307
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
Зерттеу Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясында профес-
сор А.Қ. Құсайыновтың басшылығымен жүргізілуде. Зерттеу пәні – кәсіптік
стандарттарды жобалау. Бұл зерттеу нәтижесінде профессор Н.А. Шамель-
ханова «Модернизация содержания профессионального образования» атты
монография (Алматы, 2011. – 232 с.) жариялады.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде
түбірлі өзгерістер болды. Бұл кезеңді тек ғылыми-техникалық прогреске сай
ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы әлеуметтік сұранысқа сәйкес дайында-
латын маманның үлгісін қалыптастырудың зерттеушілік және практикалық
жұмыстарының бастамасы деуге болады. Мұның өзі ғылымның көптеген
салаларында модельдеуді тиімді тәсіл ретінде қолдануға жол ашты және
зерттеулердің әртүрлілігі бір үлгідегі нормативтік құжат ретіндегі ма ман-
ның біліктілік сипаттамасын жасауға әкелді.
Егемендік алғаннан кейін әр республика жоғары кәсіптік білім беруді
дамытудың тұжырымдамасын жасау қажет болды. Қазақстан Республика-
сы Лиссабон Конвенциясының ұстанымдары мен критерийлеріне сәйкес
өзінің тұжырымдамасын анықтады. Тұжырымдаманың негізі Халықаралық
білім берудің біліктілік стандартының ұсыныстарына сүйенді.
Жоғары
кәсіптік білімді дамытудың қабылданған тұжырымдамасына сәйкес бака-
лавриат, магистратура стандарттары жасалды. Оларда алғаш рет «маман
моделі» термині қолданылып, «түйінді құзыреттіліктеріне қойылатын та-
лаптар» белгіленген.
Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан
келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын жасауда негізгі
ереже ретінде төмендегілерді көрсетеді:
– құзыреттілік ұғымы тек танымдық және технологиялық құраушы
ғана емес әрі мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық,
яғ ни ол оқыту нәтижелерін (білім мен іскерлікті), құндылық бағдар жүйе-
ле рін, әдет және т.б. қамтиды;
– құзыреттілік алынған білім, іскерлік,
тәжірибе мен мінез-құлық
тәсілдерін нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілетін білдіреді.
Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындаған диссертация тақырыбы: «Теоретические основы формирова-
ния исследовательской культуры обучающихся технических университе-
тов» (Алматы, 2009).
Ғылыми еңбектері: Исследовательская подготовка будущих инжене-
ров (концепция формирования исследовательской культуры): монография.
– Алматы: КазНТУ, 2005. – 268 с.; Модернизация содержания профессио-
нального образования: монография. – Алматы: Rond&A, 2011. – 232 с.
Профессорлар А.С. Тотанова, Л. Аубакирова, Ж. Асанов педагогикалық
зерттеу әдістемелерін ұсынды.
4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
308
Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің
математикалық және
статистикалық әдістерінеарнап Б.М. Қосанов, К. Кенжеғалиев, Г.К. Ахме-
това, С.А. Ұзақбаева және т.б.ғалымдар оқу құралдарын жазды.
Калкеева Қамарияш Райханқызы – педагогика
ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік педагогика
және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры.
1958 жылы қаңтардың 23-жұлдызында Қара ған-
ды облысының Ақтоғай ауданында туған. 1985 жылы
Жезқазған педагогикалық институты филологиялық
факультетінің «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі»
мамандығын тәмамдады.
1985–2006 жылдар аралығында Жезқазған пе-
да гогикалық
институтында, Ө.Ә. Байқоңыров атындағы университетте
қызмет атқарды. 2006–2011 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінде қызмет атқарды. Қалкеева Қамарияш
Райханқызының ғылыми ізденімдері Қазақстан
педагогикасы мен білім
тарихы және педагогика ғылымының дидактика салаларына бағытталған.
«Қазақстан педагогикасы мен білім тарихы» атты жаңа оқу пәнін жасап,
оны педагогтік мамандар дайындау, оқу үдерісіне енгізді [97].
2011 жылдың «Үздік оқытушы-2011» атағының иегері. Ғалымның
қаламынан 2 монография: «Ыбырай Алтынсарин оқулықтары», «Қазақстан
педагогикасы және білім тарихы: полипарадигмалық тұғыр», 2 оқулық:
«Педагогика пәнінің логикалық-құрылымдық курсы», «Қазақстан педа-
го гикасы және білім тарихы», «История педагогики и образования Ка зах-
стана», 10-нан астам оқу-әдістемелік құралдар және 100-ден астам ғылыми
ма қалалар жарық көрді. Ғылыми жоба авторы. 18 магистрант, 2 ғылым кан-
дидатын дайындады.
Достарыңызбен бөлісу: