Оқулық Алматы, 2014 Əож 631. 67 (075. 8) Кбж 40. 6 я73


Науадан құрастырылған суғару желісі



бет38/45
Дата30.03.2020
өлшемі20,16 Mb.
#61059
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Байланысты:
mustafaev auylsharuashylyk (1)
meliorat. mroz-18-1 zem.na kaz

Науадан құрастырылған суғару желісі


Суғару арықтардың ойыс жерлермен өтетін телімдерінде, тұтас- қан тас, судың сүзілуі жоғары жəне отырмалы топырақтарда, қия беткейлі, опырылуға бейім жерлерде, көлденең қимасы 3 м3-қа дейін жететін арықтарды бетондаудың орнына, арықтардың басшылығын қамтамасыз ету жəне суғару желісінің пайдалы əсер көрсеткішін жоғарылату мақсатында құрастырылатын темірбетон арықтарды – науадан құрастырған ыңғайлы.

Науадан құрастырылған суғару желілер жер телімінің көлбеулігі 0,002-0,0005 аралығында қолданылады.

Суғару желісін құрастыруға пайданылатын наулардың құрылым- дық өлшемдері, яғни ұзындығы 5-8 метр қолтықты немесе қолтықсыз болып бөлінеді. Əдетте олардың қимасы парабола, эллипс неме- се жартылай дөңгелек болып келеді. Науалардың қабырғасының қалыңдығы 5-8 см құрайды. Өндірісте шығарылатын науаның терең- дігі 30, 40, 60, 70, 80, 90, 100 жəне 120 см.



Басшылық жағдайларында жəне топырақтардың жүк көтермелік қабілетіне байланысты науаларды плиталарға, бағаналы немесе қа- зықты тіректерге орналастырады (118-сурет).




    1. сурет. Параболалы қималы науаның құрылымдық сұлбасы а – қазық тіректегі; б – бағаналы тіректердегі; в – топыраққа қойылған; 1 науа; 2 – қазық; 3 – қалыңдыңғы 1-2 см цементті ерітінді; 4 тірек;

5 – цементті ерітінді; 6 – іргетас плита; 7 – қалыңдығы 6-8 см құмдақ-қиыршақ тасты төсеніш; 8 тіреу плита, өлшемдері метрмен

Науаларды тіресіз плиталарға немесе қазықтарға орналастыру тұтасқан тас немесе малта тасты жерлерде жүзеге асырылады. Ба- ғаналы тіректер, қазық қағуға болмайтын немесе қазықтар қиын қағылатын ауыр топырақтарда қолданылады.

Екі ұшы да тегіс болып келетін науалар бір-бірімен ершіктің көмегімен жалғанады, ал бір ұшы қолтықты болып келетін науалар қолтықтың көмегімен, қолтыққа келесі науаның тегіс ұшы кіргізіліп жалғанады. Жіктің суды өткізбеуі жəне серпімділігі науалардың жəне ершіктердің немесе қолтықтардың жалғану тұстарына күйе сіңдірілген кендір жіп буамасын, 2-2,5 см дөңгелек резина, пороизол қаптамасын салц арқылы қамтамасыз етіледі.

Жіктерді сапалы жалғастырғанда науалы арықтардың пайдалы əсер көрсеткіші 0,97-0,98-ге жетеді.



Науаны тұрақты суғару желісінің кез келген түрін құрастыру үшін қолдануға болады жəне олардың жоспарда орналасу жағдайы суғару алқабыеның ұйымдастырылуы жəне қабылданған суғару тех- никасының түрлеріне байланысты.

Науадан құрастырылған суғару желісінің гидравликалық есебі судың бірқалыпты қозғалыс тəртібіне сəйкес жүргізіледі жəне оның кедір-бұдырлық көрсеткішін 0.012-ге тең деп қабылдайды.

Науалардың көлденең қимасының ішкі бетінің пішіні парабола болып келетіндіктен, олардың гидравликалық өлшемдерін анықта-

ған кезде параболаның теңдеуін x2 =2 ·p·y пайдаланады, яғни

су айнасының енін мына өрнек арқылы B 2 жəне тірі қима-

ның ауданын мына өрек w =(2/ 3)· B·h арқылы анықтауға болады.

Науалардың көлденең қимасындағы ылғалданған беттің ұзынды- ғын мына өрнек арқылы анықтаймыз:


  p

ln ,



мұнда h науаның толу тереңдігі, м; B науадағы су айнасының ені, м; w – тірі қимасының ауданы, м2; χ – ылғалданған беттің ұзындығы, м; p – парабола бетінің ұзындығы, м; τ=h/ p.

Алдын ала есептелген су өтімінің шамасы жəне науалы арық- тардың өтетін жердің орташа көлбеулігі бойынша өтім үлгісін анық- тайды, содан соң науаның толу тереңдігін тауып, науаның типтік өлшемдерін таңдайды. Науаның типтік тереңдігі, ондағы судың толу тереңдігінен 10-15 см артық болуы керек.

Гидравликалық есептерді жеделдету үшін науалы арықтардың гидравликалық өлшемдерін анықтауға арналған арнайы номограм- маларды немесе кестелерді пайдаланады. Науа табанының жер беті- нен биіктігі 20 см кем болмауы қадағаланады.

Уақытша арықтарға су жібергіштері бар науалы арықтарда науа- ның табанының жер бетінен орналасу биіктігі 1,5 метрден, ал басқа жағдайларда 3,5-4 метрден аспайтындай етіп қабылданады.



Науалы суғару желілерінде кеңінен тараған құрылымдар қатарына арықтан науаларға су жібергіштер, су бөлгіштер, су тастағыштар, өткелдер, тік құламалар жəне науалардан су жібергіштер жатады.

Басқы су жібергіштер науаларға берілетін суды реттеу қызметін атқарады. Құрылымдық тұрғыдан қарағанда олар науаның жапқыш- пен жабдықталған басқы бөлігі немесе құбырлы реттегіш болып та- былады.



Су бөлгіш – бұл жоғарғы реттегі науалы арықтардан суды, кіші (телімдік) арықтарға, жоспарда дөңгелек немесе төртбұрыш түрінде көрсетілген құдықтардың көмегімен таратылатын тарату торабы. Су алатын науалардың су қабылдайтын кіру бөліктері жапқыштармен жабдықталған.

Су таратқыштарды науаларды судан босату жəне суға толып ке- туден қорғау үшін қояды. Құбырлы су тастағышта, науада тұрақты



су деңгейін ұстап тұру үшін құдықтың алдында автоматты жапқыш орнатады (119-сурет).




    1. сурет. Аяққы құбырлы су тастағыштың сұлбасы

1 – науа; 2 – тұрақты су деңгейін ұстап тұруға арналған жапқыш-автомат;

3 – бəсеңдеткіш құдық; 4 – қашыртқы арық; 5 – құбыр
Өткелдерді науалар жолдармен қиылысатын жерлерге орналас- тырылады. Су темірботон құбырлардан тұратын дюкер арқылы жол- дың астымен өткізіледі.

Су жібергіштер суды науалардан уақытша арықтарға жəне майыс- қақ құбырларға беру қызметін атқарады. Су жібергіштер ретінде жайпақ немесе дроссельді жапқыштары бар құбырлы реттегіштерді, ысырмалармен немесе табақша жапқыштармен жабдықталған науа- лардың бүйіріне кіргізіліп орнатылған диаметрі 300 жəне 400 мм бо- латын құбырша түріндегі су жібергіштер, сифонды су жібергіштер жəне майысқақ құбырлар қолданылады (120-сурет).




    1. сурет. Науадан су жібергіштер

а – науалардан танаптық құбырларға су жіберу сұлбасы: 1 – науа; 2 – болат құбырша; 3 – ысырма; 4 – суғару құбыры;

б – науалардан жылжымалы сифонды су жібергіш: 1 – науа; 2 – шығу құбыр- шасы; 3 – кіру құбыршасы; 4 – бұрандалы тіректі ұстағыш; 5 – штуцерлі қалпақ

Жабық құбырлы су өткізгіштен өтетін су өнімінің шамасын, түтік- тен немесе тесіктен ағатын судың гидравликалық көрсеткіштерін анықтауға арналған, өрнекті пайдалануға болады:



Q o

2  q Z ,



мұнда μo түтіктен немесе тесіктен ағатын су өнімінің коэффициенті; ω – тесіктің ауданы, м2; Z – су реттегіш гидротехникалық қондырғы- ның жоғарғы жəне төменгі бетіндегі су деңгейінің айырмашылығы, м.

Тесіктен ағатын су өнімінің коэффициентін мына өрнек арқылы анықтаймыз:

0 1/ ,


мұнда

шығыны;


  • кедергінің жиынтығы немесе су арыны қысымының

  âõ 1 ,

мұнда ξвх – құбырға кірер жердегі су арынының қысымының шы- ғыны, ξl – құбыр бойындағы су арынының қысымының шығыны.

Құбыр бойындағы су арынының қысымының шығыны мына

өрнек арқылы анықтауға болады:

ξl = λ · D/ l,

мұнда l – құбырдың ұзындығы, м; λ – гидравликалық үйкеліс коэф- фициенті: λ =8· q/C 2 , бұл жерде С – Шези коэффициенті.

Жабық құбырдың су өтімін есептеген кезде Шези көрсеткішін мына өрнек арқылы анықтаймыз:

C 1 R1/6 ,

n

мұнда n – кедірлік коэффициенті; R – гидравликалық радиус, м.

Құбырдың гидравликалық радиусын жəне құбырдың шеңберінің ұзындығын мына өрнек арқылы есептеуге болады:

R=D/4 = ω / χ; χ=π· D,

мұнда D құбырдың диаметрі, м; χ құбырдың шеңберлік ұзындығы, м.

Сифон – су өткізгіш, танаптың тарату арықтарынан уақытша суару арықтарына су беруге арналған. Су жібергіш сифондарды по- лиэтилен құбырлардан, шыны пластиктен немесе қалыңдығы 1,5 мм жалпақ болаттан жасайды.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет