1848 жылы Қарқаралы казак станицасының
жанындағы Қоянды деген жерде айырбас сауда орталы ғы ашылды.
Жәрмеңкенiң негiзiн қалаушы ялуторлық көпес
(Тобыл губерниясындағы Ялутор қаласының тұрғыны)
В. Ботов болды. Жәр меңке жыл сайын маусымның
15-iнен шiлденiң 15-iне дейiн өт кiзiлiп тұрды. Алғаш-
қыда оның аумағы 2 шаршы шақырым ғана едi. Ке-
йiн нен осындағы Талды даласы түгелдей қайнаған
қызу сауда алаңына айналып кеттi. Жәрмеңке ұзын-
дығы 11, енi 5 ша қырым алқапты алып жатты.
1890 жылы мұнда 1 шiркеу, 199 сауда нүктесi, 42 тұрғын үй және
707 киiз үй болды. Жәрмеңкеде павлодарлық көпес Деровтың үлкен
жеке дүкенi ашылды. Қоянды пошта бекетiнiң ғимараты, пошта-те-
леграф бөлiмшесiнiң үйi де осында орналасты. Қазақтар жәрмеңкеге