33
беделi мен ықпалынан айырыла бастады. Оның Ресей
қол астына өтуден күткен үмiтi ақталмады. Ол тек
Кiшi жүздiң ханы болып бекiтiлдi. Сондықтан ол өз
ғұмырының соңғы күнiне дейiн патша әкiмшiлiгiне
бағынбауға тырысты. Оның үстiне, қазақтардың қалмақтармен, башқұрт-
тармен және Орал казактарымен шегара аймағындағы шиеленiстi
қақтығыстары тоқ татылмады. Әбiлқайырдың патша үкiметiне қарсы
белсендi iс-әре кет терi оның саяси қарсыластарының қолынан қаза
тапқанынан кейiн ғана тоқтады.
Ресейдiң қол астына өткен Кiшi жүз қазақтарына патша үкiметi
тарапынан ешқандай нақты әскери көмек көрсетiлмедi. Сондықтан
жоңғарлардың билеушiсi
Қалдан Серен
Қазақстан аумағына жаңадан
жойқын жорық жасады.
5. ресей империясының Қазақстандағы
ХVІІІ ғасырдың 30–50-жылдарындағы
саясаты.
Әбілқайыр ханнан кейін бірқатар
билеушілер Ресейдің қол астына өте бас-
тады. Бұл қазақтарға қысқы уақытта ше-
гара шебінің ішкі жағына еніп, уақытша
тұрақтауына мүмкіндік беретін еді. Ресейдің
иелігіне, негізінен, шегара шебіне таяу тұратын қазақтар өтті.
Ресей империясы қазақ өлкесінде жағдайын нығайтып, бекіте түсу
үшін бекіністер салуды одан әрі жалғастырды. Кіші жүздің аумағын жан-
жақты зерттеу мақсатымен 1734 жылы
Қырғыз-қайсақ
(Орынбор)
Достарыңызбен бөлісу: