Мектеп білімінің XIX ғасырдың 60—70-жылдарындағы
мазмұны прогресшіл педагогтарына ортақ болған өмірлік және өзекті мәселе — бастауыш халық мектебінің оқу мазмұны және білім шеңбері туралы мәселві еді.
Бастауыш орыс халың мектебінің оңу мазмұнын шешуде бірін-бірі толықтырып, осы проблеманы шешуге негіз болған бастауыш мектеп жөніндегі үш ірі ңайраткердің көзқарасы бар, олардың үшеуі де бастауыш мектеп білімінің көлемін сөзбен теориялың түрде ғана топшыламай, өздерінің бастауыш мектептерге арналған оқулықтары арңылы да дәлелдеген болатын:
1) К. Д. Ушинский бастауыш білім проблемасын әр тарапты зерттей келе, бастауыш білім арқылы баланың ақыл-ойы мен адамгершілігі жетілуге тиіс, бұл жетілу нақты ғылыми бағыттағы табиғи және тарихи материалдарға негізделуі қажет, әрі материалдар сол замандағы барлық ғылыми білімдердің жүйесінен екшеліп, сұрыпталып алынуы тиіс және педагоги-
156
қалық жағынан балаға түсінікті, сонымен бірге тартымды болғаны дұрыс дейді. Бастауыш мектеп үшін ғылыми-табиғи және әлеуметтік- тарихи материалдарды осылай іріктеудің үлгісін
К. Д. Ушинский өзінің “Ана тілі” мен “Балалар әлемі” оқулықтарында көрсеткен.
2) Н. А. Корфтың (1837— 1883) пікірі негізінен Ушин-скийдің пікірімен жақындаса түседі де, Ушинский оқулықта-
рында баланың ақыл-ойын дамытуына зер салып, шаруа ба-
лалаларының тұрмысы мен өміріне қатысты тәжірибе мәлімет-
терін беруді ескермеушілігіне риза бола алмайды. Сондықтан
Корфтың ойынша, бастауыш білімнің негізгі талабы, міндеті — баланы ақыл-ой жағынан дамытумен бірге, оқушылардың тұрмысқа, өмірге қатысты білім мағлұматтарын кеңейту. Ол өзінің “Наш друг” оқулығына осы мәліметтерді енгізді. Сондықтан ол өз оқулығын Ушинскийдің “Ана тіліне” тәжірибе құралы, өмір мәселелері жөнінде қосымша оқу құралы деп есептеген. Корф ойларына түсінбеуші педагогтар оны білім жөніндегі шамадан тыс, өмірге қажетті іскерлікті ғана жақтаушы деп сынады. Ал шындығында Корф Ушинский ойларын толықтырған еді.
3) Бастауыш білім оқуының мазмұнын шешуге Л. Н. Толстой өзіндік тың көзқараспен қарады. Жоғарыдағы екі көзқарасты да қолдай отыра, ол оқу материалдарының көңілсіз, жалықтыратын, құрғақ кітаби тілді болуына қарсы шықты. Табиғи, ғылыми материалдардың өзі тартымды көркем сөз, әдеби түрде берілуін талап етті. Сондыңтан Л. Н. Толстой өзінің “Оңу кітаптарына” арнап жазған әңгімелері мен мақалаларының педагогикалық бағытты болуын, табиғи-ғылыми және тарихи мазмұнды болуын, сонымен бірге шын мәнінде көркем шығарма түрінде жазылуын көздеді, бұлардың көбі шын мәнінде көркем шығарма ретінде танылып, дүние жүзілік әдебиет қазынасына енді.
Сөйтіп, классик педагогтар Ушинский мен Толстойдың жә-
не тәжрибеші Корфтың көзқарастары бастауыш мектептің
оқу мазмұнын, көлемін шешуде бір-біріне қайшы келмей, бі-
рін-бірі толықтырып отырды. Бұлардың көзқарастары мектеп
жүиесінің алғашқы қалыптасу кезінде сол жердегі ұлт педа-
157
гогтарына мектеп білімінің мазмұнын шешуде баға жетпес үлгі болды.
Қазақстанда қазақтан бірінші мектеп инспекторы болған
Ы. Алтынсарин мектеп жүйесін құрастыруда да, оның оқу мазмұнын шешуде де осы алдыңғы қатарлы орыс педагогтарынан үйренді. Дәлірек айтқанда, ол жоғарыдағы бастауыш білім мазмұнын шешуге арналған 3 түрлі көзқарастардың ішкі жағынан бір-бірімен байланыстылығына түсінді, сондықтан қазақ мектептеріне арнап жазған өзінің ең бірінші оқулығы “Қазақ хрестоматиясына” сол үш көзқарасты да басшылыққа алды. Сонымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіндегі жақсы, прогресс атаулыны тани білді. Ы. Алтынсариннің асқан дарындылығы да осында еді. Ал мұның өзі сол кездегі қазақ мектептері үшін ең күрделі міндеттердің бірі болатын. Орыс педа-гогикасындағы жоғарыда айтылған алдыңғы қатарлы талаптардың бәрін өз оқулығында ескере отырып, ол өзінің “Қазақ хрестоматиясында” бастауыш білім мазмұнына байланысты, орыс педагогикасындағы алдыңғы қатарлы үш тенденциялы бағытты (ғылыми, көркем әдеби және тәжірибелі) даналылықпен біріктірді. Сөйтіп, “Хрестоматиясына” Ушинский көрсеткен білімнің әр саласынан оқу материалдарын енгізді (“Бақша ағаштары”, “Бір уыс мақта”, “Дүние қалай етсең табылады”, т. б.). Бұл мәселелер жөніндегі материалдарды “Хрестоматияның” өзі жоспарлаған II кітабында кеңірек бергісі келген еді.
Өз оқулығына Л. Н. Тостой үлгісімен мағыналы көркем әдебиет материалдарын, баланың жетілу дәрежесіне, рухани ой-өрісіне сәйкес келетін мақалалар мен өлеңдерді енгізді.
Корф оқулықтарына ұқсас Ыбырай “Хрестоматияға” тұрмыс пен өмір мәселелерінен жаңа техника тақырыбындағы материалдарды берді. Әрине, қазақ балаларының сол кездегі рухани ой-өрісіне сәйкес, бұл тақырыптардағы материалдар балалар мен халыққа түсінікті көркем әңгіме немесе өлең түрінде беріледі, солар арқылы телеграф, поезд, корабль, темір жол сияқты қазақ даласына бұрын белгісіз болып келген жаңалықтар әңгіме етіледі.
70—90-жылдардағы педагогикалық көзқараста қалыптасқан осындайлық алдыңғы қатарлы талаптар орыс мектебінің оқу мазмұнын шешуге жол ашумен бірге, Қазақстандағы пе-дагогикалық ой-пікірдің дамуына да күшті ықпал етті. Бұл пайдалы ықпал Ы. Алтынсариннің “Хрестоматия” жазуына ғана тиімді болды десек, оның мәнін тар өрісте түсінген болар едік. Россиядағы 70—90-жылдардағы алдыңғы қатарлы педагогикалық қозғалыстың жемісін Ы. Алтынсарин Қазақстандағы бүкіл ағарту ісінің өзекті мәселелерін шешуде басшылыққа алды (әсіресе өз өмірінің соңғы 10 жылында инспекторлық қызметті атқару кезінде көшпелі қазақ даласы үшін
158
мектеп типтерін анықтау, мұғалімдер даярлау, оқу ісін ұйым-дастырудың негізгі мәселелері т. б.)-
Ы. Алтынсарин оқыту процесінде балалардың білім дәрежесін ескеріп отыруды, тіпті қажет болса, программаны да өзгертіп отыруды мұғалімдерден талап етті. Оның өзі де оқулықты орыс-қазақ мектептері жағдайына лайықтап жасады. Мектептегі оқыту жұмысы сол заманның техника жаңалығы дәрежесінде болуы керек, бұл өте маңызды жағдай деп көрсетті. Міне, осыдан келіп ол түрлі құрал-жабдықтар сатып алу, модельдер, коллекциялар жасау мәселесіне кеп қаржы бөлді.
Ы. Алтынсарин еңбек тәрбиесі туралы көптеген құнды пікірлер ұсынған болатын. Себебі Ыбырай басқа педагогтарға қарағанда еңбек тәрбиесіне жете мән берді. Оның мектебінің жанында бау-бақша болды, шеберхана жұмыс істеді. Қыздар үшін де шеберханалар болды.
Өзінің көптеген педагогикалың тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында еңбек тәрбиесімен қатар, адамгершілік тәрбиесіне де жете көңіл бөліп отырды.
Ыбырай өз халқының жастарынан зор үміт күтті. Оларды орыс халқының ілімін біл, мәдениетін үйрен, болашақ, міне, осында, сөйтіп, туған еліңе білгеніңді үйретіп, пайдалы адам бол деп үгіттеді. Орыс халқының мәдениетінсіз қазақ халқын прогрестік жолмен ағартуға ешқашан да болмайтындығын ашық айтып, өз қарауындағы мектептер мен мұғалімдерге жөн сілтеді, жол көрсетіп отырды. Өзінің тағы бір хатында: “Біздің негізгі сеніміміз бойынша, қазақ балаларына, басқа білімнің барлығынан да гөрі, мүмкін болғанынша, орыстың тілі мен жазуын жете білу керек. Сондықтан. менің қарамағымдағы мектептердің бәрі қазақ балаларына орыс тілін және орысша дүрыс жазуды үйрету болып отыр. Осы себептен, мысалы, тарих, география сияқты пәндердің бәрін оқыту жұмысы осы жағдайда айтылып отырған басты міндетке байланыстыра қойылып отыр, бұл пәндер түсініп оқуды, оқығандарын ауызша айтып шығуды, ал одан кейін (кейде) жазба түрде баяндауды талап етеді, сондықтан оқушылардың осы пәндер жөніндегі білімдерін көбейтумен қатар, олардың орысша түсінісе білуіне және өздерінің сөзбен түсіндіргендерін, ойларын жаза білуіне айтарлықтай көмектеседі”,— деп жазды.
Ол өзінің “Қазақ хрестоматиясы” атты кітабын қазақ балаларын оқуға шақырған жалынды үндеу өлеңімен бастады. Оның алғашқы беті атаңты “Кел, балалар, оқылық!” өлеңімен ашылды.
“Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге ,_____
Ықыласпен тоқылық!” '
1 Ы. А л т ы н с а р и н. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1955, 36—37-беттер.
159
деп басталатын бұл жолдар қараңғы қапастағы қазақ балаларына арналған кеудесі ашық адамның азаматтың үні еді, дала қоңырауы іспетті өнер білімге шақырған шын мәніндегі ұраны болатын. Осы реттен оны біз қазақ балалар әдебиетінің атасы деп те орынды маңтаныш сезіммен айта аламыз.
Ыбырай екі сөзінің бірінде жастарды аузынан тастамады. Жастар — біздің келешегіміз, үмітіміз екенін жақсы білді. Орыс халқының прогресшіл мектеп жүйесін барынша пайдаланған ол қазақ жастарын оқытып, тәрбиелеу, сөйтіп, халықтың өз ішінен қоғам үшін қызмет ететін интеллигенция тобын құру және маман адамдар даярлап шығару мәселесін көтерді. Ыбырай қоғамның ертеңгі ұрпағы — жастарға әр уақытта да үлкен сеніммен қарады, олардың тамаша келешегіне сенді, ғылым мен техниканың жаңалықтарын қазақ даласына осы жастар ғана жая алады деп есептеді. Сондықтан да ол:
Желкілдеп шыққан көк шөптей,
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай...
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды!”—
дейді.
Қоғамның жаңа адамдары — жастарды “Желкілдеп шыққан көк шөптей, жаңа өспірім достарым” деуі Ыбырайдың зор адамгершілік бейнесін, жастарға деген асқан сүйіспеншілік сезімін көрсетумен қатар, оларға жоғарыда айтылғандай үлкен үмітпен қараған оптимистік көзқарасын білдіреді.
Ыбырай Алтынсарин педагог болумен қатар ғалым, тамаша жазушы, публицист, аудармашы, ғалым-этнограф, қоғам қайраткері де еді.
Ыбырайдың сол кездегі қоғамдық құрылысқа көзқарасында адасулар да болды. Ол қоғамдың тұрмыстағы кемшіліктер мен кеселдерді, қанау, езгіні көрді. Бірақ оны қалай жоюдың; ескіліктің орнына жаңа өмірді орнатудың дұрыс жолын білген жоқ. Шоқан Уәлиханов сияқты, Ыбырай да революциялық идеядан өте алыс еді. Өмірді революция арқылы емес, реформа арқылы: күш-әрекет арқылы емес, бейбіт түсіну арқылы “дұрыстауға” болады деп санады. Бұл оның зор қатесі еді. Бірақ бұл сияқты кемшіліктер оның қазақ халқының педагогикалық ойын дамытудағы" еңбегі мен алатын ролін еш төмендетпейді.
Ыбырай өмір сүргең кезең Кавказ, Орта Азия және қазақ даласындағы ұлттардың бірен-саран білім өкілдері озың орыс мәдениетіне шын ниетімен қол созған кезең болатын. Мысалы,
1 Ы. А л т ы н с а р и н. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1955, 39-бет.
160
грузин халқының көрнекті педагогы Я. С. Гогебашвили, армян педагогы Г. Агаян, И. Н. Ульяновтың досы чуваш педагогы
И. Я. Яковлев, азербайжан педагогы Рашид Эфендиев, татар педагогы Каюм Насыри т. б. сияқты Ыбырай да өз халқын мәдениетке жеткізудің бірден-бір жолы халқына орыс тілін насихаттау, орыс халқымен достықты тереңдету деп түсіндірді.
Сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткері, өз заманының прогресшіл ағымының жаршысы, бұқара халықтың ақыл ойшысы болды. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының революцияға дейінгі педагогикалық ойының даму тарихында негізгі роль атқарады.
Ыбырай Алтынсарин жастарды өнер-білімге, мәдениетке үндеуде өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мұра қалдырды.
Бұл күнде қазақ халқы өзінің өткен заманда халқының болашағы үшін күрескен, жастарды алғаш рет өнер-білімге үндеген таңдаулы ұлдарының бірі — Ыбырай Алтынсаринді әр уақытта да есте ұстайды.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұралары ұлттың педагогика ғылымының алтын қорына қосылған елеулі үлес болып табылады.
Абай Құнанбаев (1845—1904)
Абай — қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушысы, сонымен бірге ұлы ойшылы.
Абай дүниетануда материалистік тұрғыда болды. Абай түсінігінде, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге бағынышсыз өмір сүреді. Біздің сеніміміз, қабылдауымыз және ойлауымыз айналадағы ақиқат, шындық өмірдің сәулесі ғана. Адам баласы “көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады”,— дейді Абай.
Абайдың дүниенің дамуына көзқарасы, әлі кемеліне келіп жетпеген болса да, диалектикалық еді: ол табиғат құбылыстарын бір-бірімен өзара байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда алып қарастырады.
Алайда, Абайдың материализмі дәйекті, жүйелі, толық материализм емес еді. Оның дүниетануында материалистік көзқарастармен қатар, ақынның өмір сүрген дәуірімен байланысты және белгілі дәрежеде оның материалистік көзқарасын бүркемелейтін дейстік көзқарастың элементтері де ұшырасып отырады.
Абай қазақ халқы дамуындағы прогрестің халық ағарту ісін кеңінен өрістетуге байланысты екендігін өте дұрыс түсінді.
161
Ол қазақ халқының саяси-экономикалық және мәдени артта қалушылығы — оның феодалдық-патриархалдық қатынасынан, рулық талас-тартыстары орын алған көшпелі тұрмысынан туып отырған бытыраңқылығының салдары екендігін жақсы білді.
Алайда, Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасының белгілі дәрежеде сол өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық қатынастары мен көзқарастарының дәрежесінен шыға алмаған кездері де болды, яғни белгілі дәрежеде тарихи шектелушіліктен де құр алақан болмады. Ол тарихты идеалистік тұрғыдан түсінушіліктен арыла алмады, сөйтіп, қоғамды өзгертуде халық ағарту ісінің ролін асыра бағалады. Ол кездегі әлі мешеу Россия шындығында, әсіресе әлдеқайда мешеу феодалдық-патриархалдың Қазақстан жағдайында, Абай елді революциялық жолмен қайта құруға болатын қоғамдың күшті тани алмады. Ол қазақ аулындағы тап тартысын көрді, бірақ сол күрестің мәнін дұрыс түсінбеді және одан дұрыс революциялық қорытындылар шығара алмады.
Өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының көрнекті ағартушысы Абай өз халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенейді. Тек өзінің қарын қамын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ойлап, рухани қажеттігін ойламайтындарға, еңбексіз мал табудың жолына түсушілерге, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінің жағымпаздығымен ұлық алдында көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды.
Ата-ананың надандығы мен қараңғылығын айта келіп Абай солардың өз баласына дұрыс тәрбие беруіне шүбәланады. (“Оныншы сөз”) Ол осындай ата-аналарды: “...бір бала туғызып, оны да ит қылуға,,. оған да қорлық көрсетуге мұнша. неге құмар болдың?”—деп сөгеді. Жақсы “...баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?”. Жоқ, баланы “...өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Өз күнәңды өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсына тағы да ортақ боласың”, “...осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?” '— дейді ақын.
1 А б а й Ңұнанбаев. Шығармаларының толық жинағы, 2-том, Алматы, 1954, 170-бет.
162
Қайыршылықтан, теңсіздіктен және надандықтан құтылу үшін Абай өз халқын біліммен қарулануға, алдыңғы қатарлы халықтардың мәдениетін қабылдап, балаларын сол мәдениетке үйретуге шақырды: “Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз, малменен ғылым, кәсіп қылмақпыз, өнер өзі де мал, өнерді үйренбек өзі де ихсан
Өз шығармаларының басым көпшілігінде — поэзиясында да, ғаклия сөздерінде де Абай қазақ халқын білімге, мәдениетке шақырды. “Жан құмары дүниеде немене екен?”—дейді де, “білмекке құмарлық”,— деп жауап береді.
Халық ағарту ісін оның материалдың тұрмыс жағдайын жақсартумен байланыстыра отырып, Абай біздің көз алдымызға халықтың рухани қажеттіліктерін оның материалдық қажеттіліктерінен бөліп қарайтын қиялшыл утопист ретінде емес, материалист ретінде көрініп отырады.
Абай өзінің 40 жасңа келгенде (1885) жазған “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” дейтін елеңінде жас кезінде ғылымның пайдасын кере-тұра ескермей, ал ер жеткен соң ғылым қолына түспей, мезгілінен кешігіп қалғандығына өкініш білдіреді.
Тек орыс тілін оқып үйренгеннен кейін ғана, орыстың жер аударылып келген прогресшіл пікірдегі адамдарымен танысып, солардың көмегі арқасында классикалық көркем әдебиетті, жаратылыстың-ғылыми, тарихи-философиялық т. б. прогресшіл-демократиялық әдебиеттерді орыс тілінде оқиды. Сөйтіп, қоғамдық өмірден алған жеткілікті тәжірибесінің арқасында Абай нағыз ғылым орыс халқында екенін, сондықтан да оның озат мәдениетіне көшіп, балаларды орыс мектептерінде орысша оқыту керек деген қорытындыға келеді.
Ол орысша тек өзі ғана оқып қойған жоқ, сонымен бірге өзінің балаларын да орысша оқуға берді және оларды шен алсын, шекпен кисін деп берген жоқ, ақиқат өмірді танысын, қараңғылықтан құтылып, көздері ашылсын, ғылыми білім алсын деп берді. Оның Мағауия дейтін ұлы мен Күлбадан деген қызы Семейдегі орыс мектебінде, ал үлкен ұлы Әбдірахман Петербургтегі Михайловск артиллерия училищесінде оқыды.
Абай қазақ балаларының интернатты мектептерде оқып жүргеніне қатты қуанды. “Интернатта оқып жүр” (1886) деген өлеңінде қазақ балаларының шариғатқа емес, ғылымға, орыс жазуына үйрететін мектептерде оқып жүргендеріне қуана отырып, олардың ата-аналарының өз балаларын мәдениетке үйренсін демей, шен алсын, шекпен кисін дейтін тілектеріне реніш білдіреді. Ата-аналарының тілегін орындау үшін балалар арыз жазуға тезірек үйренуге, тілмаш, адвокат болуға асығатындығына, Салтыков-Щедрин мен Толстой олардың ойына кіріп-шықпайтындығына Абай қатты қынжылады. Ол балалардың ғылымға деген талабын, құмарлықтарын туғызу керек екенін, онсыз ешбір білім алуға болмайтындығын атап
163
көрсетеді. Жастардан пайда табу үшін емес, ар үшін, терең білім алу үшін тырысуды талап етеді.
Шын білім кітапта, оны оқып үйрен, әскери шенге қызықпа, жаныңның оты сөнбесін десең, уездік начальникке жағынуға тырыспа, ғылымның жолы қиын, сонда да өзіңнің адал еңбегіңмен оқып білім ал, адал бол, әділетті жақта деп үйретеді Абай.
Абай жастарды орыс ғылымын үйренуге шақырады: “Орысша оқу керек, хикмет те (арапша өнер-білім, ғажайып деген мағынада), мал да, өнер де, ғылым да — бәрі орыста зор. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болу, тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі: олар дүниенің тілін білді. Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Әр-біреудің тілін, өнерін білген кісі, оныменен бірдейлік дағуасына (арапша талас-тартыс, айтыс деген мағынада — ред.) кіреді, аса арсыздана жалынбайды” ',— дейді Абай.
Абай орыс ғылымы мен мәдениеті, техникасы дүниенің, табиғат сырының кілті екендігін, оны меңгерген адамға өмір сүру оңайырақ түсетіндігін әлденеше рет айтады, жақсылықты, адал еңбегімен өмір сүруді орыс халқынан үйрену керек дейді.
“Ғылым таппай, мақтанба” (1880) деген өлеңінде Абай, егер адам боламын десең, болашағыңды ойласаң, өсек-өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектік пен орынсыз мал шашу сияқты жаман әдеттерден сақ бол, оның орнына талапты болуды, еңбек сүюді, терең ойлы болуды, қанағат қыла білуді, рақымды болуды ойла дейді.
Мектептің жалпы білім және тәрбие берудегі маңызын ескере отырып, Абай жас буынға мектепте жүйелі білім беру қажеттігін мойындайды. Ол тәрбие мен білім берудің жас буынды адам етіп қалыптастыруда шешуші роль атқаратындығын жақсы түсінді. Ол туралы: “Егер мен заң қуаты қолымда болса, адам мінезін түзетуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім”,— деп жазды.
Абай оқыту ісіндегі схоластикалық әдіске, құрғақ жаттауға қарсы болды. Ол сапалы білім беруді қуаттады. Таяқ тәртібінің орнына, саналы тәртіптің болуын жақтады.
Ғылымға шын құмартып, аңсау білім алуға ең қажетті шарттың бірі деп санады. “Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен” деген — мұның бәрі жан құмары.
Дүниенің көрінген әм керінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса, денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады” 2,— дейді Абай
1 Абай Құнанбаев. Шыгармаларының толың жинағы. 2-том, Алматы, 1954, 191-бет.
2 Бұл да сонда, 191-бет,
164
Оқыту жұмысы нәтижелі, әрі пайдалы болу үшін Абай, орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский айтқандай, балаларды әуелі ана тілінде оқытуды, оларға шын ғылыми білімдер беруді, содан кейін барып шетел тілдеріне, мәселен араб, парсы тілдеріне, үйретуге көшуді ұсынды.
“Әуелі білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім” деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемеске керек” 1.
Абай ғылымды үйрену ісіне тек пайда көздеп қарауға қарсы болды. Ол балаларға әуелі олардың ақыл-ойын, дүниетанымы мен мәдениетін дамытарлық жалпы білімдер беру қажет деп есептеді.
Абай оқыту процесінде ақыл-ойды дамыту керек екендігін, онсыз білім алуға болмайтындығын өте дұрыс көрсетеді. Ойлау мен қиялдауды дамыту айналадағы дүниені, құбылыстар мен заттарды жан-жақты терең танып білуге мүмкіндік береді. Ақылды адам заттар мен құбылыстардың сырын ашып, одан дұрыс ой қорытындыларын жасай алады.
Білім алуға ең зиянды нәрсенің бірі — салақтық, пайымсыздық онымен аяусыз күрес жүргізу керек. Бұл салақтың адамды жалқауландыра береді, көздеген мақсатына жету үшін барлык, күш-жігерін топтастырмайды. Сондықтан адам өзінің “білім сақтайтын сауыты” болып табылатын өз еркін (воля) тәрбиелеуге тиіс. Тек еркі мықты, берік мінезді адам ғана білім алу жолында зор табысқа жете алады. Білім оңайлықпен қолға түспейді, тек төзімді еңбек ету арқылы ғана білім алуға болады.
Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік, өтірік, өсек пен араздық, надандық пен мәдениетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, үміт артып отырған жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін көре отырып, халықты, әсіресе жастарды адамгершілікке тәрбиелеуді ашық ұсынды. Бұл идея оның тіпті кез келген шығармасында байқалып отырады деуге болады.
Ол жастардың еңбексіз жүріп, жаманшылыққа бой ұратынына қарсы болды.1886 жылғы бір өлеңінде ол:
“Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман,—
деп, өз кезіндегі жастардың осындай жағымсыз мінездерін қатаң сынға алды.
Абай уақытын еңбексіз бос өткізетіндерді, еріншектерді, өсекшілерді, адамгершілік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді:
1 Абай Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы. 2-том, Алматы, 1954, 204-бет.
165
“Осындай сыйдың жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері — қу борбай, сымпыс шолақ,—
десе, енді бір жерінде:
“Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап”,—
дейді Абай.
Надан адамды Абай ақылы саяз, біреудің ақылымен, біреудің айтқанымен жүретін ойсыз, бейшара адам деп таныды. Осындайлардың арам ниетті мінездерін көргенде қаның қайнайды деді ол. Алайда мұндай ақымақтар мінезіңді түзе, білім ал деген адамнан қашады. Оларша білімсіздік, ойсыздық — ұят емес. Өсек тасу, біреудің сыртынан жауығьш, тас ату, орынсыз мақтану — міне, олардың кәсібі.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерін, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Міне, жастар осындай істермен шұғылдансын деді.
Абай түсінігінде, адамның ең жақсы қасиеттері — ерлік, табандылық, тұрақтылық, әділеттік және шыншылдық, сы-пайыгершілдік, еңбек сүйгіштік, білімге құмарлық және
ақылдылық.
Абайдың бұл пікірі өзінің сүйікті ұлы Әбдірахман мен інісі Оспан қайтыс болғанда жазған өлеңдерінде, “Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат”, “Интернатта”, “Сегіз аяқ”, “Жастықтың оты жалындап”, “Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап” т. б. көптеген өлеңдері мен ғаклия сөздерінде толық байқалады.
Абай өзінің ең басты міндеті — халыққа қызмет ету деп түсінді, ол жастардан өзінің еліне және халқына зор махаббатпен қарауды талап етті.
Абайдың айтуынша, адамгершілігі мол адам, батыл, ер жүрек болуға, қорқыныш дегенді білмеуге тиіс, қайткен күнде алдына қойған мақсатқа жете білуге тиіс”.;
Абай халықты, әсіресе жастарды үнемі достық, татулық, әділеттік, дұрыстық сияқты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге шақырды. Ол кейбір жастардың арасында татулықтың болмаушылығына қатты қынжылды. Осындай жастар туралы айта келіп, Абай бұлардың:
“...Қосылмас ешбір бастары
Біріне-бірі қастыққа,
Қойнына тыққан тастары.
Саудасы — ар мен иманы,
Қайрат жоқ бойын тыйғалы;
166
Еңбекпен етті ауыртпай
Құр тілменен жинағы”—
деп жазды.
Осындай жексұрындық мінездер мен әрекеттерді әшкерелей отырып, Абай жастарга:
“Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артың білуге”,—
деді.
Абайдың гуманизмі оның интернационализмімен тығыз байланысты. Патша самодержавиесі, бір жағынан, ислам діні, екінші жағынан, ұлт араздығын қоздыруға тырысатындығына қарамастан, ұлы ақын Абай интернационализмді қуаттады. Ол жастарды орыс мәдениетін үйренуге, қолөнерін орыстардан, тағы басқа да халықтардан үйренуге шақырды.
Абай жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен семьяда, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын және мінезін қалыптастыруда семьяның ролі аса зор екендігін ескере отырып, Абай балаларды тәрбиелеу үшін ата-аналардың өздері жақсы тәрбиеленген болуы керек екендігін ескертті.
Жастарды тәрбиелеуде Абай әдебиеттің, әсіресе поэзияның ролі күшті деп көрсетті.
Поэзия халықтың ойы мен мұқ-мұқтажын білдіреді, ол адамның психологиясын бейнелейді. Ол тек адамның ақыл-ойы мен сезімін білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге оларға әсер ете де алады.
Көркем сөздің, музыканың тәрбиелік маңызына тоңтала келіп, Абай айналасындағыларды, әсіресе жастарды тек өзінің тамаша өлеңдерімен, ғаклия сөздерімен және орыс классиктерінен аударған шығармаларымен ғана тәрбиелеп қойған жоқ, сонымен бірге ол ән де жазды. .
Ұлы ақын қараңғы түндегі жарық жұлдыз тәрізді, надандыққа, түнекке және мәдениетсіздікке қарсы күресті. Бірақ патриархалдықтың, тағылық, мешеуліктің ғасырлар бойына келе жатқан надандық дәстүрін жеңу жалғыз-жарым адамның қолынан келмейтіні белгілі. Сонда да олар сепкен ұрық текке кетпейді.
Арманы — ұлы орыс халқы мен қазақ халқының арасындағы достық қатынасты күшейту, қазақ жастарын орыс тіліне, орыс мәдениетіне үйрету, жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу болған ұлы ағартушы ақынның бұл сөздерінің маңызы бүгінгі біздің заманымызда да айрықша зор.
167
Достарыңызбен бөлісу: |