Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет11/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
26
қарастырады: мұғалімнің сабақ берудегі жетекшілік жұмысының түрлі 
формалары; оқушылардың бір бағытты, жоспарлы және жүйелі білім алуы-
ның формалары; оқушылардың білім алуының ғылым, өнермен және тех-
никамен байланыстылығы; әрбір әдістің өзіне тән ерекшеліктері; әдістің 
оқушыларды тәрбиелеуге және дамытуға ықпалы. 
Р.Г. Лемберг мынадай оқыту әдістерін қарастырды: ауызша баян дау 
әдісі, әңгімелесу, байқау, оқулықпен жұмыс істеу, жаттығулар, зерт ха-
налық сабақтар, есеп шығару, оқушылардың хабары, практикалық жұ мыс-
тар, өнер құралдарын пайдалану. Әрбір әдіс бірнеше тәсілдерден құрылады 
және әрбір әдісте басқа әдістердің де тәсілдері болуы мүмкін. Ол әдістің 
түрлерін өз алдына жеке қарастырды. Жалпы оқыту әдісі оқу пәндеріне 
байланысты өзгеруі мүмкін дей келіп, әрбір әдіске терең талдау жасай-
ды. Сонымен қатар Р.Г. Лемберг есеп шығаруды жеке оқыту әдісі ретінде 
қарастырады.
Қ. Бозжанованың «Қазақ бастауыш мектептерінде «І-ІІІ класс оқу-
шы ларының оқу дағдыларын қалыптастыру» (1974 ж.) атты еңбегі оқыту 
үдерісінде оқушылардың таным қызметін, ойлау қабілеттілігін және шы-
ғар машылықпен жұмыс істеуін дамытудың жолдарына арналған.
Белгілі ғалым С. Қожахметовтің «Совет мектебінің негізгі дидактикалық 
принциптері» тақырыбындағы зерттеу жұмысында оқушылар білімінің 
саналы және жинақты болуының дидактикалық ұстанымдары, бастауыш 
мектепте оқушылар білімін тексеріп, бағалай білудің әдістемелік жолда-
ры, сабақтан тыс мезгілдегі және сабақ үстіндегі оқушылардың кітаппен 
жұмыс істей білуі, сабақтан тыс уақытта оқушыларға эстетикалық тәрбие 
беру жолдары ұсынылған. Ғалым сабаққа қойылатын дидактикалық талап-
тарды нақтылап, мұғалімнің оқушылармен тығыз қарым-қатынасы арқылы 
сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын көрсетіп берген болатын.
Н. Көшекбаевтың «Оқыту теориясы» деп аталатын еңбегі сол кездегі 
педагогтар, мектеп мұғалімдері мен әдіскерлер үшін аса құнды еңбектердің 
бірі болды. Бес тараудан тұратын оқу құралында оқыту теориясының ма-
ңызды мәселелері баяндалған. Я.А. Коменскийдің «Ұлы дидактика» ең бе-
гіне талдаудан бастап, оқыту теориясы саласында бастауыш оқыту жүйесіне 
қатысты құнды пікірлер айтқан. И.Г. Песталоццидің, Ж. Руссо, А.И. Гер-
цен, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов және т.б. педагогикалық 
көзқарастарына кеңінен тоқтала келіп, оқытудың ғылымилық, білімнің берік 
болуы, жүйелілік, көрнекілік, теория мен практиканың байланыстылығы, 
саналылық сияқты дидактикалық ұстанымдарын талдап түсіндірген. Со-
нымен қатар оқытудың сабақ жүйесінің дүниежүзілік педагогикада, Ре-
сейде, кеңес мектептерінде даму тарихы баяндалып, сабақтарды жіктеу 
мәселелері, сабақтың құрылымы, түрлері талданған. 


27
1.1. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу
Қазақстандағы педагогикалық-әдістемелік ой-пікірдің қалыптасу та-
рихына, елдегі ағарту жұмыстарының дамуына, халықтың сауатын ашып, 
білім беру ісіне, бастауыштағы пәндерді оқыту мәселелеріне халқымыздың 
озық ойлы, ұлтын сүйген азаматтары, «халық жауы» аталып, өмірден 
ерте кеткен А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев Ж. Аймауытов,
Х. Досмұхамедов, С. Қожанов, Ә. Қасымов, Т. Шонанов, Е. Омаров, т.б. зор 
еңбек сіңірді. 
Дидактика тарихын зерттеуге Р.Б. Вендеровская, Ш.А. Ганелин,
С.Ф. Егоров, З.И. Равкин, Л.А. Степашко, Қ.Б. Сейталиев, Е.Ө. Жұматаева, 
Б.К. Әбдіғұлова өз еңбектерін арнады.
Зерттеуші Е.Ө. Жұматаева ізденістерін жоғары мектеп дидактикасы 
дамуының ғылыми-педагогикалық негіздері тұрғысынан жүргізе отырып, 
дидактика жүйесінің алғашқы қадамы физиологиялық-психологиялық 
үдерістер, оның ішінде ойлау қабілетінің өзара байланысын айқындап, 
мәнділік сапасын өз еңбектерінде дәлелдеген ұлы ойшыл, даналарымыз-
ды атайды. Солардың ішінде Ж. Аймауытовтың дидактиканың дамуына 
зор үлес қосқандығын, оның пікірі бойынша, дидактиканың тірегі генезис, 
адам қабілеті оның шығу тегіне бағынышты дей келіп, таным теориясының 
тірегі пәлсапалық жадты үздіксіз дамыту деп есептегенін айтады. 
Дидактика өзінің пәні шеңберіндегі заңдылықтарды зерттейді, оқыту 
үдерісі мен оның барысында туындаған нәтиженің бір-біріне тәуелділігін 
талдайды, жоспарланған мақсаттың орындалуын қамтамасыз ететін 
әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтай отырып, екі 
маңызды қызмет атқарады: теориялық және практикалық.
Дидактика мәселесі Б.П. Есипов, М.А. Данилов, М.Н. Скаткин,
В.В. Краевский, А.В. Хуторской, И.К. Журавлев, Т.С. Сабыров, М.Ж. Жа-
дрина және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды.
Сонымен қатар дидактика саласында белгілі ғалым педагогтар
М.А. Құ дайқұлов, Н.Д. Хмель, А.Е. Әбілқасымова, А.А. Бейсенбаева,
Б.Б. Бай мұ қанов, М.Ж. Жадрина, С.Е. Шәкілікова, Е.У. Медеуов, Г.Т. Хай-
руллин және т.б. орта және жоғары мектеп дидактикасының ерекшеліктері, 
оқу шы лар мен студенттердің өзіндік танымдық әрекеті, кәсіби білімді да-
мыту, білім мазмұнын анықтау, оқытудың жаңа технологияларын қолдану 
жол дары, түрлі пәндердің оқыту заңдылықтары мен ұстанымдары және 
басқа да дидактиканың біртұтас жүйесіне қажетті өзекті мәселелерді шы-
ғармашылықпен зерттеп, елімізде дидактиканың дамуына үлес қосты.
Дидактика мен әдістеме бірін-бірі қайталайды деген пікір жиі кездеседі. 
В.В. Краевский: «Әдістеме – бұл жеке пән дидактикасы, яғни жалпы ди дак-
тикаға «қосымша». Екінші жағынан, әдістеме өзінің белгілі бір пәнді оқыту 
мен оның құралдары арқылы тәрбиелеу сияқты зерттеу пәні бар, өз алдына 
бөлек пән болып табылады. Сондықтан әдістеме дидактикамен объектісінің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет