Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


р есей империясының Қазақстанды қосып алуының аяқталуы



Pdf көрінісі
бет106/197
Дата12.09.2023
өлшемі7,89 Mb.
#180807
түріКнига
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   197
Байланысты:
7 сынып Қазақстан тарихы

р
есей империясының Қазақстанды қосып алуының аяқталуы
© ЖШС 
«8&8», 2018
им
перия
сы әск
ер
лерінің
Ш
айқ
ас өтк
ен жер
лер
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


112
лен, Ресей әскерлерi Түркiстан қаласына жа саған шабуыл 
кезiнде қала қатты қирады. Патша үкiме тiнiң әскерлерi 
онымен де қоймай, бүкiл мұсылман қауымының қа сиеттi 
жәдiгерi 
Қожа Ахмет Ясауи
кесенесiн зеңбiрекпен ат-
қылады. Генерал өзiнiң осы iс-әрекетiмен Ресейдiң қол астына жа ңадан
қараған халықтың арасында үрей туғызуды, сөйтiп, олар ға орыс қару-
ының күшiне «құрмет» бiлдiрудi үйретпек болды. Ресей солдаттарының 
шектен шыққан жүгенсіздігі Шымкент, Әулиеата және Сайрам қалаларын 
басып алу ке зiнде орын ал ды. Шоқан Уәлихановтың және бiрқатар 
прогресшiл орыс офи церлерiнiң генерал Черняевтен бөлiнiп кетуiнiң 
себебi осы жағдай едi.
Түркiстан мен Шымкент басып алынғаннан кейiн Орынбор және
Сi бiр шептерi бiр-бiрiмен жалғасты. Қазақстанды Ресей империясы ның 
құрамына қосып алудың ұзаққа созылған күрделi әскери-отаршылдық 
үрдiсi осылай аяқталды. Қазақстанның оңтүстiк-шығыс және оңтүстiк 
аймақтарын әскер күшiмен қосып алу патша үкiметi нiң бұдан былайғы 
соғыс қимылдарын Орта Азия мемлекеттерiнiң аумағында одан әрi 
жалғастыра түсуiне кең жол ашты.
Оңтүстiк өңiрдi жаулап алумен қазақтың дәстүрлi соты ның жү й е сiне 
өзгерiстер енгiзiлдi. Халық соты дiни қайраткерлердiң, яғни 
қазы лардың
ықпалында бо латын. Қазыларды сайлау, ең алдымен, оның
 шариғатты 
(мұ сыл мандық құқықты) қан шалықты бiлу дәрежесiне байланысты едi. 
Дiнба сы ларының өлке халқына ықпалын шектеу үшiн патша үкiметi 
қазыларды сайлап қою тәртiбiн енгiздi. 
Өлкенiң Ресей им пе риясының құ рамына өтуi алым-салықты күшей -
тiп жiбердi. Бүкiл жиналған алым-салық былайша бөлiндi: үштен бiрi аза-
мат тық өкiмет билiгiн ұс тауға, ал үштен екi бөлiгi таза әскери мақсаттар ға 
жұмсалды.
1867 
жылы Жетiсу ка зактарының әскерлерi құрылды. Жетiсу өлкесiне 
қоныс аударған әрбiр ер адамға 30 десятинадан жер телiмi берiлдi. Олар 
15 жылға әскери қызмет атқару мiндетiнен босатылды. Сондай-ақ олардың 
әр қайсысы 100 сом мөлшерiнде ақшалай қарыз алып отырды. 
?
1. Картадан Ресей империясының Қа зақ стан аумағында басып алған қалаларын 
көрсетіңдер. 2. Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі күні өз тәуелсіздігімізді одан әрі 
нығайту үшін не істеуіміз керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет