18
көктемiнде Қазақ хандығының астана сы Түркiстан қаласына жетiп, оны
тiкелей шабуылмен азат еттi. Қа ла ны бiр жыл бойы өз қолында ұстап
тұрды. Бiрақ жаудың еселенген көп күшiнiң тегеурiндi қысымымен қаланы
тастап шықты.
Әбiлқайыр хан құрамында 50 мың жауынгерi
бар бiрлескен қазақ-
қарақалпақ әскерiнiң қолбасшысы болды. Сөйтiп, жоңғарларға қарсы
бiрнеше сәттi жорық жасады. Осы кезде оның ұйымдас тыру шылық та-
ланты, iрi әскери қолбасшы ретiндегi қабiлетi, жеке өз басының қаһарман
ерлiгi айқын танылды.
Жауға неғұрлым жылдам әрi күйрете соққы берудi
ұйым дас тыру қажеттiгi бүкiл қазақтың күш-жiгерiн
бiрiктiрудi талап еттi.
Осы мақ сатпен
1726
жылдың
күзiнде Ордабасы тауында (қазiргi Шымкент қала-
сының батыс жағында) Бүкiлқазақтық құрылтай өткізілді. Оған қазақтың
хандары, үш жүздiң сұлтандары, билерi, батырлары келдi.
Қазақтар
бiр-бiрiне барынша берiлген, адал болуға осы Ордаба-
сыда ант берiстi. Құ рылтайға қатысушылардың бiрауыздан ұйға руы мен
Әбiлқайыр хан бүкiлқазақтық әске ри жа сақтың бас қолбасшы сы болып
сайланды. Құрылтай жиналысының шешiмдерi қазақ халқының жоң ғар
басқыншылығына қарсы азаттық күресiнде өте маңызды рөл атқарды.
Қазақ қоғамының бүкiл күш-жiгерiн нақты iс жүзiнде
бiрiк тiру қолға
алынды. Әрбiр ру өзi нiң жауынгерлiк жасақтарын құрып, бү кiл қазақтық
үлкен жасақ қа қосылуды қа сиеттi мiндетiмiз деп бiлдi.
?
1710, 1726 жылдардағы ұйымдастырылған құрылтайларға салыстырмалы тал-
дау жаса:
Салыстыру сұрақтары
Қарақұм
Ордабасы
Орналасқан жері
Қабылдаған шешімдері
Нәтижесі
Достарыңызбен бөлісу: