ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен



бет21/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Мұғалімдер даяр- . Елімізде жаппай бастауыш оқуды жүзеге

лау ісі асыруға байланысты педагогикалық училищелердің саны өте тез өсті. Оларда оқитын оқушылардың саны 1930 және 1933 жылдардың арасында 2,5 есе есті. 1934—1935 оқу жылында елімізде 772 педучилище болды. 115 педагогтың институтта 67 мың студент оқыды. Жеті жылдық және он жылдың мектептердің санының өсуіне байланысты, 1933 жылдан бастап екі жылдың оқытушылар институттары ашыла бастады.

Педагогтық оқу орындарының өсуінің қ арқыны жаппай бастауыш білім беруді жүзеге асырудың даму талабын қамта-

230


масыз ете алмады. Сондықтан 1930 жылдан бастап бастауыш мектепке мұғалімдер даярлайтын мыңдаған қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды. Жұмыс істеп жүрген мұғалімдердің білімін көтеру үшін педагогикалық оқу орындарының жанынан сырттан оқитын бөлімдер ашылды. Мүғалімдердің білімін жетілдіруде облыс орталықтарында ашылған білім жетілдіру институттарының ролі зор болды.

Жүргізілген шаралардың нәтижесінде елімізде 10 жылда (1930—1939) мұғалімдердің саны 2,5 есе өсті. 1930 жылы 481 мың мұғалім болса, 1938—1939 оқу жылы 1 миллион 27 мың мұғалімге жетті. Олардың саны өсуімен қатар, саяси саналылығы, белсенділігі, мәдени дәрежесі және педагогтың шеберлігі де дамыды. Мұғалімдер мектепте оқу-тәрбие жұмысын жүргізіп қана қойған жоқ, сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты (шаруаларды колхозға тарту, жергілікті советтердің сайлауы және т. б.).

1936 жылы СССР Халық Комиссарлар Советі мен партияның Орталық Комитеті “Мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің жалақысын көбейту туралы” қаулы алды. Бұл қаулыға сәйкес олардың жалақысы 1,5—2 есе өсті. 1939 жылы 4 мыңдай мұғалім орден және медальдармен наградталды. 1940 жылы еңбегі сіңген оқытушы атағы белгіленді.

1929 және 1939 жылдардың арасында одақтас республикаларда мектептің саны бірнеше есе ееті. Мысалы, 1928— 1929 оқу жылында Қазақстанда 2296 мектеп болса, 1938— 1939 оқу жылында олардың саны 8271-ге жетті. Сауатты адамдардың да саны есті. 1926 жылы РСФСР-да 9 жастан жоғары сауатты адамдар 55 процент болса, 1939 жылы 81,9 процентке жетті, Түркмен, Өзбек республикаларында 10—12 проценттен 67—70 процентке дейін өсті.

Қазақстандағы сауатсыздықты жою мен мектеп білімін өркендетудің тарихы — мәдени революцияның лениндік жоспары салтанатының тарихы еді. 1939 жылы республика халқының 76,3 проценті сауаттанды. Қазақстан қысқа мерзім ішінде сауаттылықтың Совет Одағы бойынша алғандағы орта деңгейіне жетті.

Қазақстан мектебін дамытуда қиыншылықтар да аз кездескен жоқ. Территория жағынан шашырандылығы міндетті оқуды орындауға кедергілер туғызды. Республика үкіметінің шешімі бойынша, интернаттар көптеп ұйымдастырылды. Малды ауданда тұратын он мыңдаған балаларды оқуға тартуға бүл шара мүмкіндік берді.

Республика үкіметі мен халық ағарту органдары орта мектепті дамытуға үнемі көңіл бөліп отырды. Қазақ АССР-інің Халық Комиссарлар Советі 1935 жылдың ноябрінде “Қазақстан мектептерінің структурасын реттеу және қазақ орта мектебін дамыту туралы” қаулы қабылдады.

231


1940—1941 оқу жылының аяғында Қазақ ССР-інде жалпы білім беретін мектептің саны сегіз мыңдай болып, оларда миллионнан астам бала оқыды.

Россияның көптеген мәдени орталықтарының жоғары және орта оқу орындары Қазақстан үшін болашақ мамандарды оқытты және даярлады. Жиырмасыншы және отызыншы жылдарда Совет Одағының Москва, Киев, Ленинград және басқа қалаларынан Қазақстанға жіберілген жоғары оқу орындарын бітірушілер мен ғалымдар және басқа мамандар республикада жоғары және орта оқу орындарын ұйымдастыруға, педагог кадрларын даярлауға көмектесті.

1938 жылы Орталың Партия Комитеті ұлт мектептерінде орыс тілін оқыту туралы қаулы алды. Ол мектептерде орыс тілі екінші кластан бастап оқытылып, бастауыш класс бітіргенде балалар орысша сөйлеу және жазу тілін меңгеруге тиісті болды. 1938 жылдан бастап СССР халықтары үшін орыс тілінде әліппе және басқа оқулықтар даярлау жұмысы қолға алынды.

¥ëт мектептеріне мұғалімдер даярлайтын педагогикалық оқу орындарының саны есті. 1939 жылы ұлт республикаларында 411 педагогтың училище (оларда 116 мың оқушы оқыды), 93 педагогтың институт (оларда 54 мың студент оқыды) және 4 оқытушылар институты (оларда 15 мың студент) болды.



Ұпы Отан соғысы Совет халқының фашистік Германияға

жылдарындағы қарсы соғысы көптеген материалдың күшті

мектеп және керек етті еңбекке жарайтын миллиондаған

педагогика адамдарды бейбітшілік еңбектен бөлді, Соғыстың ауыр зардабы еліміздегі халық ағарту ісіне, совет

мектебінің өміріне әсер етпей қойған жоқ. Сан мыңдаған жо-

ғары класс оқушылары, мұғалімдер мен студенттер Совет Ар-

миясы қатарына, халық ополчениесіне, партизандық күреске

аттанды. Мұғалімдер мен оқушылар қорғаныс жұмыстарына,

ауада қорғану, колхоз бен совхоздағы ауыл шаруашылық

жұмыстарына, металл сынықтарын, дәрі-дәрмектер жию,

ауруханадағы жаралыларға дәрігерлік жәрдем беру, әскер

семьяларына қамқорлық жасау жұмыстарына белсене ара-

ласты. Мектептерде қоғамдық пайдалы еңбекке араласу жұ-

мысы кең өріс алды.

Соғысқа жақын жерлердегі балалар тылға көшірілді. Жергілікті жерлерде ол балалар үшін үлкен қамқорлық жасалды. Мектеп-интернаттар ұйымдастырылды. Немістер уақытша жаулап алған жерлерде он мыңдаған мектептер қиратылды және талан-таражға түсірілді. Мысалы, РСФСР жерінде 17 мың, Украинада 20 мың мектеп үйі жойылды.

Балалардың панасыздығымен және бақылаусыздығымен күрес ерекше маңызға ие болды. Соғыс жылдарында мыңдаған бала ата-анасынан айрылды. Оларға деген барлық қам-

232


қорлықты мемлекет өз міндетіне алды. Қазақстанның барлық облыстарында да жаңадан балалар үйлері ашылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның балалар үйлерінде 45 мың бала тәрбиеленді. Соғыстың қатерлі алғашқы жылдарында шалғай тылдағы рэспублика ретінде Қазақстанға күнбе-күн дерлік балаларды тиеген эшелондар келіп жатты. Бұлар Россия федерациясының, Украинаның, Белоруссияның майдан шебіндегі аудандарының балалар үйлерінің тәрбиеленушілері еді. Қазақстанға Москваның Совет, Пролетар, Таған аудандарының әкелері майданға, шешелері қорғанысқа еңбек етуге кеткен төменгі класс оқушыларын әкелді. Олар үшін Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында интернаттар ұйымдастырылды. Қазақстанда Полына балалары үшін балалар үйлері ашылды. Балаларды орналастыру үшін мектептер, әкімшілік үйлері, тұрғын үйлер дереу босатылды. Жергілікті халық келген балаларға шын мәнінде әкелік қамқорлық көрсетті.

Біздің Отанымыздың басына түскен ауыр сын сағаттарында Қазақстанда 149 майдан шебінен келген балалар мекемелері мен оңу орындарын орналастырды, оларды қамқорлыққа бөледі.

Бұл жылдары мыңдаған бала еңбекшілер семьяларына тәрбиеленуге берілді; жүздеген баланы жүрт асырап алды. Халық ағарту органдары балаларға қамқорлың көрсету, ата-анасыз қалған жас өспірімдерді жұмысқа орналастыру мәселесімен күнбе-күн айналысты.

Мектепте мұғалімдердің және оқу құралдарының жетім-сіздігіне қарамастан, соғыс жылдарында балаларды жаппай оқуға тарту жұмыстары тоқтатылған жоқ, жеке пәндерді оқытуда балаларды патриоттың идеяда тәрбиелеу мәселесіне кеп көңіл бөлінді, дене тәрбиесі дамытылды, жастарға ауыл ша-руашылығына араласуға қажетті агротехникалық білімдер берілді, халық арасында жалпы қорғау және саяси-көпшілік жұмыстарын жүргізуге араласу, оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру мәселелеріне жете көңіл бөлінді. Совет мұғалімдері бұл міндеттерді ойдағыдай орындады. Мектепте жаппай ұйымдастыру мақсатымен қосымша мектептер ашылды. Тез қарқынмен мұғалімдер даярланды, оқуға тартылатын балалардың есебі мұқият жүргізілді. Осы шаралардың нәтижесінде мектепке тартылған балалардың саны көбейіп отырды.

1944—1945 оқу жылынан бастап оңушылар мектепке жеті жастан алына бастады, Мектепті тастап, еңбекке араласқан жастар үшін 1943 жылдан бастап кешкі мектептер ашылды. ¥лы Отан соғысы жылдарында мектеп өміріне аздаған өзгерістер енгізілді. Бастауыш кластарда тарих, география, жаратылыс пәндері жеке оқытылмай, оқу сабағына қосылды.

Оқушыларға саяси-идеялық тәрбие беруге тікелей қатысы

233

бар тарих, конституция, әдебиет сабақтарына мектепте көбірек көңіл бөлінді, сабақта болсын, сабақтан тыс тәрбие жұмысында болсын, балаларды советтік патриотизм рухында тәрбиелеуге баса назар аударылды. Физика, химия, жаратылыс сабақтарын оқытудың программасына белгілі өзгеріс енгізілді, бұл сабақтардың өмірге байланысы күшейтілді. 1941 жылдан бастап ауыл шаруашылығының негіздері оқытыла бастады.



1943 жылдан бастап “Оқушылар ережесі” енгізілді. Мұнда оқушылардың мектеп, мұғалімдер, ата-ана және жолдастары алдындағы міндеттері, олардың мектептегі және мектептен тыс мінез-құлқы белгіленді. Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жақсаруында “Оқушылар ережесін” енгізудің мәні өте зор болды.

Мектеп жұмысында белгілі кемшіліктер де орын алды. Оқытуда формализмге жол берілген жағдайлар да болды. Әсіресе орыс тілін оқытуда елеулі кемшіліктер кездесті, оқыту өмірден алшақ, мектеп бітірген жастардың практикалық даярлығы шамалы болды. Оқытуда социалистік жарыстың орын алуы балаларға көтерме баға қоюға әкеп соқты. Сондықтан оқу жұмысында социалистік жарысқа тыйым салынды. 1944 жылдың январында балалардың сабақ үлгіріміне бес балдық баға қою жүйесі енгізілді. Бұл жаңалық мұғалімдерден қоюға жауапты қарауды талап етті. 1943 жылы енгізілген ер балалар мен қыз балаларды бөлек мектептерде оқыту 1954 жылы қате шешім ретінде өзгертілді.

1944 жылы СССР Халың Комиссарлары Советі “Мектептегі оқу жұмысының сапасын жақсарту шаралары туралы” қаулы алды. Бұл қаулы бойынша бастауыш және жеті жылдық мектепті бітірушілер мектеп бітіру емтихандарын, ал мектепті бітірушілер кәмелеттік аттестат алу емтихандарын тапсыруға міндеттелді. Орта мектепті үздік бітірушілер алтын және күміс медальдармен наградталатын болды. Бұл қаулы мұғалімдер мен оқушылардың жауапкершілігін күшейтті.

Совет мектебі және педагогикалық ғылымдарды дамыту мақсатымен 1943 жылы РСФСР Педагогикалық ғылымдар академиясы құрылды. Бұл академияға жалпы және арнаулы педагогика, педагогика тарихы, психология, мектеп гигиенасы және пәндерді оқыту методикасын зерттеу мәселелерімен шұғылдану міндеті жүктелді.

Көптеген мұғалімдердің Совет қатарына алынуы олардың орнына қысқа мерзімде даярланған мұғалімдерді қизметке алуға мәжбүр етті. Сондықтан мұғалімдердің білімін жетілдіру мәселесі ерекше көңіл белуді керек етті. Бұл саяада мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары елеулі міндет атқарды.

234


Михаил Иванович Калинин

коммунистік тәрбие туралы

Ұлы көсеміміз В. И. Лениннің сенімді серігі М. И. Калинин өзінің бүкіл саналы өмірін еңбекшілер бұқарасының бақыты үшін сарып етті,

Ол өз өмірін маркстік құпия ұйымдарға белсенді араласудан бастап, лениндік жалынды революционерлер мектебінің белгілі қайраткері болып қалыптасты.

Патша өкіметі кезінде М. И. Калинин 14 рет ұсталды, бірақ ол революциялың ісін түрмеде отырса да тоқтатпады. Ол әр уақытта да жаңа коммунистік қоғам үшін күрестің ең алдыңғы қатарлы сапында болды.



Михаил Иванович тверлік шаруадан, питерлік жұмысшыдан дүние жүзіндегі ең бірінші социалистік мемлекеттің басшысы дәрежесіне дейінгі ірі және тамаша өмірлік қолдан етті, 27 жыл үзбестен Совет мемлекетінің жоғарғы басшыларының бірі ретінде жұмыс істеді.

М. И. Калинин жұмысшы табы мен шаруаның одағын күшейту, көп ұлтты Совет құру және бекіту жолында қажырлы түрде күресті. Міне, сондықтан да біздің еліміздің жұмысшысы мен шаруасына да, интеллигенциясына да М. И. Калинин жақын болды, оны жоғары қадірледі.

М. И. Калинин біздің еліміздің тарихында ірі пролетарлық революционер және мемлекет қайраткері ғана емес, ол халық бұқарасының және жастардың атақты тәрбиешісі болып есептеледі.

Саяси және мәдени ой-өрісі кең, өмірлік тәжірибесі мол және бұқарамен байланысы терең Михаил Ивановичтің сөйлеген сөздері тым әсерлі болатын. Халық үшін қарапайым және жетімді түрде коммунистік тәрбиенің ең күрделі мәселелерін көтеріп отырды.

М. И. Калинин өзінің артына тамаша педагогикалық мұра қалдырды. Өзінің барлық мақалалары мен сөйлеген сөздерінде (жарыққа шыққаны 200-ге жуық) үнемі коммунистік тәрбие мәселелеріне тоқтады. Ал көптеген мақалалары мен сөздері жас өспірімдерді тәрбиелеу және оқыту мәселелеріне арналған.

М. И. Калининнің бүл мақалалары мен сөздерінде коммунистік тәрбиенің міндеттері мен мазмұны, оның әдістері, со-

235


вет мұғалімдерінің ролі, комсомол және пионер ұйымдарының тәрбиелік ролі жөнінен құнды кеңестер бар.

М. И. Калинин өзінің педагогикалық ойларын марксизм-ленинизмнің коммунистік тәрбие жөніндегі іліміне сүйене отырып құрды, бұл ілімді социалистік құрылыстың нақты міндеттеріне қарай дамытып отырды.

“Коммунистік тәрбие біздің ұғымымызда,— деген ол,— әр уақытта нақты болып келеді. Біздің жағдайымызда ол партия мен Совет мемлекетінің алдында тұрған міндеттерге бағындырылуы тиіс”. Михаил Ивановичтің коммунистік тәрбие мәселелеріне бұлай қарауы жаңа адам тәрбиелеу жөніндегі оның көзқарастарының өмірлілігін және актуалдылығын көрсетеді.

Коммунистік тәр- М. И. Калииин өзінің сөйлеген көптеген

биенің мақсаттары сөздерінде коммунистік тәрбиенің мәнін

туралы және оның буржуазиялық тәрбиеден бүтіндей өзгешелігін анықтады. 1940 жылы 2 октябрьде Москва қа-ласының дартия активінің жиналысында жасаған “Коммунистік тәрбие туралы” деген баяндамасында педагогиканың бұл маңызды ұғымына мынадай анықтама берді: “...тәрбие деген сөз — тәрбиеленушінің бойына тәрбиеші қалаған қасиеттерді егу үшін, оның психологиясына мақсат көздеп, үнемі ықпал етіп отыру деп білемін” .

Михаил Ивановичтің көрсетуінше, Коммунистік тәрбиенің мақсаты жас өспірім ұрпаққа коммунистік көзқарас пен адамгершілікті сіңіру, ерік пен мінездің белгілі сапаларын, әдет пен дағдыларды қалыптастыру.

Сүйтіп, М. И. Калинин тәрбиелеу дегеннің мәнісі не деген сұраққа жауап бере келе, 1939 жылы орденді оқытушылардың кеңесінде былай деді: “Тәрбиелеу дегеннің мәнісі не? Мұның мәнісі — оқушының психикалық, моральдың бейнесіне ықпал жасау; оған он жылдың оқу бойында белгілі бір бағытта ықпал ету, яғни оны адам етіп шығару деген сөз”.

М. И. Калинин осы қысқаша анықтамасында тәрбиені кездейсоқ оқиға деп қарамай, жас өспірімге тәрбиеші тарапынан жүйелі түрде ықпал жүргізуді дұрыс деп санады. Сонымен бірге тәрбие мәселесіндегі оқытушының жетекші-және шешуші ролін көрсетті.

Өзінің оқытушылар мен оқушылар және комсомол активінің алдында сөйлеген сөздерінде М. И. Калинин марксизм-ленинизм іліміне сүйене отыра, таптық қоғамдағы тәрбие мен моральдық таптың сипатта болатындығын, советтік қоғам тәрбиесінің буржуазиялық қоғам тәрбиесінен бүтіндей өзгешелігін дәлелдеді. Буржуазиялық қоғамдағы тәрбие үстем болып отырған таптың екі жүзділік озбыр мүддесін бейнелейтіндігін, ондағы тәрбие капиталистік қоғамның антагонизмінің салдарынан терең қайшылықта болатындығын ескертті.

236-


Ол буржуазиялық елдердегі “Шіркеудің, мектептің, өнердің, баспасөздің”, кино-театрдың және ұйымдардың, міне, осының бәрі қалың көпшіліктің санасына буржуазияның көзқарасын, моралын, дағдыларын сіңіретін құрал екендігін айтты. Михаил Ивановичтің бұл ойлары қазіргі кездегі буржуазиялық қоғам тәрбиесінің таптық мақсатын дұрыс түсінуге, империалистік елдер тәрбиесінің реакцияшыл бағытын әшкерелей білуге көмектеседі.

М. И. Калинин коммунистік тәрбиенің буржуазиялық тәрбиеден бүтіндей тек өзінің мақсатымен ғана емес, әдісімен де өзгеше екендігін көрсетті. Михаил Ивановичтің сөзінше ол: “Калың көпшіліктің саяси санасын, жалпы мәдениетін өсірумен, оның ой-өрісін жоғарылатумен тығыз байланысты”.

Осыған байланысты М. И. Калинин біздің еліміздегі мәдениет революциясын социалистік құрылыстың қажетті шартының бірі деп есептеді. Совет мемлекетінің басшысының бірі бола отырып, ол еңбекшілердің мәдени дәрежесінің көтерілуі жолында жұмыс істеді. М. И. Калининнің ересектер арасындағы сауатсыздықты жоюда, жалпыға бірдей оқуды енгізуде, социалистік өндіріске кадрлар даярлауда зор еңбегі сіңді.

Советтік педагогика ғылымы үшін М. И. Калининнің ком-мунистік тәрбиенің міндеттері мен мақсаттары жөніндегі пікірлері аса құнды еңбек болып саналады.

Өзінің сөйлеген сездерінде М. И. Калинин Коммунистік тәрбиенің мақсаты — жаңа қоғамның жан-жақты жетілген құрылысшыларын тәрбиелеу екенін баса айтты.

“Бізде социалистік қоғамның жаңа адамы туып келеді,— дейді М. И. Калинин 1938 жылғы 28 декабрьдегі қала және село мектептерінің озат мұғалімдерінің мәжілісінде сөйлеген сөзінде,— міне, осы жаңа адамдарға адамның ең жақсы деген қасиеттерін сіңіре білуіміз керек”.

Бұл жаңа адамға — социалистік қоғамның азаматына — қандай қасиеттер сіңіру керек? Совет мектебі оларға ең алдымен қандай сапалар ендіру керек?

Бұл сұрақтарға жауап ретінде М. И. Калинин мынадай са-паларды көрсетеді: “Бұл, біріншіден, өзінің халқын сүю, еңбекші халықты сүю... Екіншіден, шындық... Үшіншіден, батырлық... Төртіншіден, жолдастық, ауыз бірлік... Бесіншіден, еңбекті сүю керек. Тек қана сүйіп қоймай, еңбекке адал қарай білу керек, егерде адам тіршілік етіп, тамақ жей отырьш жұмыс істемейтін болса, онда ол адамның кісі еңбегін жегендігі, мұны ешқашанда естен шығармау керек”

М. И. Калинин бұл сапаларды көрсетумен ғана тынбай,

М. И. К а л и н и н. Коммунистік тәрбие туралы. 1949, 60-бет.



1 М. И. Калинин. “Коммунистік тәрбие туралы”. Алматы, 1949, 38—39-беттер.

237


балалар мен жастарға көптеген басқа сапаларды: идеялық тәртіптілік, жинақылық, жоғары саналылық, мәдениеттілік сияқты сапаларды сіңіруді көздеді.

Социалистік қоғамның жаңа адамын қалыптастыру мәселесінде

М. И. Калинин коммунистік идеялық пен саяси саналылыққа ерекше мән берді. Жастарға арнаған сөздерінде бір неше рет оларды идеялық өмір құрура, Отанына, халқына бір мүдделес өмір сүруге шақырды.

М. И. Калинин жастар санасында коммунистік көзқарас қалыптастыруға көп көңіл бөлді. Бұл жайында ол “Астрономға орасан зор телескоп, ал лабораториялардағы зерттеушілерге — микроскоп қандай қажет болса, дүниеге коммунсті көзбен қарау пролетариат революциясының күресшісі үшін дәл сондай керек нәрсе” ',— дейді.

Михаил Иванович 1940 жылы 7 апрельде Москва қала сындағы Бауман ауданының VIII, IX және X класс оқушылары алдында сөйлеген сөзінде жастарға мүмкіндігінше ерте бастан-ақ өздерінің өмірлік жолын белгілеп, мінезі мен сенімдерін, тұрақты көзқарасын қалыптастырып отыруға үйретті

М. И. Калинин біздің елімізде жас өспірімдердің саяси сауатын дамытуға толық мүмкіншіліктердің жеткілікті екен дігін, бұл міндетті шешуде комсомол және пионер ұйымдарының ерекше роль атқаратындарын ескертті. 1945 жылы 11 июльде “Комсомольская правда” және “Пионерская правда” газеттеріне СССР ордендерін тапсырарда сөйлеген сөзіндс жастар газеттерінің тәрбиедегі ерекше міндеттерін айта келе: “Бұл жұмыстың маңызы олардың, жастардың ой-өрісін кеңіте беруде — сөйтіп, мұнымен қатар жұмысқа деген белсенділік талабы арта беретін етуде, олар жас кезінің өзінде-ақ өмірден жеріп, болашағында еш нәрсе жоқ деп ойлайтын адамдар болып қалмай, олардың белсенділігі, "өмірге талпынуы, жұмысқа талпынуы үздіксіз арта беретіндігінде болып отыр” 2.

Жас өспірімдердің саяси санасын дамыту ісінде М. И. Калинин олардың марксизм теориясымен қарулануына зор мән берген. Ол өзінің көптеген сөйлеген сөздерінде жастарға марксизмді творчестволық түрде меңгерудің қажеттілігін, оны практикалық өмірге қолданудың, басшылыққа алудың қажеттігін ескертті.

Коммуниетік М.И.Калининнің барлық сөйлеген сөздерінде адамгерштік тәр жас өспірімдерді коммунистік мораль рухын

биесі тәрбиелеу мәселелері кең орын алған. Ол

мораль жөніндегі марксизм-ленинизм іліміне сүйене, оны дәлелдей отырып, коммунистік мораль адам қоғамындағы моральдық жоғары түрі екендігін көрсетті.

1 М. И. К а л и н и н. “Коммунистік тәрбие туралы”. Алматы, 1949, 71-бет.

2 Бұл да сонда.

238 .


Коммунистік моральдың маңызды саласы, элементі,

М. И. Калининнің ойынша, социалистік Отанға деген сүйіспеншілік және оған берілгендік. Ол совет патриотизмінің белсенді және әсерлі болатындығын, сондықтан біздің патриотизмінің Отанға сүйіспеншілік туралы, сөз жүзінде ғана шектеліп қоймай, өз халқына іс жүзінде қызмет ете білу екендігін айтты. “...дерексіз, платонистік сүю емес, құлшынған, белсенд, қызулы, сарқылмас сүю, жауларға ешбір мейірім дегенді білмейтін, Отаным дегенде іркілместен неге болса да шыдайтын сүю” 1,— болсын деді.

Михаил Иванович советтік патриотизмге тәрбиелеу мәселелер жастарды советтік, ұлттық, намыс рухында тәрбиелеумен байланыстыра қарады. Совет патриотизмін насихаттау халқымыз-дың басынан өткен тарихын мақтан ету, халқымыздың дамуын ілгері бастырған аталарымыздың жемісті істерін мақтан ету бағытында жүргізілуі тиістігін ескертті.

М. И. Калинин жастардың мораль тәрбиесінің маңызды міндетінің бірі — еңбекке жаңа коммунистік көзқараспен қарауға тәрбиелеу, еңбекті сүюге тәрбиелеу деп есептеген.

Ол баланы тәрбиелеудегі еңбектің ерекше маңызын көрсетті, абланы еңбекке икемсіз етпей, дұрыс тәрбиелеуді, жастайынан еңбекке баулуды талап етті.

Михаил Иванович әсіресе жастарды дене еңбегін сүюге шақырды, дене еңбегін сүю пролетарлық моральдың күшті тіректерінің бірі болады деген. Москваның Ленин ауданының жоғары класс оқушыларының алдында сөйлеген сөзінде әрбір совет жастары дене еңбегін бағалап, қарапайым жұмыстан шет тұрмауы тиіс, дене еңбегіне үйренген адам өмірді жақсы біледі, сондықтан әрбір оқушы кем дегенде өзіне ең қажетті нәрселерді жасап, даярлай білуге үйренетіндей болуға тиіс деген. М. И. Калинин біздің елімізде еңбектің абырой әперетінін, батыр атандыратынын, даңқ шығаратынын көрсете келіп: “осы жаңа ұғым совет азаматының бойына, қанына сіңуі керек, ең алдымен бұл өсиет комсомол мен совет жасының бойына сіңуі керек”2,— деген.

М. И. Калинин езінің “Колхоз құрылысы және колхозшы әйелдер туралы” деген мақаласында жалпы білім беретін орта мектеп бітірушілерді ауыл шаруашылық жұмысына тарту мәселесін айта келіп, бүл ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін арттырар еді дейді. Михаил Ивановичтің бұл сөзінің қазіргі кезде ерекше мәні бар. Оқуды өнімді еңбекпен байланыстыру мәселесі, орта мектеп бітірген жастарды өндіріс пен ауыл шаруашылық еңбегіне тарту, совет мектебінің политех-

1 М. И. Калинин. “Коммунистік тәрбие туралы”. Алматы, 1949,

164-бет.


2 М. И. К а л и н и н. О коммунистическом воспитании. Москва, 1956, с 229.

239


никалық оқу мәселесін шешу жолындағы күрделі міндеттердің бірі болып отыр.

М. И. Калининнің көрсетуінше, совет адамының моральдың сапаларының маңызды бір саласы — коллективизм.

Коллектившілдік біздің әдеттеріміз бен мінез-құлқымыздың бөлінбейтін бөлімі деп қараған. Коллектившілдік дағдыларды неғұрлым өндіріске, салтқа, қоғам өміріне жігерлі түрде өндіре берсек, соғұрлым коммунистік құрылыстың табыстары да жемісті болады деп үйретеді. Осы мәселеге тығыз байланысты түрде Михаил Иванович біздің жастарымызды жолдастық және достық қатынастарды күшейтуге шақырды. “Егер совет адамдары,— деген ол,— жас кезінен жолдастың, ауыз бірлік рухында тәрбиеленсе, СССР бұдан да күпіейе түседі”. Сондықтан баланы берік жолдастық, ауыз бірлікке ерте жасынан бастап тәрбиелеудің қажеттілігін ескертті.

М. И. Калинин жоғары моральдық -сапалардың бұлардан басқа түрлері болып есептелетін шындық пен адалдыққа тәрбиелеуді жоғары бағалаған, мұндай сапаларды сіңіру үшін де тиімді педагогикалық әдістерді қолдануға шақырды.

Сөйтіп, М. И. Калинин коммунистік тәрбие жөніндегі сөйлеген сөздерінде жаңа адамды қалыптастырудың кең программасын белгілеген, оның пікірлері өте мазмұнды және әр салалы.

М. И. Калинин коммунистік мораль тәрбиесін қалай жүргізудің негізгі жолдарын да көрсетті. Коммунистік моральдық нормалары мен ережелерін ендіріп, бекітудің өзара байланысы болатын ең негізгі екі жолын көрсетті. Біріншіден; коммунистік моральдың нормалары мен ережелері мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектеп, пионер және комсомол ұйымдары арқылы жүргізілетін адамгершілік тәрбиесі арқылы іске асады. Екіншіден, біздің советтік құрылыс, советтік шындық совет адамдарына коммунистік, адамгершілік принциптерінің үнемі еніп отыруына көмектеседі, сондықтан да ол: “Өмірдің өзі тәрбиеге көмектесіп отырған жерде адамдарды тәрбиелеу ісі қандай жеңіл болмақ”,— деген. .

М. И. Калинин жас еспірімдерге коммунистік тәрбие беру ісінде шешуші роль атқаратын орын жалпы білім беретіні мектеп деп есептейді. Ол мектепті коммунизм құрылысшы сын қалыптастырып, жан-жақты жетілдіретін бастапқы лаборатория деп атаған. “Мектеп,— деген ол,— сіздерді бірден-бір үздіксіз іске үйрететін орын... Мектеп көрмеген кісінің өмірі де қиын болады, оған соңыра жұмыс істеу де қиын. Бұл кемшілік, яғни жүйелі білімнің және жүйелі жұмыска әдеттенудің жоқтығы қашан да және қандай жұмыста болса да көзге көрініп тұрады, көлеңке ңұсап қашан да қыр соңдарықыздан қалмайды”.

М. И. Калинин жастарды ғылымды алға бастыруға, жара-

240

тылыс күштерін адам баласы қажетіне бағындырып отыруға шақырды.



М. И. Калинин совет мектебі оқушыларды белгілі білімдер жиынтығымен қаруландырумен қатар, оларды өз бетінше кітаппен жұмыс істеуге, өз бетінше ақыл-ой жұмысына үйренуді талап етті. Біздің мектебімізді бітірушілердің басты міндеттерінің бірі — олардың алған білімін іс жүзінде өмірге қолдана білуге үйренуі деген.

М. И. Калинин мектепте әсіресе орыс тілін тиянақты меңгеруге кеңірек тоқтады. Москва қаласының Ленин ауданындағы жоғары класс оқушыларының алдында сөйлеген сезінде : “Ең алдымен сіздер орыс тілін жақсы білуіңіз керек. Адмның жалпы жетілуінде орыс тілін білуді мен төтенше маңызды фактор деп есептеймін”,— деген.

Комсомолдың 20 жылдығына арналған “Комсомолдың даңқты жолы” деген мақаласында М. И. Калинин комсомолды жаетардың алдыңғы қатарлы отряды, жаңа адамды тәрбиелеу жөніндегі партияның жауынгерлік көмекшісі деп атады.

Михаил Иванович комсомол мен жастарды қоғамдық және саяси өмірге араластыруды, оларда коммунистік мінез-құлықтың дағдыларын тәрбиелеуді талап етті. Ол әсіресе комсолдың мектептегі жұмысына үлкен мән беріп, мектеп комсмолының негізгі міндеті — оқушыларға саяси жағынан әсер ету, партия мен совет үкіметіне, совет адамдарына коммуниетік тәрбие беру ісіне көмектесу деген.

М. И. Калинин пионер ұйымы туралы сөйлеген сөзінде ас пионерлер қозғалысының баланы ерте жастан бастап-ақ пролетариаттың мүддесімен, оның коммунизм үшін жүргізетін күресімен байланыстыратындығын айтты, Михаил Иванович пионер ұйымының қызметкерлерін жас ұландарға ақылы, қамқор болуға шақырды.

“Мемлекет, халық,— деді ол,— мұғалімдерге жас буынды, яғни өзінің үмітін, өзінің болашағын есіруді, жетілдіруді, қалыптастыруды сеніп тапсырады. Бұл үлкен сенім, бұл сенім мұғалімдерге зор жауапкершілік жүктейді”.

Мұғалім өзінің құрметті атағын жоғары ұстау үшін, оларда коммунистік идеялық, жоғары моральдық бедел, өз пәнін терең білу және сабақ берудегі шеберлік, оқу-тәрбие жұмысында творчестволық инициатива көрсету, жоғары мәдениетілік, қоғам жұмысына белсенді қатынасу сияқты сапалардың болуын қажет санады.

М. И. Калининнің коммунистік тәрбие жөніндегі пікірлерін оқушылар мен халқымыз жоғары бағалайды. Сөйтіп, тәрбие жөніндегі маркстік-лениндік ілімге негізделген М. И. Калининнің педагогикалық идеялары коммунистік тәрбиенің 1 М. И. Калинин. “Коммунистік тәрбие туралы”. Алматы, 1949, 7-бет.

241

теориясы мен тәжірибесіне қосылған бағалы үлес болып есептеледі.



¥ëы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп

пен педагогика (1946—1956 жылдар)

¥ëы Отан соғысынан кейінгі 1946—1950 жылдарда СССР Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту туралы бесжылдық жопарда соғыс кезінде қираған мектеп үйлерін қалпына келтірумен қатар, оны көптеп салу арқылы мектептің санын әлдеқайда көбейту жоспарланды. Жеті жылдық жаппай міндетті оқуды толық жүзеге асырумен қатар, орта мектептің жоғары кластарында оқитын балалардың санын көбейіу белгіленді. Мектеп үйлерін қалпына келтіруде, жаңа мектеп үйлерін салуда мектепті шефке алушы өндіріс орындары мен колхоз, совхоздардың ролі өте зор болды.

Осы шаралардың нәтижесінде жеті жылдық міндетті жаппай оқуды жүзеге асыруға мүмкіндік жасалды. 1949 жылы барлық бесінші класты бітірген оқушылардың алтыншы класқа алынуын жүзеге асыру мақсатымен алыс жерде тұратын балаларды мектепке жеткізіп салып, алып қайту ұйымдастырылды, мектеп жанынан интернаттар ашылды.

Партияның XIX съезі 1951—1955 жылдарда СССР халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспары туралы өз директивасында республика мен облыс орталықтарында, ірі ңалаларда, ірі өндіріс орталықтарында жеті жылдық оқудан жаппай міндетті толың орта білім алуға көшуді жүктеді. Әсіресе селолық жерлерде жеті жылдық және орта мектептер көбейтілді. 1955—1956 оқу жылында еліміздегі барлық орта мектептердің жартысынан көбі селолық жерлерде болды. Осы шаралардың нәтижесінде орта мектеп бітірушілердің саны жоғары оқу орындарына оқуға алынатындардың санынан әлдеқайда көбейді. Орта мектеп бітірушілердің белгілі белімі тікелей өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық еңбегіне араласуға тиісті болды. Ал оларды бұл міндетке даярлау тиісті жолға қойылмады. Орта мектеп бітірушілердің арнаулы даярлығын күшейту үшін, техникумдарда екі-үш жылдық арнаулы бөлімдер ашылды, бір және екі жылдық техникалық училищелер ұйымдастырылды.

Отан соғысынан кейінгі жылдары совет адамдарына идеологиялық тәрбие беру мәселесіне зор көңіл бөлінді. 1946— 1948 жылдары Коммунистік партияның Орталық Комитеті идеология мәселелері бойынша бірнеше қаулы алды, ол қаулыларда идеологиялық жұмыстың міндеттері белгіленді. Мектепте тарих, конституция және әдебиет пәндерінің идеологиялық дәрежесін көтеруге үлкен мән берді. Әдебиет пәнін оқытуда совет әдебиетіне көбірек уақыт бөлінді. Мұғалімдер

242


сабақта және сабаңтан тыс тәрбие жұмыстарында социалистік: құрылыстың жетістіктерін, совет ғылымы мен мәдениетінің табыстарын көрсету арқылы оқушыларда өз отанын мақтаныш ету, советтік патриотизм, отанына шын берілгендік сезімін тәрбиелеуге міндеттелді.

Мектепте биология пәнін оқыту мәселесіне зор көңіл бөлінді. Оқу программасына Мичурин және Павлов ілімдері кең кіргізілді. 40—50-жылдарда мектептерде оқу-тәжірибе учаскесі, тірі табиғат бұрышы, биология кабинеттері ұйымдастырылды. Алдыңғы қатарлы совет мектептері Отан соғысына дейінгі, әсіресе соғыс жылдарында, партияның XVIII съезінің шешімдеріне сай оқушыларды практикалық әрекетке даярлауда белгілі пайдалы жұмыстар жүргізді. Бұл жұмыстар негізінен сабақтан тыс уақытта немесе мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысында үлкен орын алды. Әсіресе мектеп жанындағы учаскеде және техникалық үйірмелерде бұл жұмыстар нәтижелі түрде жүргізілді. Алдыңғы қатарлы мұға-лімдер сабақта лабораториялық жұмыстар жүргізді, өндіріс орындарына балаларды экскурсияға апарды. Физика, химия,. биология пәндерінің мұғалімдері тәжірибе жасауға, есеп шығаруға көп кеңіл бөлді.

Әйткенмен соғыстан бұрынғы жылдары басталған мектептің өмірден алшақтығы соғыстан кейінгі жылдары күшейе түсті. Мектепте политехникалың оқыту мен еңбек тәрбиесінің жүйелі түрде жүргізілмеуі, мектептің өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінен алшақ болуына себеп болды. Осының нәтижесінде мектеп бітірушілердің өмірге, практикалык әрекетке қажетті даярлығы болмады.

1951—1955жылдардағы бесінші бесжылдық жоспарда орта мектепте политехникалық оқытуды жүзеге асыру міндеті жүктелді. 1954—1955 оқу жылынан бастап жаңа оқу жоспары мен оқу программалары енгізілді. Бұл оқу жоспарлары бойынша I—IV кластарда еңбек сабағы, V—VII кластарда оқу-тәжірибе учаскелерінде жұмыс істеу, VIII—X кластарда машинатану, электротехника және ауыл шаруашылығынан практикумдар жүргізілді, мектепте оқытылатын пәндердің (физика, математика, жаратылыс, химия, география) өмірмен байланысты жүргізілуі ескерілді.

1955 жылдан бастап мектептерде жоғары класс оқушыларының өндірістік бригадалары құрылды. Бұл бригадалар оқушыларды ауыл шаруашылық еңбегіне араластыруда үлкен роль атқарды. Коммунистік партияның XX съезінің шешімдеріне сай мектептерде политехникалық білім беруді жақсарту шаралары белгіленді. Мектеп оқушыларды өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі салаларымен таныстыруға, оқытуды қоғамдық еңбекпен байланыстыруға міндеттеді. Мектеп оқушылары өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы саласында өндірістік практикадан өтетін болды.

243


Соғыстан кейінгі жылдары совет муғалімдері оқыту мен , тәрбиелеудің белсенді түрлері мен әдістерін қолданды. Бұл жұмысқа алдыңғы қатарлы жеке мұғалімдер ғана ат салысып қойған жоқ, бүкіл мектеп коллективі, аудан, облыс болып кірісті. Оқу-тәрбие жұмысында балалардың ерекшелігін ерекше ескере отырып, класта екінші жыл қалып қоюды болдырмау үшін үлкен күрес өріс алды, оқытуда әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолдануға көп көңіл бөлінді. Сабақта әр түрлі жаттығулар жүргізуге уақыт көп бөлінді.

География, тарих сабақтарында өз өлкесін тану, өз өлкесінің тарихын, адамдардың ерліктерін білу, тарихи оқиғалардың болған жеріне экскурсия және туристік саяхат жасау жұмыстары кең жүргізілді. 50—60-жылдары оқу және тәрбие процесінде техникалық құралдарды пайдалану өріс алды.

Осы кезеңде мұғалімдер даярлау және олардың білімін көтеру жөнінде бірнеше шаралар жүзеге асырылды. Педагогикалық училищелерде он жылдық мектеп бітіргендерді екі жыл оқытатын бөлім ашылды. Бұрынғы мұғалімдер институттары 1952 жылдан бастап педагогтық институтқа айналдырылды. Мұғалімдердің материалдық жағдайын жақсарту мақсатымен 1948 жылы 10 февральда КПСС Орталың Комитеті мен СССР Министрлер Советі олардың еңбек ақысын, пенсиясын көбейту және тағы басқа жеңілдіктер беру жөнінде қаулы алды.

Мұғалімдердің білімін көтеру мақсатымен, педагогтық ин-ституттардың және педагогтық училищелердің жанынан сырттан оқитын бөлімдер ашылды. 1957—1958 оқу жылынан бастап педагогтық институттарда жоғары білімді бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. 1953—1954 оқу жылынан бастап педагогтың институттарда студенттерді политехникалық білім беруге даярлау мәселесіне көп көңіл бөліне бастады. Мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары үнемі курстар, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар өткізетін болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет