129
2.1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәселесі мен тақырыбы, көкейкестілігі
Негіздеме жазу зерттеушінің алғашқы үлкен интеллектуалдық жұ мы-
сының нәтижесі болып табылады. Бәрінен бұрын зерттеу аймағын таң-
дау
негізделеді, яғни көптеген маңызды шешімдерді қажет ететін мә се-
лелері жинақталып қалған болмыстың аясы (біздің жағдайымызда – ди-
дак тикалық). Зерттеу нысанын таңдау көкейкестілік, шешілмеген мә се ле-
лердің болуы, ғылыми ізденістегі жаңалықтар мен келешек дамуы сияқ ты
көр сеткіштер негізінде айқындалады. Субъективтік факторлардың қа ты-
сының да мәні аз емес: базалық білімінің болуы, өмірлік тәжірибесі, ғы-
лым ға икемділік,
зерттеуге қызығушылық, оның практикалық жұмысына
байланысты бағыттардың зерттеуге сұранып тұруы, белгілі бір тақырыпқа
бағдарланған ғылыми ортада жұмыс істеуі және т.б.
Белгілі әдіснамашы В.В. Краевский зерттеу тақырыбының көкей кес ті-
лігін негіздеудің өзіндік логикалық тізбегін ұсынады (жоғарыда 1-суретте).
Сөйтіп, зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің құрылымы өзектендірудің
мынадай қадамдарынан көрінеді: объективті дүниенің жүйесі ретінде зерт-
теу нысанының пайда болуы; зерттеу мәселесінің көрінуі; сәйкессіздіктің,
қарама-қайшылықтың байқалуы; зерттеу тақырыбының нақтылануы; зерт-
теу көкейкестілігінің айқындалуы [114].
Қорытындыда айтарымыз, барлық әдіснамалық сипаттамалар бір-бі-
рімен байланысты, бірін-бірі толықтырады және түзетеді. Мәселе зерттеу
тақырыбында ғылымда жеткен жетістіктерден алға жылжу қозғалысы тү-
рінде көрініс табады, ескі мен жаңаның қақтығысын көрсетеді. Өз кезегінде
алға қойылған мәселелер мен тақырыптарды құрастыру зерттеудің кө кей-
кестігін анықтау мен негіздеуге сүйенеді. Зерттеу объектісі зерделеуге қа-
жетті саланы, ал пәні зерделеу қырын көрсетеді. Сонымен, тізілген си пат та-
малардың барлық элементтері біріне-бірі сәйкес, бірін-бірі толық ты ра тын
жүйені құрайды. Жалпы танымдық ой ғылыми жұмыстың типіне ба ғы ныш-
ты емес. Студенттің дипломдық жұмысы
және магистрлік диссертация,
әрине, көлеміне, зерттеудің объектілік саласына, іргелілігіне, талдау терең-
ді гіне және т.б. байланысты ажыратылады да, бірақ барлық өлшемдер мен
ғылымның сипаты және танымның жалпы қисыны бойынша ұқсас болады.
Бұл ретте әдіснамалық сипаттамалар жүйесі оның сапасының жалпылама
көрсеткіші болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: