7.4.2. Дəннің ұзыны, көлденеңі, қалыңдығы, ірілігі Дəннің сызықтық өлшемдері, ұзындығы, көлденеңі мен қалыңдығы,
оның ірілігінің бірден-бір белгісі. Дəннің ұзыны деп оның төменгі
ұрығының ұшынан бастап, жоғарғы шетіндегі сақалшаға дейінгі
аралықты, көлденеңі деп екі бүйірінің аралығын, ал қалыңдығы деп
оның арқасы мен ішкі сайы бар аралықтың өлшемдерін айтады. Бұл
өлшемдерді микрометр жəне басқа да аспаптар арқылы өлшеп немесе
ВНИИЗ сына тəрізді саңылаулы классификаторымен өлшеп анықтауға,
ал іс жүзінде өндірісте əртүрлі тесіктері бар елеуіштерді пайдаланып,
анықтауға болады. Егер ғылыми-зерттеу мекемелерінде осы өлшемдерді
қолмен өлшеп анықтаса, онда оны математикалық статистика əдістері
арқылы есептеп дұрыстығын табады.
Əдетте, ірі дəн ұн, жарма сияқты дайын шикізаттар көбірек береді.
Олардың эндоспермі үлкен, ал қабыршақтары аз болады.
5-кесте