76
әлi де хан болып тұр ған едi. Қазақтардың шегара
шебiне және Орынбор өлкесiнiң iшкi округтерiне ша-
буыл жа сауы жиi-жиi қайталанумен болды. Орын-
бор өлке сiнiң бас тығы ұсынған жоба толықтыра
түсу үшiн Азия комитетiне қайта дан жiберiлдi.
Жар ғының түпкiлiктi
жобасын Ресей патшасы
I Александр
1824
жылы көктемде бiржолата бекiттi.
Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған
ғұмырының ақы рына дейiн ай сайын жалақы төле-
нiп тұратын болды. Сөйтiп, Кi шi жүздегi хан билiгi де жойылды.
Бұл реформа бойынша Кiшi жүз
аумағы
Жайықтың сырт жағын-
дағы үш округке
бөлiндi. Кейін ондағы әкiмшiлiк бiрлiктерiнiң аттары
өзгертiлiп,
Батыс, Орта
және
Шығыс бөліктер
деп аталды. Жүздегi
өкiмет билiгi Орынбор губернаторына тiкелей бағына тын үш
басқарушы-
сұлтандардың
қолына көштi.
Кіші жүз аумағының әкімшілік бірлікке бөлінуі
Батыс бөлік
Орта бөлік
Шығыс бөлік
Басқарушы-сұлтандарға казактардың жасақтары да бағын дырылды.
Ондай жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге дейiн адам болды.
Басқарушы-сұлтандар казак станицаларында
және шегара шебiндегi
бекiнiстерде тұратын болып белгiлендi. Мұның өзi олардың патша
үкiметiне тәуелдi болуын күшейте түстi.
Басқарушы сұл тан дардың
атқаратын негiзгi қызметi өздерiне қарайтын халықты
«тәр тiп сақ-
тайтын және патша үкiметiне әрқашан адал әрi айт қанын екi ет-
пейтiндей бағынышта»
болатындай етiп ұстау едi. Кi шi жүздегi ауыл
старшындарынан бастап, басқарушы сұлтандарға дейiнгi барлық лау а-
зымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзi тағайындайтын болды.
Сайлау жүйесi жойылды.
Әр үй басына салы натын «түтiн салығының» мөл шерi 1,5 күмiс
ақшаға (сомға) тең бо латын. Жалданып жұмысқа
тұрушылар үшiн айына 15 тиыннан алым енгiзiлдi.
Басқарушы сұлтандардың жанында
шешек
ауруына қарсы егу
жұ мыстарын жүргiзетiн бiр-
бiрден қазақ фельдшерi болды.
Достарыңызбен бөлісу: