Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет156/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

93-сурет. Жоңышқа таты

Урединиоспоралары бір клеткалы, пішіні шар тəрізді, түсі ашық-қоңыр, қабығы бұдырлы, 4 өнгіш саңлаулы бар. Телиоспо- ралары домалақтау кейде эллипс тəрізді, түссіз қысқа сабаққа орна- ласқан бір клеткалы, қабығы айқын, төбесінде өнгіш саңлаулары болады. Қоздырғыштың аралық иесі – сүттіген. Телиоспоралары мен урединий жіпшелері өсімдік қалдықтарында, ал сүттігенде эций жіпшелері қыстайды.


Жаздың бастапқы кезінде жапырақ бетінде майда, ұнтақталған, қоңыр татты бөртпелер пайда болады. Ауру қатты дамымағанда бөртпелер қосылып жапырақ бетінің едəуір бөлігін алады. Өсімдіктің гүл сағағы жəне бұршақтары да залалданады.
Саңырауқұлақтың урединий кезеңі жаз бойы дамып, бірнеше ұрпақ береді. Жаздың соңында жапырақ үстінде қара-қоңыр түсті, ұнтақталған ірі телий бөртпелер жарылған эпидермис астынан көрінеді. Өсімдік бұршақтанған кезде ауру қатты дамып, түзілетін тұқымның саны мен сапасы кемиді.
Беде татының қоздырғышы – U. fallens Kern. саңырауқұлағы. Қоздырғыш бір иелі паразит. Спермагонийлары қызыл-қоңыр түс- ті, пішіні сопақша, эцийлері табақша тəрізді, эциоспоралары көп бұрышты кейде дөңгелек. Урединиоспоралары дөңгелек немесе эллипс тəрізді, диаметрі 20-25 мкм, қабығы сары, тікенекті, 3-4 өнгіш саңлаулы болады. Телиоспоралары дөңгелек жұмыртқа тə- різді, қалың қабықты, түсі сары-қоңыр түссіз сабаққа орналасқан төбесінде өнгіш саңлаулары бар.
Ауру белгісі жапырақта, сабақта қоңыр ұнтақталған бөртпе түрінде білінеді. Телиоспоралар қыстап шығып көктемде ауруды таратады.
Эспарцет татының қоздырғышы – U. оnobrychis Lev. саңы- рауқұлағы. Қоздырғыштың даму циклында тек урединий кезеңі болады. Урединиоспоралары мен жіпшумақтары өсімдік қалдықта- рында қыстайды. Ұзаққа созылған қыс пен салқын көктем жəне жаздағы жиі жаңбыр аурудың дамуына əсерін тигізеді.
Фузариоз. Ауру қоздырғышы – Fusarium Link. туысының F.oxysporum f.trifolii Raillo саңырауқұлағы. Қоздырғыштың əр өсімдікке бейімделген бірнеше формалары бар. Саңырауқұлақ мак- роконидиялары орақ тəрізді, сəл иілген немесе тік, 3-5 перделі. Микроконидиялары бір-екі клеткалы жұмыртқа немесе цилиндр тəрізді, тізбектеліп түзіледі. Хламидоспоралары түссіз, бір-екі клет- калы, сырты тегіс немесе түкті. Ұсақ қара түсті склероцийлары топырақта 3-4 жыл сақталады.
Аурудың қоры – өсімдік қалдықтарында қыстайтын хламидо- спора жəне топырақтағы склероцийлар. Сыртқы ортаның əсері мен төмен агротехника (жиі егіс, қоректену жəне суару мөлшерін сақ- тамау) əсерінен əлсіреген өсімдіктерде ауру қарқынды дамиды.
Өскіннің тұқым жарнақ асты иіні мен тамыр ұшы залалданса, ұлпалар қоңырланып, өсімдік жансызданады. Өсіп жетілген жəне екі-үш жылдық өсімдіктерде солу жəне тамыр шірігі кездеседі.
Негізгі тамырдың жоғарғы бөлігі мен қосымша тамырларда қара-қоңыр құрғақ немесе сулы дақтар пайда болады да, өзек ұлпалары үгітіліп, ыдырап өсімдік қурайды. Негізгі түтіктері залал- данған өсімдік сабағының көлденең кесіндісінде қарайған сақи- на байқалады. Ылғалды ауа райында сабақ негізінде жеңіл ақ өңез түзіліп, онда қызғылт немесе сарғыш түсті саңырауқұлақ спора тасушылары көрінеді. Бұл кесел көпжылдық өсімдіктердің барлық даму кезеңдерінде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет