Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Көтерiлiсшiлердiң Хан ордасын қамауға алуы



Pdf көрінісі
бет100/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

3. Көтерiлiсшiлердiң Хан ордасын қамауға алуы.
 Исатай Тай ма нұлы 
бастаған көтерiлiсшiлер 1837 жылғы қазан айының аяқ кезiнде Хан орда-
сына он шақырымдай жақын келдi. Жәңгiр хан да, оның тө ңiре гiндегiлер 
де қоршауда қалды. Көтерiлiсшiлердiң жалпы саны екi мың адамнан аса-
тын едi. Көтерiлiсшiлер Жәңгiр ханнан Балқы және Қарауылқожа билердi 
өз төңiрегiнен қуып жiберудi, билiктi ру старшындарының қолына берудi 
талап еттi. 
Жәңгір хан берген 
уәдесінде тұрды деп 
ойлайсыңдар ма?
ойлан!
Балқы бидің іс-әреке-
тіне Исатайдың бер-
ген жауабы орынды 
ма? Сөзіңді дәлелде.


84
Ол көтерiлiсшiлермен келiссөз жүр  гiзуге көштi. 
Ханның  қолына  жаңа  талап-петиция  табыс  етiлдi. 
Онда, егер ханға қойылып отырған талаптар орын-
далмайтын  болса,  көте рi лiсшiлердiң  бүкiл  ауыл-
аймағымен  Iшкi  Орданы  тастап,  кө терiле  көшiп 
кететiнi ескертiлдi. Оған халық арасында ықпалды 
үш  жүз  рубасы  мен  старшын  және  батырлар  қол 
қойды. 
Патша үкiметiнiң әкiмшiлiгi де қатты алаңдады. 
Көтерiлiсшiлер  Жайықтан  бұзып-жарып  сыртқы 
бетке көшетiндей күн туа қалса, оған қарсы алдын ала шұғыл шаралар 
қабылдауға кiрiстi. Шегара бекiнiсi күшейтiле бастады.
Исатай Тайманұлы ханмен екi арадағы шиеленiстi жағдайды бей бiт 
келiссөздер арқылы шешуге болатынына патша әкiмшiлiгiн сен дiруге ты-
рысты. Батыр уақыттан ұтуды ойластырды. Қыс түсiп Жайықтың мұзы 
қатқан бойда оның сол жақ бетiне көшiп кетпек болды.  
Ал бұл екi арада Орынбор әкiмшiлiгi мен Жәңгiр хан 
казак тардың әс кери күштерiн шұғыл түрде топтастырып 
үлгердi. Жазалау шараларын жүзеге асыратын Жәңгiр 
хан жасақтары да әзiр болды. Сөйтiп, қысқа мерзiмнiң 
iшiнде көтерiлiсшiлерге қарсы 1000-нан астам адам шоғырландырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет