195
Шәкәрім
Құдайбердіұлы
риж кітапханаларынан қазақ халқының тарихына
байланысты кітаптар оқыған. Жинаған материалдар
негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі»
кітабын, «Мұсылмандық шарты» еңбегін жазды. Олар
1911–1912 жылдары Орынборда басылып шықты.
Шәкәрім шежіресінде қазақты түп тереңінен тара-
тып, Орталық Азия халықтарының тарихи жолын тұтас
көрсетеді. Жазба деректер молынан пайдаланылған
«Шежіренің» қай бөлімінде болмасын дәуір оқиғалары
нақты бейнеленген. Шәкәрім Құдайбердіұлы ХІХ ға-
сырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ
халқының өміріндегі оқиғаларға көптеген тарихи,
публицистикалық туындыларын арнады. Ол қазақ
халқының, соның ішінде қазақ сұлтандары мен хандар шежіресін жан-
жақты зерттеді.
«Қалқаман-Мамыр» поэмасы Шәкәрім «тарихи хикая» деп атаған. Та-
рихи дастанда ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ даласы көрініс
тапқан. Дастанда екі жастың арасындағы кіршіксіз махаббат, ел ішіндегі
озбырлық пен қатыгездік суреттелген. Халықтық
шығармаға айналған дастанда өткен дәуірдегі оз-
бырлық пен қатыгез әдет-ғұрып әшкереленеді. Ер-
кіндікті көздеген халық мұраты бейнеленген.
Шәкәрім демократиялық, халықтық, гуманистік-
ағартушылық бағыт ұстанды. Оның идеялары ХІХ
ғасырдың соңындағы озат ойлы қазақ зиялылары мен
үндес келеді. Шәкәрім қазақ поэзиясының фи ло-
софиялық саласын дамытты. Ол халықты адам гершілік ақ жолға, өнер-
білімге шақырды.
Қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрпын, ауыз әде биеті мен мәдениетін
зерттеушілердің бірі
Құр банғали Халид
(1843–1913).
Құрбанғалидың әкесі Халид Ташкентте, Аягөзде, Қытай жерінде тұрған.
Жас кезінде Құрбанғали Абдулхақ деген кісінің мед-
ре сесінде оқып, тарих, география пәндерінен дәріс
алған. Татар және қазақ тіліне қоса араб, парсы,
түрік т.б. түркі тілдерін жетік меңгерген. Шәуешекке
кө шіп барған соң өзі де медресе ашып, татар, араб
тілдерінен дәріс берген.
Ол қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы және
Қазанда жарық көрген «Жарида» («Жаңа тарихи жазбалар», 1889), «Тауа-
Достарыңызбен бөлісу: