башқұрт
ауыз
хөйлә
қыш
теш
қырғыз
өөз
сүйлөө
қыш
тиш
өзбек
оғиз
суйла
қиш
тиш
ұйғыр
егиз
сөзли
қыш
тиш
татар
авыз
сөйлә
қыш
теш
түрікмен
ағыз
сөзлә
гыш
диш
түрік
ағыз
сөйле
кыш
дис
тува
аас
сөгле
қыш
диш
Тарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі
күн ге қажетін табуға ұмтылу – барлық халықтарға тән дәстүр.
Әрі халықтың бақбеделін, абыройын көтерумен бірге, мыса
лы, жоғарыдағы кестеге қарап қазіргі қазақ тіліндегі «ас», «сөз»
сияқты сөздердің фонетикалық, лексикалық өзгеріс қалпын да
тануымызға мүмкіндік туады.
15
Халық өз тарихын ертеден есте қалдырып, ұрпақтанұрпаққа
мұра етіп отырған. Соның үздік үлгілерінің бірі – әр ата, әр ру, әр
жүз шежіресі мен аңызәңгімелері.
Қазақ тілінің де тарихы тереңнен тамыр тартады. Есте жоқ
ескі замандар ізін халық тілінен табамыз. Ендеше қазақ ұлты
да өзінің бай қазынасы сақталған халық тілінің сырсазын та
нып, оны арғы, бергі, бүгінгі мұрамен, әдебиет, дәстүр, мәдениет,
өнермен, сабақтастыра алғанда ғана әлемнің рухани құндылықтары
қатарында өз қолтаңбамыз қалады.
5-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар. Аудармасын түп нұсқамен
салыстырыңыздар.
1. Едгүті есід қатығды тыңла. 1. Мұқият тыңда, терең ұқ.
2. Ырақ ерсерйаблақ
ағы бірүр.
Иағұқ ерсер едгү
ағы бірүр
2. Жырақ тұрғанға –
жаман сыйлық.
Жақын тұрғанға –
жақсы сыйлық.
3. Ашық тосық өмезсен
Бір тодсар ачсық өмезсен.
3. Аштықта тоқтықты білдірмейсің,
Бір тойсаң аштықты білмейсің.
4. Ару обуту иіг.
4. Өлімнен ұят күшті.
5. Иуйқа ерікліг
топла – ғалу үчүз.
Иінчге ерікліг үзгелі үчүз.
5. Жұқаны таптау – оңай,
Жіңішкені үзуоңай
(«Күлтегін»,
«Тоныкөк» ескерткіштеріен)
6. Емгексізін тұрғұ иоқ
мұнда тамұ
6. Бейнет шекпей тұру жоқ
мұнда бекер
7. Едзгүлүкүг көрмедзіп
ажұн шықар.
7. Ізгілігін көрместен
дүние өтер!
8. Құш иафұзы сағзыған,
Иығаш иафзы ұ азған,
Иер иафузы қазған,
Бұдұн иафұзы барсған
8. Құс жаманы – сауысқан,
Ағаш жаманы – азған,
Жер жаманы – қазған.,
Ел жаманы – барсған.
(М. Қашқари «Түркі сөздігі»)
16
6-жаттығу. Қазіргі қазақ тіліне аударып жазыңыздар. Қандай дыбыс
тардың өзгерісін байқадыңыздар.
1. Іт үрэдір. Қой маңрайдыр. Сыр мүңрейдір. Иылқы кишіней
дір. Таох чақарадыр. Бөрі улуйдыр.
2. Алай айтылар: Шүкүр, барчадан бейік теңрігэ.
3. Сенде, мендэ йоқ, сенгір тавда йоқ, утлу тасда йоқ, қыпчақда
йоқ (ол құс сүт дір).
4. Үзун ағач басында улу бітік бітідім [кесэн].
5. Бес баслы елчі келиүр [Ол етікдэ бес бармақ].
6. Иазда (қырда) йавлы тоқмақ йатыр [ол кірпі дір].
7. Ічер, иер, ініна кірер [Ол бычақ дыр].
(«Кодекс куманикус»)
7-жаттығу. Ж. Баласағұнидың «Құтты білік» шығармасындағы тіл жайын
да айтылған даналық ойларды қазіргі тілдегі мағыналас мақалмәтелдермен
салыстырыңыздар. Қазіргі тілден ұқсас мақалмәтелдер табыңыздар.
Үлгі: 159. Тіл кісінің абыройын арттырады, бақыт әпереді.
Тіл кісінің беделін түсіреді, басын жарады («Құтты білік»)
Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады (Мақал).
162. Мені тіл аса көп азапқа салды.
Басым кесілмес үшін тілімді кесейін.
163. Сөзіңді күзет, басың кетпесін.
Тіліңді күзет, тісің сынбасын.
167. Тауып сөйлеген сөз білгенге саналады.
Білімсіздің сөзі өзінің басын жейді.
169. Көп сөйлеме. Аз сөйле бірер [ғана].
Мың сөздің түйінін бір сөзбен шеш.
173. Тіліңді күзетсең, басым күзетілді [де].
Сөзіңді қысқа етсең жасым ұзарды [де].
(Аударған Б. Сағындықов)
17
8-жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтап, құрамына
талдау жасаңыздар.
1. Жасыл байтақ жері бар.
Айдынды шалқар көлі бар.
2. Аламанға дем берген.
3. Ханның ұлы қарауыл,
Бектің ұлы бегауыл,
Хан жігіті жасауыл («Қобыланды батыр»).
4. Керегем менің кертулі,
Кертіліп отқа жағулы.
Туырлығым менің тілулі,
Тіліп тоқым қылулы («Қарабек батыр»).
5. Мен ақ сұңқар құстың сойы едім,
Шамырқансам, тағы кетермін.
Кетпей де нешін етермін? (Махамбет)
6. Көлдерде қулар шулайды –
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды (Шалкиіз).
7. Ішім – толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
(Абай)
9-жаттығу. Сөйлемдерді үлгі бойынша толықтырып, көркемдеп
жазыңыздар.
1. Балалар ән шырқады. 2. Қоңырау соғылды. 3. Айбек өзен
жағасында тұр. 4. Бақшада гүлдер көп. 5. Ақ лақ сүйкімді екен.
18
10-жаттығу. Мәтінді оқып, негізгі түйінін айтыңыздар. Ғалым ойын
өздеріңіз қалай жалғастырар едіңіздер.
...Қазақта жазу, сызу болмаған соң, жалғызақ табиғаттың за
конына ерген, сондықтан тіл азбаған. Өзгелер табиғатты зор
лап, емлеге таңып, тілін аздырған. Мәселен, «малдар» деп ай
тып көріңіз, «маллар» деп айтып көріңіз. «Малдар» дегенде тілде
кідіріс жоқ, тек жеңіл өте шығады. «Маллар» дегенде тертеге
оралған шыбыртқыдай тілімізді қақитып алуымыз қиын. Бұл
орынсыз жерде тұрған «лдың» айтуға кемшілігі, естуге кемшілігі
тағы бар. «Малдар» дегенде тіліміз таңдайға тірелмей, тиіп кәне
өтеді, «маллар» дегенде тіліміз таңдайға тіреліп, аузымыздың
қуысын бітеп тастайды. Қамаудағы дыбыс пен ашықтағы дыбыс
екеуі бірдей болмайды. Ашықтағы дыбыс ашық, көркем шығады.
Қамаудағы дыбыс ажарсыз шығады.
(А. Байтұрсынов. «Тіл тағлымы»)
терте – арба, шананың көлік жегетін жетек ағашы.
шыбыртқы – арба, шана көлігіне, мал айдауға арналған, кейде
өріп, кейде өрмей жасаған ұзын қамшы.
11-жаттығу. Сөздерден сөз тіркесін жасаңыздар.
Үлгі: шегір көз, оқалы камзол.
1. Шегір, оқа, лауазым, лебіз, манат, ойпаң, өктем, перне,
рухани, сонар, сәйгүлік, сүліктей, сүрме, сырғауыл, танымал,
доғал, ғибрат, дода, күңгірт, етжеңді, бап, бөктергі.
12-жаттығу. Көшіріп жазыңыздар.
Ұлжан Алшынбайдікіне көп қазына әкелді. Келген жылқы,
түйеден басқа жыртыстың бұлматасының өзі екі үлкен атанға
артылып келіп еді. Оның ішінде келінге жасау тігілетін батсайы,
мақпал, манат, дүрия, шағи – құдақұдағилар сыбағасы. Шапан,
19
кемзал, көйлек, шаршы. Және толып жатқан ырымдар бойынша
төленетін сыйсыяпат.
Қалыңмал басы – Алшынбайдың өзіне арналған кесек күміс
бесік жамбы. Бұл ілу деп аталып еді.
Екі жаққа да мәлім ілу киітке орай. Осыдан он жыл бұрын
Алшынбай аулына Құнанбай кеп құда түсіп, Ділдәні Абайға
айттырған уақытта, бас құда Құнанбайға киіт деп Алшынбай
аулы күміс тартқан. Ол күмістің аты – тайтұяқ, мына бесік жам
быдан кіші еді. Тегінде есептесіп келсе, әдет бойынша, ілу мен
киіт құн жағынан қаралас болатын. Бірақ Құнанбай оны есеп
темей, Алшынбайға өз бергенінің дәл өзін жібермепті. Абайдың
бұл келісі: ұрын келу деп, жыртыс сала келу деп, кейде есік көре
келу, қол ұстау деп те аталады. Ең алғашқы келіс – осы. Өзге
келістердей емес, күйеу бұл жолы алғашқы күндерде талай нәрсеге
көндіге білу керек. Сол өзгешеліктің үлкені – қалыңдықты оңай
көрсетпеу. Екі жақтан табысқан атаана әуелі осы келудің үлкен
тойын жасау керек. Той оңай емес. Көп қиын қаммен, асықпай
істеледі. Сол тойдың артынан барып қана қол ұстау кеші болады.
Сүйтіп, Абай алғашқы күн ғана емес, тағы екі күн өткенше де өз
қалыңдығы қандай екенін, кім екенін көре алған жоқ, білген жоқ.
Бұлар келген күннің ертеңінде Ербол ғана барып, Ділдәға аман
дасып, жүз көрісіп қайтты. Қалыңдықтың түсін, отырысын Ербол
айтқысы кеп еді. Ол өзі Ділдәнің ажарына қатты ырза боп, сүйсініп
келген. Бірақ Абай айтқызбады. Сөзді басқа жаққа бұрып кетті
(М. Әуезов)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ұлттық дәстүр лексикасына қатысты сөздерді тауып, мағынасын
анықтап, мәнін ашыңыздар.
2. Ұлттық киімдер атауларын теріп жазып, қатарын толықтырыңыздар.
3. Бұл, матаның тағы қандай түрлерін білесіздер.
шаршы –
жыртыс –
жамбы –
20
бесік жамбы ілу –
тайтұяқ –
киіт – құдақұдағиларға киімкешек түрінде берілетін сыйлық.
13-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар. Бұқар жырау ғаламтабиғат
қоғам қатынастарын адам тұрмыс, тірлігімен қалай сабақтастырады? Жырау
ойын жеткізуде қандай тілдік тәсілдерді қолданады? Жауаптарыңызды жыр
жолдарындағы лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тілдік тәсілдермен
дәлелдеңіздер.
Айналасын жер тұтқан
Айналасын жер тұтқан
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе азайып,
Көл суалмас демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан
Дәулет таймас демеңіз.
Жарлыны жарлы демеңіз,
Жарлы байға тең келіп,
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз.
Жалғызды жалғыз демеңіз,
Жалғыз көпке теңеліп.
Бір жаһанда соғысып,
Кегін алмас демеңіз.
Құландар ойнар қу тақыр
Қурай бітпес демеңіз.
Қурай бітпес құба жон
Құлан жортпас демеңіз.
Құрсағы жуан боз бие
Құлын салмас демеңіз.
Қулық туған құлаша
Құрсақтанбас демеңіз.
Қу таяқты кедейге
Дәулет бітпес демеңіз.
21
Тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері
Тіл – адамзат қоғамындағы ортаны біріктіруші, ұйымдастырушы.
Ендеше тілдің негізгі қызметі – қоғам мүшелерінің бірбірімен
сөйлесу, пікір алысу, арасын жалғастырушы қызметін, яғни қазіргі,
бүгінгі, келешек арасына дәнекер болатынын да еске алатынымыз
сөзсіз.
Тілдің, сөздің осындай қызметтерімен бірге халық жанында
сөз киесі, сөз дауасы, сөз құдіретін, қасиетін құрмет тұтар тыйым
сөздер, мақалмәтел, даналық ойлар, сөз тіркестерінің де қолданар
орнына қарай өз ерекшеліктері сақталған.
Қазақ халқы «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді. Жақсы тілек,
игі ой адамды бақытқа жеткізеді деген түсінікті ашады. Мақал
мәтелдер – осының айғағы. Жақсы сөз естіп, білгір жанмен әңгіме
құрса, «бір жасап қалдым» деген.
Қазақ халқы бірбірінің қуаныш пен қайғысына, шаттық пен
мұңына ортақтасып отыруды парыз санаған. Қуанышқа құтты
болсын айтып, қайғымұңды сөзбен, тіл күшімен сейілтуді дәстүр
еткен.
Халықта барлық қызық пен қуаныш, қайғы мен зар сөзбен
өрнектелсе, даудамай, ұрыс «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні
мен» шешілген.
Қазақ тіліндегі ұлттық дәстүр, тағылым, таным сипатындағы
сөздер қоғамның түрлі сатысында алуан жағдай, жайға қарай
үлкен қызметтер атқарған. «Айтылған сөз – атылған оқ» деген
халық қағазға түспесе де, хатқа жазылып басылмаса да, кесімді
уәжді, қорытылған тұжырымды заң деп қабылдаған. Тілдегі сөздің
осындай ерекшеліктерін ескеріп, қоғамдық қызметін шартты түрде
төмендегідей негізгі топтарға бөлуге болады.
• Даудамай, ұрыс, қақтығысты шешетін сөздер (шешендік
сөздер, билер дауы)
• Сенім, күш, айбын болатын сөздер (сыйыну, табыну сөз дері)
• Ем, дауа, тән жарасын жазар сөздер (аластау, бәдік, түрлі ау
руларды емдеу кезінде айтылатын сөздер)
• Өткенді екшеп, болашақты болжар сөздер (бал ашу, құмалақ
салу, қобыз ойнау, т.б.)
22
• Тілек, жақсылыққа арналған сөздер (бата, тілек, алғыс)
• Тыйым сөздер, қарғыс сөздер
• Жан жадыратып, көңіл қуаныш өсірер; қуаныш әкелер сөздер
(қошемет, қоштау)
• Есе қайырып, кек қуып, намыс оятар сөздер (аруақ шақыру,
атабаба аруағына сыйыну)
• Қуаныш, қайғыға ортақтасар сөздер (құттықтау, көңіл айту)
Қызметтеріне қарай түрлі орындарда қолданылатын сөздер,
көркемдік бояуымен, нақты, белгілі ортада қолдану өрісі, айтылу
саз, әуенінің бөлектігімен айшықталады.
Қазақ халқы осы арқылы сөздің қоғамдықәлеуметтік орнын
белгілеп қана қоймай, психологиялық, философиялық, танымдық
мәнін де ашқан.
14-жаттығу. Мәтінді оқыңыздар. Тапсырмаларын орында ңыздар.
Бірде Құнанбай, Алшынбай, Мұса үшеуі бірігіп, ел арасында
даулы мәселелер көбейіп кетті, барымта жиі қайталанатын бол
ды деген себепті желеу етіп ел жинап, мәслихат өткізбек бола
ды. Дуанбасылар шақыртқан соң халық жиылады. Халықтың бас
аяғы түгел жиналып болғанымен, дуанбасылар келе қоймайды.
Шілденің аптап ыстығында Жанқұтты шешен дуанбасыларды
күтеді. Осы уақытта Жанқұтты келмейтін болды деп халықты та
ратып жіберіп, өзі үшеуінің алдынан шығады.
Алшынбай тұрып:
– Е, Жанқұтты, халық жиналды ма? – депті.
– Халық жиналмақ түгілі, жиылыс бітіп қойды. Сіздер кешік
кеннен кейін сырқаттанып қалды ма деп, жиылыста қаралатын
төрт мәселенің біреуін өзім шешіп, үшеуін үшеуіңізге қалдырып,
кейін бір кезі келгенде айтар деп, халықты таратып жібердім, –
депті Жанқұтты.
– Оның да дұрыс болған екен, бізге қайсысын қалдырдың, –
деп ті Алшынбай.
Сонда Жанқұтты тұрып:
23
– Мұсажан, асықтың қаржысының билігін саған қалдырдым,
Алшеке, тақыр жердің билігін саған қалдырдым, Құнанбай, ақ
тобық аттың шабысының билігін саған қалдырдым, – деген екен.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мәтінде аты аталған Мұса, Алшынбай, Құнанбай, Жанқұтты туралы
не білесіздер?
2. Барымта, желеу етіп, дуанбасы, аптап сөздерінің мағынасын
анықтаңыздар.
3. Жанқұтты шешеннің дуанбасыларға қалдырған билігін таратып ай
тып беріңіздер.
15-жаттығу.
1. Бесікті аластау
Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, пәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас.
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Көш, көш, пәлесі,
Келді, міне, егесі.
Аталарың ақырса,
одан қорықпа,
Аналарың, ағаларың шақырса,
одан қорықпа.
Сылдыраған бұлақтан қорықпа.
2. Бұлт шақыру
Ат басындай ақ бұлт ...
Қой басындай көк бұлт...
Қоғалы көлдер құрыды,
Құба жондар шөлдеді.
Қолдан қара жауын бер!
Жандай досым, ақ бұлт,
Омыраудан соқ бұлт!
Ескек желді сұр бұлт,
24
Еріктірмей жете көр!
Тасқындасаң тас жаудыр,
Қаһарлансаң қар жаудыр,
Буырқансаң мұз жаудыр,
Мұздай темір құрсандыр!
Кел бұлт, кел бұлт,
Екі енеге тел бұлт!
Арнау жыры
Кер, кер, кер жылан,
Кереге басты мер жылан
Бір жылан бар – сұм жылан,
Бір жылан бар – сұр жылан.
Бір жылан бар – жеті жылғы ту жылан,
Құралай таудың басынан
Қуып келген қу жылан.
Пайғамбарлар демінен
Дегелек келді, шық жылан.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Сөздердің мағынасын жазып алыңыздар. Кейінгі сөздердің мағынасын
тауып жазыңыздар.
2. Үш мәтінге ортақ ерекшелік не?
3. Бесікті неге тілден, көзден аластайды?
4. Ұшықтау туралы не білесіздер? Ұшықтаудың аластаумен байланы
сы бар ма?
5. Бұлттың қандай түрлері айтылған?
6. Аластау, шақыру, арбау жырларының басқа қандай түрлерін біле
сіздер?
16-жаттығу. Сөйлемдерді топтопқа бөліп жазыңыздар.
1. Бүйіріңді таянба! 2. Қайырлы, құтты болсын! 3. Басқа
амандық, денге саулық берсін! 4. Алды ашық екен. 5. Көсегің
25
көгерсін! 6. Азамат бопты деген осы! 7. Екі бүйірінен қысып бара
ма, қалай?! 8. Тізеңді құшақтама! 9. Көкті жұлма! 10. Бағың жан
сын! 11. Тілегің қабыл болсын! 12. Жолың болсын, жолдасың
Қыдыр болсын! 13. Маңдайы жарқырапақ тұр екен! 14. Қуатым
ау, тілкөзден сақтасын, адам болғаныңнан, айналдым. 15. Бауы
берік болсын, өмір жасы ұзақ болсын! 16. Шаңырағы биік,
босағасы берік болсын! 17. Киімді желбегей жамылма! 18. Малды
басқа ұрма! 19. Иә, оңдай бер, жол түсіп тұр ғой. 20. Саусағыңды
шошайтпа!
1. Тыйым сөздер:
2. Тілек сөздер:
3. Бата:
4. Болжау, жол ашу сөздері:
5. Қошемет, сүйсіну сөздері:
17-жаттығу. Мәтінді оқып, жоспар құрыңыздар, мазмұнын айтыңыздар.
Ұлт мінезі мен өнерінің (ауыз әдебиеті үлгілерінің) даламен үйлесімділігі
жайында не айтылған?
Оңтүстік Сібір тайпаларының
тарихы жөніндегі заметкалар
(үзінді)
...Егер Гомердің ертегі жырлары мен Геродоттың халық аузы
нан естіп жинаған аңыздары қаншалықты тарихи қастерлі бол
са, егер бұрмаланған, шексіз аңыз атаулының негізінде оқиға мен
шындық болса, онда өздерінің атабабаларының тұрмысын бейне
лейтін және салыстырған кезде тарихи нұсқалармен бәрбәрінде
үйлесетін қазақтардың жағымды және дәйекті аңызжырларының,
олардың өмір салтының, әдетғұрыптарының, сондайақ қазіргі
үлгіөнегелерінің тарихи маңызға ие болуы күмәнсіз. Қоғамның
бүкіл көпшілігінің сезінуіне, өмірі мен процесіне байланысты
таза халықтық ақылой туындылары ретінде, ақыр соңында, бір
адамның атынан айтылғандай бүкіл халықтың аузынан тараған
26
туындылар... ретінде бұл аңызжырлар тарихи да, филологиялық
та, психологиялық та ынтаықыласқа лайықты.
Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір
нәрсе бар... Сахарада тынысыңыз бір түрлі кеңейіп, ойөрісіңіз
де қанат жаза түседі, онда етекжеңді кеңге салып, емінеркін
жүресіз. Ұшықиыры теңіздей шексіз даланы неше алуан шөп ба
сып, үлбіреген нәпнәзік гүлдер бейне жасыл дастарқандай боп
жайылады... (Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік жанға жай
лы бір сыр бар...)
...Қазақтар өздерінің көне аңыздары мен нанымдарын сонша
ма балауса күйінде сақтап келгеніне таңтамаша қаласыз, бүкіл
шексіз даланың шалқар шетінде, әсіресе өлеңқиссаларының
бірдей үндесуіне одан бетер таңтамаша қаласыз және оларды
салғастырып қарар болсаңыз түпнұсқасы егіздің сыңарындай ба
рабар келеді.
Халық аузындағы нақыл сөздері зерттеудің этнография үшін
маңызы бар, өйткені халықтың тұрмысы мен әдетғұрпы ондай
сөздерден айқынырақ көрінеді.
(Ш. Уәлиханов)
18-жаттығу. Тыйым сөздерді төмендегі үлгі бойынша топтап
жазыңыздар.
1. Үлкеннің алдын кеспе. 2. Жағыңды таянба. 3. Суға түкірме.
4. Тізеңді құшақтама. 5. Бүйіріңді таянба. 6. Түнде суға бар
ма. 7. Малды басқа ұрма. 8. Қу таяқ таянба. 9. Шашыңды жай
ма. 10. Сырт киімді желбегей жамылма. 11. Босағаны керме. 12.
Саусағыңды шошайтпа. 13. Күлді баспа. 14. Таңдайыңды қақпа.
15. Табалдырықты баспа. 16. Ошақтағы отты өшірме. 17. Кір суды
баспа. 18. Аяқ киімді төрге шығарма. 19. Бас киімді жерге таста
ма. 20. Бетаузыңды қисаңдатпа. 21. Тіліңді шығарма. 22. Ерніңді
шығарма. 23. Үлкеннің сөзін бөлме. 24. Көкті жұлма. 25. Көкті бас
па. 26. Айға қолыңды шошайтпа. 27. Асты аттама. 28. Нанды бас
па. 29. Басыңды шайқама. 30. Киімді теріс киме. 31. Отқа түкірме.
35. Кісіні аттама.
27
Таным түсінікті білдіретін тыйым сөздер: Түнде суға
барма.
Салт-дәстүрге қатысты тыйым сөздер: Үлкеннің алдын
кеспе.
19-жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашыңыздар.
Ауыздығымен алысқан тор төбел де ыршып кетті. Дала сыры
на қанық қу бала Еркебұланмен қатарласа беріп:
– Қасқыр шоқаққа салыңыз... Сонда ат дүбірі естілмейтін бо
лады, – деді.
Бұлар жолдан бір шақырым алыстамайақ қуғыншылар қала жо
лымен ағып өтіп кетті. Содан кейін қуғыншылар да, қашқындар
да біріненбірі адасып қалды.
Ана белдің астында деген қыстауды Қайсар әлі таба алмай
келеді. Улыкөл де жоқ, Қисық там да жоқ. Түн қараңғылығы
қоюлана түсті. Қалай кетіп барады, бет алыстары қай жақ, оны
екеуі де біле алмай келеді. Қайсар адасқанын сезінген сайын
қысылып, қысылған сайын тақымын да қысыңқырап қоятын
сияқты. Меңіреу дала бір дыбыс бермейді. Бір от жылт етпейді.
Аспаннан да бір жұлдыз жылт етпей қойды.
– Аға, мен адастым.
– Ештеңе етпес. Таң атқанша бір елге кездесерміз. Енді қасқыр
шоқағыңды қойып, сары аяңмен отырайық. Әйтпесе, жапан
түзге шығып кетерміз... Мына торы ат сол жағына қарай ығыса
береді. Осының еркіне жіберсек, бір ауылға апармас па екен?
Қосарлана шапқан ат дүбірі қақ жолға түскен соң тіпті
айқындалып келеді.
– Ойбау, мынау ырсылдақ – қараның шабысы! Ол жет
пей қоймайды. Иттің малы, алдынан келсең – тістеп, артынан
келсең – теуіп, жолатпап еді! Екі қолтығында екі тесігі бар...
Ентігу дегенді білмейді! – деді Қайсар.
– Тесігі бар деген немене?
– Кәдуілгі дем алатын ше! Оны жұрттың бәрі біледі.
– Енді қайттық.
28
Тірі адамның жүзінде де екіүш түрлі сезімнің белгілері бола
береді екенай! Байғұс бала неден қорқып, неден қуанды екен? Аз
күлімсіреген көзіндегі мұң елесі неден түсті екен? Өзімшіл көңіл
«сен үшін қорықты, сен үшін қуанды» дегісі келеді. Ақын ойын
аяқтатпай, Қайсар бөліп кетті.
– Аға, жырық қараны бауыздап жібердіңіз бе? – деді.
– Ә?..
Бала жігіттің батыл сұрағына Еркебұлан таңданып қалды.
– Жырық қараны деймін, бауыздап жібердіңіз ғой?
– Жоқ, алақанның қырымен ұрдым.
– Содан өліп кетті ме?
– Өлген жоқ, талып кетті... Бір минутқа жетпей есін жияды.
– Қап!..
– Неге, қап?
– Өліп кеткені жақсы болатын еді. Ол – талайды өлтірген жол
тонаушы. Найзамен бірақ түйрейді екен. Бірақ енді ол ақсақ бо
лып қалатын шығар... Тақымына от жабысқанын сезген жоқ.
Сіңірі күйсе болды ғой!...
(Ғ. Мүсірепов)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Кейіпкерлер атының жүрісін, түртүсін, мінезін білдіретін сөздермен
сөз тіркестерін табыңыздар.
2. Алдыда болар қауіпқатер, қиындықты жанжануар, хайуанаттардың
сезуі, белгі беруі жөнінде не білесіздер? Оны қалай атайды?
3. Сол жағына ығыса беру тіркесіне мағыналас сөздер мен сөз тіркес
тері қатарын толықтырыңдар (мысалы: ауыздығымен алысу, құлағын жы
мырайту, т.б.).
4. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашыңдар.
қасқыр шоқақ –
қыстау – қыста тұратын үй, мекен, тұрғылықты орын
Достарыңызбен бөлісу: |