Саңырауқұлақ жіпшумақ түрінде залалданған мүшелерде қыс- тайды. Өсімдіктің қысқы тынышталуы кезеңіндегі жоғары ылғал- дылық пен төмен температурада аурудың дамуы жалғасады.
Топырақпен дұрыс жабылмаған жүзімдіктердің қыстың қолай- сыз жағдайына ұшырауынан пайда болатын кесел. Ұзаққа созылған салқын ауа райының уақытша жылынуы, сондай-ақ мол жауын-ша- шын дақты некроздың дамуына қолайлы жағдай туғызады. Ерте көктемде залалданған өсімдіктерде ауру белгісі білінбейді, бірақ кейін олардың бүршіктері ашылмай бұтақтары қурап, кейде бірен- саран дамыған бүршіктерінен өркен шығуы мүмкін. Олар əлсіз болып, көп ұзамай қурайды.
Кеселге шалдыққан өсімдіктердің өсуі саябырлап, жапырақта- ры мезгілінен бұрын сарғаяды. Залалданған жас өркен қабығының астында мүшені бойлаған қара-қоңыр түсті, пішіні мен көлемі əр- түрлі дақтар түзіледі. Аталған белгілер шыбықтарды (қалемше- лерді) сақтау кезінде де білініп, шығын көп болады. Тау етегінде орналасқан жүзімдіктерде ауру жиі кездеседі.