Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет53/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

7.2. Сынама алудың ережелері
Квалиметрия ғылымында көрсетілгендей, астық сапасын анықтау -
дың ең бір басты негіздерінің бірі одан дұрыс сынама алу болып саналады.
Халықаралық стандарт пен мемлекеттік стандарттарда: «Сынама 
дегеніміз – азық-түліктен жəне басқа да жеке дара шығарылмайтын 
заттардан, оның сапасын анықтау үшін алынатын шағын ғана бөлігі», 
деген түсінік берілген.
Міне, осы алынған азғантай бөлік бүкіл астық партиясының толық 
сипаттамасын бере алуы керек. Бір партиядан бір қоспа сынама алына-
ды. Үлкен партиялардан бірнеше қоспа сынамалар алынып, кейін олар-
дан бір немесе бірнеше орташа сынамалар жасалуы мүмкін. Олардың 
қалай алыну тəсілдері кейінгі тақырыпта жəне зертханалық жұмыстар 
ережелерінде беріледі. Орташа сынаманың массасы 2 кг кем болмауы 
керек. Орташа сынама алу жауапты жұмыс. Егер мұны алу кезінде қате 
кетіп қалса, осы партияның сапасы дұрыс анықталмай, келешекте ол 
бұзылып кетуі мүмкін. Сондықтан əр астық партиясынан алынатын 
сынамалардың саны, алынатын орны, қанша жəне қалай алу керек 
екені «Астық қабылдау ережелері жəне сынама алудың əдістері» стан-
дартында жазылған. Ол барлық астықпен жұмыс істейтін мекемелерде 
бірдей орындалуға тиіс құжат. Орташа сынама нүктелік немесе қоспа 
сынамалардың белгілері бір бөліктерінен тұрады.
Орташа немесе қоспа сынама алу нүктелік сынамаларды алу-
дан тұрады. 
Нүктелік сынама
– бір партиядан немесе оны белгілі 
бір бөлігінен қуысқұлақпен, күрекшемен, сынама алғышпен, т.б. 
аспаптардың көмегімен астықтың бір нүктесінен алынатын кішігірім 
бөлігі. Оның көлемі сол аспаптың сыйымдылығына байланысты. Сы-
нама деген сөзді мысқал, шөкім деп ұғуға да болады.


88
Осы бір партиядан алынған нүктелік сынамаларды қосып, 
біріккен сынама жасайды. Біріккен сынамалардың бөлшектерінен 
орташа тəуліктік немесе орташа сынама алады. Астықтың сапалық 
көрсеткіштерін 2 кг-дық орташа сынамалардан бөліп алынған 
өлшемдерді талдау арқылы анықтайды. Олардың көлемі астық пен 
олардың арналған талдауларының түрлеріне байланысты болады. Ол 
өлшемдердің көлемі стандарттарда берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет