Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет255/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

170-сурет. Сұр шірік

Өсімдіктің көбінесе жидектері залалданады. Жидек бетінде жеке дақтар пайда болып, тез ұлғайып, оны шірітеді. Сұр өңезбен жа- былған жидек өзіне тəн дəмі мен иісін жояды.


Ерте залалданған өсімдіктің гүл бүршігі, гүлі, гүл жəне жеміс сағақтары ауруға шалдығады. Залалданған мүшелерде қара-сұр түс- ті дақтар пайда болып, жеңіл сұр өңезбен жабылып, шіриді.
Ақ ұнтақ. Ауру қоздырғышы – Sphaerotheca macularis P. Magn. f.fragariae Jacz. саңырауқұлағы. Конидия тасушылары қысқа, ко- нидиялары түссіз, бір клеткалы, эллипс тəрізді, тізбектеліп орна- ласып, жаз бойы бірнеше ұрпақ береді. Ылғалдылығы жоғары, жылы
ауа райы саңырауқұлақтың дамуына қолайлы жағдай туғызады. Инкубациялық кезеңі жас жапырақтарда 3-4, ал ескілерінде – 6-7 күн. Жас өсімдіктер жетілгендеріне қарағанда қатты залалданады. Ауруға шалдыққан өсімдік бөлігінде саңырауқұлақ жіпшумақ жəне клейстоций түрінде қыстап шығады.
Бүлдіргеннің барлық жер үсті бөліктері ауруға шалдығады. Өсімдіктің жапырағы мен сағағында (негізінен астыңғы бетінде) ақ ұнтақ өңез пайда болып, кейін басқа бөліктеріне – гүлсидамы- на, гүліне, жемісіне, мұртшаларына тарайды. Залалданған ұлпалар клеткалардың жансыздануы себебінен қызғылт, ашық-күлгін түске айналады. Жапырақ қалыңдап, қатайып, қола түске енеді.
Ауруға шалдыққан жас жидектер жетілмей, қоңырланып, қу- райды, ал піскендері ақ өңезбен жабылып, түсі көгеріп, көбінесе шытынап, шіриді. Залалданған мұртшалары қурайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет