Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет143/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

84-сурет. Тамыр шірігі

Ауруға өскіндер жиі, ал өсіп-өркендеген өсімдіктер сирек шалдығады. Залалданған өскіннің тамыршалары, сабақшалары, тұ- қымжарнағы шіриді. Ауруға шалдыққан өскін жер бетіне шықпай жойылады, кейде тұқым жарнақтарында қоңыр жаралар пайда бо-


лып, өсу нүктесі күңгірттенеді. Өніп-өскен өсімдіктердің бірінші жəне екінші тамырлары, жер асты буынаралықтары мен сабақ негізі залалданып, ауруға шалдыққан мүшелері қоңырланып, жойылып, өсу үдерісі саябырлап, өсімдік солады.
Аурудың дамуына төменгі ылғалдылық (50% төмен), 18-25°С топырақ температурасы, тұқымды терең жəне мерзімінен кеш себу қолайлы жағдай туғызады. Ауру қоры – тұқым мен топырақта қыстайтын жіпшумақ, хламидоспора немесе ооспора. Бұл аурумен барлық дəнді бұршақ дақылдары залалданады.
Тат ауруы. Асбұршақ пен чинада тат ауруының қоздырғышы
– Uromyces pisi Schroet саңырауқұлағы (85-сурет). Өсімдік гүлдей бастағанда ауру білініп жапырақта, сабақта, бұршаққапта ірі, ашық- қоңыр урединийлер пайда болады. Урединиоспоралары бір клетка- лы, дөңгелек, сүйелді, көлемі 21-26 х 18-21 мкм. Урединийлердің орнында кейін қара-қоңыр телий бөртпелер түзіледі. Телиоспоралары бір клеткалы, қоңыр, ұсақ сүйелді, пішіні эллипс немесе жұмыртқа тəрізді, бір өнгіш саңлауы бар, түссіз, қысқа сабақта орналасқан. Эций кезеңі сүттіген түрлерінде өтіп, оның жапырағында спермаго- ний мен эцийлер түзіледі. Эциоспоралар асбұршақ пен чинаны за- лалдайды.

85-сурет. Тат

Саңырауқұлақ урединиоспоралардың бірнеше ұрпағын береді. Өсімдік қалдықтарында саңырауқұлақтың телиоспоралары, ал сүт- тігенде жіпшумағы қыстайды.


Мал азықтық бұршақтың, сиыржоңышқаның, жасымықтың кей- де асбұршақтың татын U. fabae dBy. саңырауқұлағы қоздырады. Аталған өсімдік түрлеріне арнайы бейімделген формалар болады.
Саңырауқұлақ бір иелі. Өсімдіктің барлық жер үсті бөлігі, əсіресе жапырағы залалданады.
Ауруға шалдыққан мүшелерде майда, сары бөртпелер – эцио- спораларымен эцийлер, кейін урединиоспораларымен қоңырлау урединийлер күзге қарай телиоспораларымен қара-қоңыр түсті телий бөртпелер түзіледі. Урединиоспоралары бір клеткалы шар тəрізді, тікенекті, түсі ашық-қоңыр, көлемі 20-30 х 18-25 мкм. Телио- споралары бірклеткалы, түсі қоңыр, тегіс, қабығы қалың, көлемі 25- 40 х 19-28 мкм. Телиоспоралар өсімдік қалдықтарында қыстайды.
Үрмебұршақ пен маш татын U. phaseoli Wint. саңырауқұлағы қоздырады. Ауру алғаш өсімдіктің төменгі жапырақтарында білі- ніп, ақшыл-сары түсті эций мен эциоспоралар түзіледі. Кейін май- да қоңыр ұнтақталған урединий мен урединиоспоралар пайда болып, ал вегетацияның соңына қарай қара-қоңыр телий бөртпелер- де телиоспоралар түзіледі де, соңғылар өсімдік қалдықтарында қыстап шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет