Ашық суғару желісіндегі құрылымдар
Суғару желілеріндегі суды реттеу жəне есепке алу үшін мына- дай гидротехникалық құрылымдар қарастырылады: су жіберуші (су өтімін реттейтін құрылымдар), су бөлгіш (су деңгейін реттейтін құры- лымдар), үйлестіруші (бьфтерді үйлестіруге арналған құрылымдар), су өткізгіш (кедіргілер арқылы суды тасымалдауға арналған құры- лымдар), тұнба ұстаушы (қалқымалы тұнбалы заттарды ұстап қа- луға арналған құрылымдар), су өлшейтін (су өлшеуге арналған құрылымдар). Суғару желілеріндегі гидротехникалық құрылымдар біртұтас, қиыстырмалы жəне аралас болып бөлінеді. Біртұтас құ- рылымдарды бетоннан, темірбетоннан, тастардан, ағаштардан, ал қиыстырмалы құрылымдарды арнайы дайындалған жеке бөлшек- терден тұрғызады. Аралас гидротехникалық құрылымдарды суғару желісінің қажетті нүктесінде, алдын ала дайындалған жеке бөлшек- терден құрастырады.
Суғару желісіндегі гидротехникалық құрылымдар жабық (құбыр) жəне ашық болуы мүмкін.
Су жіберушілер (реттегіштер) барлық таратқыштардың жəне уа- қытша арықтардың бас жағына аға арықтардан берілетін суды рет- теп отыру үшін қойылады. Су жіберушілер өткелді жəне өткелсіз етіп тұрғызуы мүмкін (121-сурет).
сурет. Су жібергіштердің (реттегіштердің) сұлбалары
а – ашық; б – ашық құламамен; в – ашық тезағармен; г – құбырлы; д – құламамен үйлестірілген құбырлы
Егер суғару арықтары үлкен еңешті жерлерге орналасқан болса, онда ашық тезағармен жəне құламалармен жабдықталады. Суғару арықтарындағы судың деңгейін жəне өтім шығынын реттеу үшін
жайпақ немесе сегменттік жабқыштармен жабдықталады. Құбырлы су жібергіштердің көлденең қимасы əдетте дөңгелек болады, ал кей жағдайда төртбұрышты немесе тікбұрышты болады.
Ашық суғару желілерінде су бөгеуші (қалқандар) шаруашылық аралық арықтарға жəне үлкен шаруашылық арықтарға орнатылады. Бұл құрылымдардың негізгі мақсаты – суғару арықтарындағы қа- жетті су өтімін өткізу үшін судың қажетті деңгейін ұстап тұру.
Үйлестіру құрылымдары, суғару арықтарды жергілікті жер беде- рінің еңештігі үлкен болған жағдайда, су ағынының жылдамдығы шайылмайтын шекті жылдамдықтан артық болып кетпес үшін ор- наластырылады. Үйлестіру құрылымдары ретінде көп сатылы құламаларды жəне тезағарды пайдаланады (122-сурет).
сурет. Үйлестіру құрылымдары сұлбалары
а – тезағар; б – көп сатылы құлама; в – консольдық құлама
Құлама – бұл арықтардағы судың белгілі бір ретін құлап ағуы үшін басқыштар түрінде жасалған гидротехникалық құрылым. Құ- лайтын судың энергиясын жою суұрма құдығында жүзеге асырыла- ды. Баурайдың көлбеулігіне жəне ұзындығына байланысты бір бас- қышты жəне көп басқышты құламаларды жобалайды. Су тастаушы арықтардың соңында консольдық құламалар жобаланады. Оларды тік баурайлы телімдерде немесе жардың жанында тезағарды қол- данудың мүмкіндігі жоқ жағдайларда пайдалануға болады.
Тезағар – бұл əртүрлі деңгейлерде орналасқан екі арықты қоса- тын бетоннан жасалған науа. Науа жоғарғы арықтармен қолтық түріндегі кіру бөлігімен, ал төменгі арықтармен су, суұрма құдық түріндегі шығу бөлігімен қосылады.
Аға арықтарда үйлестіруші құрылымдарды құдық түріндегі шы- ғу бөлігімен қосады. Кіші арықтарда оларды су жібергіштерден соң орналастырады.
Су өткізуші құрылымдар, арықтардың табиғи (жоталар, жыра- лар, өзендер) немесе жасанды (арықтар, жолдар, үйінділер) кедергілермен қиылысатын телімдерінде суды тасымалдау қызметін атқарады. Оларға дюкерлер, акведуктар, науалар, су өткізгіш құбырлар, туннельдер жатады.
Дюкер – бұл суғару арықтары табиғи немесе қолдан тұрғызылған кедіргілермен қиылысқан жерлеріне орналастырылатын арынды құ- быр (123-сурет). Дюкердің негізгі бөліктері: кіру жəне шығу бастары жəне арынды құбыр.
Акведук – суды жергілікті жер бедеріндегі ойыстар (жыралар, шатқалдар) арқылы тасымалдауға араналған тіректі науа. Ол кіру жəне шығу бастарынан жəне тіректі науадан құралады. Акведукты, жердің табиғи белгілері арық табанынан 1-20 метр төмен орналасқан жағдайда қолданылады (123-сурет).
сурет. Су өткізгіш дюкердің (а) жəне акведуктың (а) сұлбасы
Қазіргі кезде, акведуктар біртұтас неме темірбетон құрылымдары- нан орындалады, ал тіректер үшін қазықтар, іргетастар жəне жағалық тіректер пайдаланылады. Акведуктегі судың жылдамдығы 1,0-2,5 м/с аспауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |