МАңыЗды ОҚиғАлАрдың ХрОНОлОгиЯлыҚ КөрСЕТКIШI 1710 – Жоңғар басқыншыларына қарсы күресу үшiн қазақтың үш жүзi
өкiлдерiнiң басқосуы.
1711–1781 – Қазақ мемлекетiнiң көрнектi қайраткерi Абылай хан ның өмiр
сүрген жылдары.
1715 – И. Бухгольцтiң Орта Ертiс бойына жасаған әскери-барлау экспедициясы.
1716 – Омбы және Жәмiшев бекiнiс-қамалдарының салынуы.
1717 – Железинск бекiнiс-қамалының салынуы.
1718 – Семей бекiнiс-қамалының салынуы.
1720 – Өскемен және Коряков бекiнiс-қамалдарының салынуы.
1723 – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» басталуы.
1726 – Ордабасыда бүкiлқазақтық құрылтай жиналысы болып өттi.
1728 – Қазақ жауынгерлерiнiң жоңғар әскерлерiмен Бұланты және Бiлеутi
өзендерiнiң бойындағы шайқасы.
1730 – Қазақ әскери жасақтарының жоңғарлармен Балқаш көлi нiң ма ңындағы
Итiшпес Алакөл (Аңырақай) деген жердегi шайқасы.
1731 – Кiшi жүз қазақтарының бiр бөлiгi Ресейдiң қол астына өтуi.
1731–1732 – А.И. Тевкелев бастаған орыс елшiлiгi Кiшi жүз ханы Әбiл-
қайырдың ордасына келуi.
1734 – И. Кириллов басқарған Орынбор («Қырғыз-қайсақ») экс пе ди циясы
қызметiнiң басталуы.
1734 – Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына көшiп-қонып жүруiне тыйым
салынуы.
1735 – Ор өзенiнiң сағасында Орынбор қаласы (Ор бекiнiс-қамалы) негiзiнiң
салынуы.
1741–1743 – Абылай сұлтанның қонтайшы Қалдан Сереннiң қо лында тұтқында
болуы.
204
1742 – Патша үкiметi қазақтың Жайық өзенiне, Жайық қа лашығына және
салынып жатқан бекiнiс-қамалдарға жақын бару ына тыйым салуы.