Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет202/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

5 мин; 1 мин; 3 мин; 2 мин.
6. Дəнді жəне шөп-шалаң қалдықтарды қандай дəлдікпен өлшейді?
0,1%- ға дейін; 0,01%- ға дейін; 0,001%-ға дейін.
7. Астық өндірушілерден астық қабылдау кезінде шөп-шалаң 
қалдықтардың пайыздық мөлшері қанша болуы керек? 
1,0%-дан көп емес; 10%-дан көп емес; 5,0%-дан көп емес; 3,0%-
дан көп емес.
8. Астық өндірушілерден астық қабылдау кезінде дəнді қал-
дықтардың пайыздық мөлшері қанша болуы керек? 
10,0%-дан көп емес; 7%-дан көп емес; 15,0%-дан көп емес; 
20,0%-дан көп емес.
№6-зертханалық жұмыс
Тақырып: «Дəннің натуралық массасын анықтау»
Жұмыс мақсаты:
1. Натураны табу техникасын үйрену. 
2. Пурка жəне онымен жұмыс істеумен танысу. 
Тапсырма:
1. Екі дақылдың (бидай, сұлы) натурасын анықтау. 
2. Бұл дақылдардың натураларының айырмашылықтарын түсіндіру.
Құрал-жабдықтар:
1. Литрлік пурка;


264
2. Бидай мен сұлының орташа сынамалары салынған ожаулар
3. Тесік диаметрлері 6,0 мм болатын елек
Жұмыстың орындалуы:
Натура – белгілі бір көлемдегі дəн массасы, ол г/л бірлігімен өлшенеді. 
Натурасы көп болған сайын, дəн ірірек болып, оның құрамындағы эн-
досперм шамасы да көбірек болады. Натура мөлшеріне дəннің өлшемі, 
пішіні, дəннің беті, ылғалдылығы мен астықтағы қалдықтар əсер етеді.
Жеңіл органикалық қалдықтар натураны төмендетеді, ал ауыр 
келетін кесек, топырақ, тастар көбейтеді. Дəннің ылғалдылығы 15-тен 
жоғары болғанда көп жағдайда оның натурасы төмендейді. 
Натураны 1 литрлік пуркада стандарт бойынша анықтайды. Пуркада 
натураны анықтау алдында орта сынаманы тесіктерінің диаметрі 6 мм 
болатын електе ірі қалдықтардан тазартады да, мұқият араластырады. 
Пурка бөліктері орналасқан жəшікті горизонталь үстел үстіне қояды. 
Таразымен жұмыс істер алдында бір жағында өлшегіш жүгі бар, ал 
екінші жағында кіреге арналған табақшасы бар таразыны тексереді. 
Егер тепе-теңдік болмаса, пурка іске қойылмайды. 
Өлшегіш саңылауға пышағын орналастырады. Оның үстіне жүкті 
қояды. Содан кейін өлшегішке дəн толтыратын ыдысқа дəн толтыра-
ды. Воронканың жапқышы алдын ала жабылып, цилиндр дəнмен тол-
тырылады. Цилиндр мен воронканы толықтырғышқа орналастырып, 
воронканың жапқышын ашады. Пышақты тез, тербеліссіз өлшегіштен 
алып тастайды. Жүк түсіп, дəн өлшегішке толғаннан кейін пышақты 
қайтып салады. Өлшегіш пен толықтырғышты ұясынан алып, пышақты 
ұстап тұрып, пышақ үстіндегі артық дəнді түсіріп алады. Сығылып 
қалған дəндерді түсіріп, пышақты алады. Дəн мен жүгі бар өлшегішті, 
пышақсыз, 0,5 г дəлдікпен таразыға тартады. Екі параллель анықтау 
арасындағы ауытқу бидай үшін 5 г- нан аспауы керек, ал сұлы үшін 10 
г-нан аспауы керек.
Литрлік пуркада натураны анықтау кезінде дəнді таразыға тарту 
қателігі 0,5 г-нан аспауы керек.
Литрлік пуркада натураны анықтау кезінде алынған нəтижені дəннің 
сапасы туралы құжаттарда 1,0 г-ға дейінгі дəлдікпен қойылады.
Натураны анықтау кезінде алынған нəтижені жазу мысалы (арпа 
дəні үшін):
Бірінші анықтау Н1=682,5 г, қабылдаймыз 682 г.
Екінші анықтау Н2=685,5 г, қабылдаймыз 686 г.
Нақты ауытқу н.а.=686-682=4 г.


265
Рұқсат етілген ауытқу 5 г-нан аспауы керек.
Орташа натура Норт=(682+686)/2=684 г/л.
50-кесте
Дəннің натурасы

Дақыл атауы
Натура, г/л
Ауытқу
Орташа натура, г/л.
1
2
3
4
Тұжырым (бидай мен сұлының натураларының айырмашылығын 
түсіндір). ____________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет