Қазы
– билiк айтушы, төрешi. Мұсылмандық сот, мұсылман құқығын жақсы
бiлетiн адам.
Пристав
– Ұлы жүз қазақтарын басқару үшiн бекiтiлген лауазымды қызмет.
*
Ресей отаршылды-
ғының салдарын
анықтаңдар.
113
Арынғазы Әбiлғазыұлы
(1833 жылы қайтыс болған) 1816–1821 жыл дары би-
лiк еткен Кiшi жүз ханы. Арынғазы қазақтардың Орта Азия хандықтарының
шабуылдарына қарсы азаттық қозғалысын ұй ым дастырушы ретiнде белгiлi.
№292. 1858 жылғы 7 маусым. – Сырдария шегара желiсiнiң командашы-
сы генерал-майор данзастың Орынбор корпусының командирiне қа-
зақтардың Қоқан ханына қарсы көтерiлiсi туралы рапорты
«Сарай кеңесшiсi Осмоловскийдiң хабарлауына қарағанда, Ташкент тiң билеушi-
сi Мырзахмет осы наурыз айында қоқандықтардан, сондай-ақ қырғыздардан
(қазақтардан. – авт.) жинап алған 3000 жауынгер сарбазымен бiрге Әулиеата
бекiнiсiне келген. Мұнда ол билердi жинап алып, осында көшiп-қонып жүрген
қырғыздардан (қазақтардан) бұрынғыдай тек қой басынан ғана емес, сонымен
қатар түйе, жылқы, iрi қара басы нан алым-салық жинауды тапсырған.
Билер өз ауылдарына барып, Ташкент билеушiсiнiң бұйрығын хабарлағанда
қазақтар оған бағыну дан бас тартқан. Ал Мырзахмет әр руға, оның әр тармағына
100-ден, 200-ден адам жiберiп, оларға елден зекет жинауды бұйырған. Зекет
жинаушы лардың озбырлығы, ... олардың әдепсiз қылықтары елдiң намысы на
тиген. Шектен шыққан озбырлыққа төзе алмай, ашу-ызаға булыққан қырғыздар
(қазақтар. – авт.) ... бiрнеше адамды өлтiрген. Бұған iле-шала бүкiл Алатауды
мекендейтiн қырғыздар (қазақтар. – авт.), қаңлылар, дулаттар, бестаңбалылар,
сондай-ақ Қырғыз ру лары да көтерiлдi. Олар Әулиеатаны, оған таяу маңдағы
Шолақ, Ақ сақ ата, Тоқпақ, Шелек сияқты басқа да бiрқатар бекiнiстердi қоршап
алды. Таш кент билеушiсiн бекiнiс-қамалға жасырынып, бас сауғалауға мәжбүр
еттi».
ХVIII–ХIХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары. Алматы, 1964, 440-бет.
1. Қоқандықтар алым-салықтың қандай түрлерiн енгiздi? 2. Қазақтар мен
қыр ғыздардың қоқандықтарға қарсы көтерiлiсi қалай аяқталды?
8–3467
114
Достарыңызбен бөлісу: |