытталған жұмыстар білім сапасына əсер етеді.
Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, əдепті, іскер, мейірімді
мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы
білім бере алады.
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту
технологиясы бойынша өткізілетін сабақ құрымын төмендегідей
көрсетуге болады:
Сабақтың мақсаты:
а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;
б) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мəселені зерттеу;
в) ой толғаныс – ойлау үдерісінің ең жоғарғы сатысында мəселені
талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу үдерісін
осындай үш сатыда ұйымдастыру.
Сабақтарда стратегияларды оқу бағдарламасына сəйкес бірізді
жүйелі түрде қолдануға болады. Сабақта жиі қолдануға болатын
əдістер мынадай:
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ – ой-толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу,
т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы
жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол
салынады.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде
оқушылар арасында:
- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-
қатынастың негізі қаланады;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
- бір-біріне құрметпен қарауға;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолда-
рын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады.
Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа
дейінгі жəне кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың
оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы
қасиеттердің
қалыптасқандығын,
мұғалімнің
шыдамдылық,
төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны
қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын
сабаққа ендіру бүгінгі таңда əрбір ұстаздың басты мақсаты болуы
керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай
алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл
азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай,
балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын
қарастыру да дəстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын
салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл
жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан
өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз
сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Əйтпесе, жаңа жүйенің
құны болмайды. Енді оқу үдерісін дəстүрлі əдіспен жəне RWCT
жаңа жүйемен өткізгендегі мұғалім мен оқушының іс-əрекеттерін
кесте түрінде көрсетейік.
300
301
Достарыңызбен бөлісу: |