Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Негізгі дақыл жемістерінің сапасы



Pdf көрінісі
бет52/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

7.1.2. Негізгі дақыл жемістерінің сапасы
Астық қоспаларын орып-жинау, тазалау, кептіру, сақтау жəне 
оны өңдеу үдерістерінде, олар өздерінің табиғи қасиеттері мен сапа-
сын өзгертіп тұрады. Көп сақталған астық қартайып, өзінің алғашқы 
қасиеттерін төмендетуі мүмкін.
Астықтың технологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін: дəннің 
табиғи қасиетін, сапасын, ол сапаның көрсеткіштерін, бір сапалық 
көрсеткішін, сапалық көрсеткіштер кешенін, сапаның дəрежесін неме-
се шегін жəне оның дəл қазіргі хал-жағдайын осы астықтың өзіне тəн 
ұғымдарын білген жөн. 
Астықтың табиғи қасиеті 
деп осы дақылдан алынған астықтың 
ерекшеліктері оның пісіп-жетілу мерзімі, жинау, тазалау, кептіру, сақтау 
жəне тамақ өнеркəсібіндегі пайдалану ерекшеліктері тағы басқа да осы 
дақылдың өзіне тəн жəне өзіне меншікті ерекшеліктерін айтады.
Астықтың сапасы
– бұл кешенді көрсеткіш. Астықтың сапа-
сы оның пайдаланылатын орнына байланысты. Мемлекеттік стан-
дартта «сапа» деген сөзді өнімнің өзінің пайдаланылатын орнына 


86
жарамдылығын көрсететін барлық қасиеттерінің жиынтығы деп жазған. 
Сондықтан астықтың сапасы деп оның биологиялық, физикалық-
химиялық, технологиялық жəне əртүрлі тағамдар алуға жарамдылық 
көрсеткіштерінің жиынтығын айтуға болады. Ал тұқымға арналған 
астықты алатын болсақ, онда оның өнімділігі, тазалығы, саулығы, ал 
егер жемге арналған астық болса, соған жарамдылығын, ал техникалық 
қажеттерге арналса (спирт, сыра, май, т.б. заттар алуға), міне, осыларға 
жарамдылығын көрсететін көрсеткіштердің жиынтығын айтады.
Сапа көрсеткіші 
– астықтың бір немесе бірнеше сапалық 
көрсеткіштерінің мөлшері. Əр көрсеткіш өзінің өлшем бірлігімен 
(пайыз, грамм, т.б) өлшенеді. Астықтың сапасы бірнеше сапалық 
көрсеткіштердің жиынтығымен ғана өлшене алады. Ол жиынтық жеке 
көрсеткіштерден тұрады. Мысалы, астықты ұн тартуға жарамдылық 
қабілеті дəннің эндоспермінің көлемі, оның шынылығы, ақуызы 
мен сағызының шығымдылығы, олардың сапасы сияқты көптеген 
көрсеткіштердің жиынтығымен өлшенеді.
Тұрақты
(негізгі) сапа көрсеткіші – бұл көрсеткіштерді базалық 
көрсеткіштер (кондиция) деп атайды. Барлық көрсеткіштер осы меже-
лермен салыстырылып, бағаланады. Мысалы, астықты қабылдағанда, 
диқаншылардың тапсырған астығының массасы, оған төленетін 
ақшаның мөлшері мемлекет атынан анықталып, орталықтанған тұрақты 
шектерге байланысты жүргізіледі.
Тұрақты шектер
(базисная кондиция) деп əр облыстың жер жəне ауа 
райының жағдайына байланысты белгіленген орташа көрсеткіштерді 
айтады. Мысалы, ылғалдылықтың мөлшері 14 немесе 15%, 1 л дəннің 
массасы жұмсақ бидай үшін 750 гр, қатты бидай үшін – 750 гр, шөп-
шалаң қосындылары 1% дəндік қосындылары 5%-ға тең. Бұларды пай-
далану ережелері зертханалық жұмыстар тəсілдерінде берілген. Кон-
диция деген сөз Еуропа тілдерінен ауысқан шартты норма, сапалық 
шектік нормалар деген ұғым береді.
Сапа дəрежесі
немесе шегі дегеніміз – тұрақты шек деген сөздің 
түсінігіне жақын, əр көрсеткішті салыстырып баға беруге арналған 
шек.
Астықтың сапасын анықтауда оның қазіргі нақтылы жағдайын 
анықтау өте қажет. Оған астық шаруашылығында: оның ылғалдылығы, 
тазалығы, температурасы, пісу кезеңі, ескірмегендігі (жаңалығы де-
ген мағынада), тағы басқалар жатады. Мұның ішінде астықтың 
ылғалдылығы аса маңызды, кезек күттірмейтін көрсеткіш. Міне, осыған 
байланысты оның температурасы, ескірмегендігі өзгереді.


87
Астықтың қазіргі нақтылы жағдайы ауа райы мен сақтау орны-
на қарай өзгеріп тұрады. Ол көптеген басқа да табиғи жағдайлармен, 
оның ішінде тыныс алу үдерістерімен тығыз байланысты. Олар 
өзгерсе, астықтың сапасы да өзгереді. Осы көрсетілген түсініктерді 
пайдалана отырып, астықты қабылдау, сақтау жəне басқа жаққа немесе 
өңдеу кəсіпорындарына жөнелту кезінде орындалатын жұмыстардың 
түрі, оларды орындаудың барлық жерде де, мекемелерде де бірдей 
қолданылатын шартты ережелері жазылған стандарттар əзірленген.
Сапаны зерттеу жұмыстары барлық жерде бірдей шарттарға сəйкес 
жүргізілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет