Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым


Әдіснамалық білімнің негізгі түрлерінің элементтері



Pdf көрінісі
бет39/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Әдіснамалық білімнің негізгі түрлерінің элементтері
Ғылыми 
теория
Ғылымдерегі
Заң
Ғылыми 
ұғым
Эксперимент 
туралы білім
Қолданбалы 
білім
1
2
3
4
5
6
Теорияны 
зерттеу пәні 
мен нысаны
Құбылысты 
табиғи тілмен 
және белгілі 
ұғымдармен 
сипаттау 
Заңның фор-
мулалары 
Ұғым 
анықтамасы
Эксперимент 
мақсаты 
Нысанның 
қызметтік 
анықтамасы
Теорияның 
негіздемесі 
Сандық және 
сапалық си-
паттамаларды 
енгізу 
Заңды 
символдық 
формада 
жазу 
Анықтаманы 
символдық 
формада жазу 
Зерттеу 
әдістемесі 
(өлшеу про-
цедурасы)
Нысан 
жұмысы 
негізделген 
заң 
Теорияның 
инструмента-
риясы
Құбылысты 
жаңа ғылыми 
ұғыммен си-
паттау 
Заңды алу 
жолдары 
Анықтама 
анализі (фор-
мулалар)
Өлшеу 
нәтижесі 
Құрылғы 
сызбасы 


1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
86
1
2
3
4
5
6
Теорияны 
қолдану 
шегарасы
Құбылыстың 
заңдылық 
формуласы
Заңды 
қолдану 
шегарасы 
Анықтаманы 
қолдану ше-
гарасы
Нәтижелерді 
түсіндіру
Жұмыс 
үдерісі
Теория салда-
ры және оны 
тексеру 
Құбылысты 
белгілі тео-
рия негізінде 
талқылау 
Заңды 
қолдану 
Өлшеу 
бірліктері 
Қорытынды 
мен 
ұсыныстар 
Объектілерді 
қолдану 
Педагогикалық зерттеудің теориялық негізі туралы білім көптеген оқу 
құралдарының «Идея, жетекші ой және болжам – зерттеудің теориялық 
ядросы» деген тармақшаларында беріліп жүр. Зерттеуші болашақтағы 
нәтижеге қол жеткізу үшін қандай жолмен жүру керек, ненің көмегімен 
жоспарланған нәтиже алынатынын тек болжам жасау арқылы пайымдай 
алады. Алдын ала жобалау мақсатында білім алушы әуелі өзінің санасын-
да болжамды қалыптастырып алады. Логикалық тұрғыдан қолданыстағы 
теория түсіндіріп бере алмайтын ғылыми фактілерді талдаудан жетекші 
идеяға, одан кейін болжамға айналатын объектіні қайта жаңартып құруға 
қажет жаңа ой жүйесіне қарай ұмтылысты қозғалыс басталып, іске асы-
рылады. Осыған орай ғылыми факт туралы мәселеге оралу керек болады. 
Бірақ факт құбылыс емес. Факт дегеніміз – көптеген құбылыстардың және 
байланыстардың көрінісі. Демек, педагогикалық факт деп орта жағдайлары 
мен тұлға дамуы факторлары арасындағы белгіленген көп рет қайталанған 
және тіркелген байланыстарды атауға болады. Фактілердің жиналуына 
қарай іске асырылуының жетекші идеясы бар жаңа теорияға қажеттілік ту-
ындайды. Идеяның тууы және оның іске асуы болжам түріндегі теориялық 
ядроны құрайды. Бастапқы фактілерді талдап және бағалап алғаннан кейін 
нақты зерттеудің теориялық тұжырымдамасының негізгі қағидалары 
бөлініп көрсетіледі. Мұндай теориялық тұжырымдаманың негізіне барын-
ша тексерілген, бірақ бұл зерттеуде тексерілмейтін қағидаттар алынады. 
Мысалы, «денсаулық мектебін» құру немесе реабилитациялық-балалық 
орталығын құру идеясы туралы сөз болғанда, ең жоғары адами құндылық 
ретіндегі денсаулық жайлы бастапқы қағидалар алынады.
Енді осы бастапқы қағиданы бірнеше рет «елегіштен» өткізіп, қа-
ғи даның келешекте керек, яғни өзімізге ұнайтын қалпын ойша елестетіп 
көру қажет. Осы әрекеттің шарттары, тетіктері, құралдары іздестіріледі. 
Мұнда қайта жаңғыртып құру идеясы өмірге келеді. Сонымен, бастапқы 
ұс танымды жаңарту тізбегі былайша көрініс табады: бастапқы факт (объ-
ектінің өзекті жайы) – негізгі теориялық қағидалар (тұжырымдамалық 
плат форма) – идея – құралдар – ой – болжам (идеяны, ойды жүзеге асы-
ру) – жаңа қажет факт (нысанның қажет, ұнамды жай-күйі). Әрине, бұл са-
тылар баламалы, басқаша да құрылуы мүмкін. Зерттеуші үнемі теориялық 


87
1.5. Теориялық білім – ғылыми-педагогикалық зерттеудің базасы
және эмпирикалық талдауға қайта-қайта оралып отырады. Осының ішінде 
ең бастысы – болжам. Егер ол зерттелетін байланыстарды, олардың ішкі 
бай ланыстарын қамтыса, онда болжам теориялық сипатқа ие болады. Ай-
талық, дидактикада және педагогикалық психологияда соңғы жылдары 
ұс танымдық деңгейде оқытудағы теориялық талдап қорытудың жетекші 
рөлі (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов), мектепте адами мәдениеттің барлық 
элементтерін меңгеру қажеттігі (И.Я. Лернер) туралы болжамдар жасалды.
Ал тәрбие теориясы мен әдістемесінде жаңа болжамдар жасау күр де-
лірек. Бұл жерде бұрынғы болжамдардың жаңа негізде қайта жасалуы ту-
расында айтуға болады. Мысалы, тәрбие жүйесі ретіндегі ұжым (Л.И. Но-
викова, В.А. Караковский және т.б.), жеке тұлға тәрбиесінің құралы ұжым-
дық шығармашылық әрекет (И.П. Иванов және т.б.), мектеп пен ортаның 
бірлігін талап ететін кең көлемді әлеуметтік тәрбие (Л.И. Новикова, 
В.Г. Бочарова және т.б.).
Сонымен, зерттеудің теориялық платформасының құрамына ұғымдық-
терминологиялық жүйе, теориялар (зерттелетін мәселенің теориясы), тұ-
жы рымдамалар, ұстанымдар, тұғырлар және т.б. енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет