Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет16/97
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#95538
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97
Байланысты:
umkdfile(78615) (1)

Кеңейтілген ақпарат көлемдірек болады. Шамамен 30-150 жолды құрайды. Басқа ғалымдар бұл түрді ақпараттық корреспонденция деп те атап жүр. Корреспонденция жанры – деректі кеңірек баян етеді, түсініксіз немесе белгісіз тұстарын ашып көрсетеді. Кеңейтілген ақпарат ретінде мына жаңалықты мысал ретінде келтіруге болады:
15.08.2010 / 12:46 Іле Алатауында КазТАГ және ҚазТАГ-тың фототілшісі Дмитрий Салановтың атында шың бар.
АЛМАТЫ. Тамыздың 15-і. ҚазАқпарат /Сара Мұстафина/ - Кез-келген бұқаралық ақпарат құралы өзінің атындағы шыңымен мақтана алмайды. Ал, бұл күндері өзінің 90 жылдығын атап өтіп отырған Қазақ ақпарат агентігінің Іле Алатауында өз шыңы бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. «ҚазТАГ» шыңын 1938 жылдың жаз айында агенттік фотожурналисі және альпинист Дмитрий Саланов ашқан. Әсіресе тау суреттерін жақсы түсіретін Д.Саланов осылайша альпинизммен айналыса бастаған. Кейіннен альпинизм нұсқаушысы болған Д.Саланов, осы таудағы аты жоқ шыңдарды бағындырған бірқатар экспедицияларға жетекшілік еткен. 4 334 метр биіктіктегі сондай шыңдардың бірі Д.Салановтың бастамашылы-ғымен «ҚазТАГ-тың» құрметіне аталған. Бұл шың орталық Талғар алқабында орналасқан.
Агенттік ардагерлерінің естелігіне сүйенсек, соғыс басталған кезде фотожурналист тауда болған. Соғыстың басталғанын ести салып, ол экспедицияны тоқтатқан. Қорғаныс шыңында жазып қалдырып кеткен хатында: «Таулармен қоштасудамыз. Қайланы қаруға ауыстыру үшін әскери комиссариатқа барамыз. Кеңес халқы жеңеді!» деген. Д.Салановтың қасында тағы үш альпинист болған.
Бірнеше күннен кейін Д.Саланов өз еркімен майданға аттанған. Панфилов дивизиясында соғысқан. Д.Саланов 1943 жылы ерлікпен қаза болған. 1946 жылы жазда бір топ альпинистер - Ұлы Отан соғысының ардагерлері 4380 метрлік шыңды бағындырып, оған Дмитрий Салановтың есімін берген. Агенттіктің бастамашылығы бойынша «ҚазТАГ» шыңына екі рет - 1968 және 1998 жылы - шыңды бағындырудың 30 және 60 жылдығына жорықтар ұйымдастырылған болатын. Екі экспедицияға да республикаға танымал спорт журналисі, «ҚазТАГ» тілшісі Орал Қаймирасов қатысқан.
Хабар-ошар «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің сайтында кең таралған жанрлардың бірі. Хабар-ошар қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси маңызы бар ақпараттарды шағын, жедел тарату негізінде құрылады. Бұл жанрда жазатын журналист «кім?», «не?», «қашан?», «қайда?», «не үшін?» деген сұрақтарға жауап іздеп, оны 35-40 сөзден асырмай ықшамды түрге сыйғыза отырып жазады.
09.11.2010 / 19:24 «ҚазАқпараттың» мерейтойына РАТА-ТАСС орталық кеңсесінің қызметкерлері шақырылды
АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - «ҚазАқпараттың» шақыруымен РАТА-ТАСС Ішкі саяси ақпараттар қызметінің халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы Сергей Бушуев пен аталмыш агенттіктің бас шығарылым қызметі тобының жетекшісі Ирина Гурлынина Астанаға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Олардың бұл сапары «ҚазАқпараттың» 5 жылдығына орай болып отыр. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2002 жылы «ҚазААГ» республикалық ақпарат агенттігінің базасында «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы («ҚазАқпарат» ҮК» АҚ) құрылды. РАТА-ТАСС қызметкерлері «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ-ның президенті Дәурен Дияровпен кездесті. Ол өз кезегінде қонақтарға компанияның құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары жайында айтып берді.
Хабар-ошар жанрының деректі қолдану тәсіліне, мазмұндық құрылымына келер болсақ екі типті аңғарамыз. «ҚазАқпаратта» осы екі тәсілдің екеуі де кездеседі. Бірінші түрі журналистің хабарлап тұрған оқиғаның, іс-қимылдың, жаңалықтың айналасында ғана деректі өрбітеді де, не болды? қашан? қайда? неге? қалай? болғандығын айтады. Мысалы, мына ақпараттағы деректер маңыздылығына қарай тізбектелген күйі беріліп отыр:
III Азаматтық форум аясында мемлекеттік тапсырыстар, ҮЕҰ мен Үкімет арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселелері ортаға салынды.
АСТАНА. Қазанның 17-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін III Азаматтық форум аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде әлеуметтік-салалық тапсырыстар және ҮЕҰ мен Үкімет арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселелері «Мемлекеттік салалық-әлеуметтік тапсырыстар: әлеуметтік аудит және әлеуметтік маркетинг» атты пікіралмасу алаңында ортаға салынды, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Аталмыш шараның жұмысына ҚР ҮЕҰ, орталық және жергілікті үкімет мүшелері мен Халықаралық ұйымдар қатысты. Пікіралмасу алаңының ашылуында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев, саяси жаңаруға бағыт алып келе жатқан Қазақстан үшін, азаматтық қоғам құрудағы елеулі орынды ҮЕҰ алатынын ерекше атап өтті. «Сондықтан да ҮЕҰ мен үкіметтік құрылым арасындағы байланысты нығайту маңызды. Біз осы аталған мәселелерді ескере отырып, жыл сайын салалық-әлеуметтік тапсырыстардың қаржыландыруын арттырып келеміз. 2006 жылы 200 млн. қарастырылса, 2007 жылы бұл мақсатқа 299 млн. жуық қаражат бөлінді»,- деді Ермұхамет Ертісбаев.
Бұл ақпараттан байқайтынымыз деректер базалық оқиғаның, лидтің құрамдас бөлігі ретінде қолданылады.
Екінші типінде базалық оқиға белгілі бір дәрежеде қосымша деректермен түсіндіріледі. Жаңалықтың негізгі бөлігі, басты «өзегі» аудиторияға белгілі тұжырым немесе ойды ұсынса, екінші бөлігі тың деректер арқылы негізгі бөлігінде келтірілген сол тұжырымының ақиқаттылығын дәлелдейді. Бұл логикалық құрылым бастапқыда айтылған типке қарағанда күрделірек.
АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат. - Ұрлық-қарлыққа жиі ұшырайтын қала тұрғындары сабақ алмағанға ұқсайды. Өз мүліктерінің амандығын қадағалап, сақтық шараларына бара бермейді.
Мәселен, қаңтардың 9-ында ІІД-не жасы қырықтағы елорда тұрғыны келіп, осыдан жиырма минөт бұрын орталық парк аумағында оның қолынан белгісіз біреу сөмкесін алып қашып кеткенін хабарлайды. Сөмкенің ішінде 1,5 млн. теңге болған. Қылмыскер әлі іздестірлуде.
Жаңалықтың басты ойы адамдардың сақтанып жүрмейтіндігі, алдын алудың жолдарын қамдай бермейтіндігі, содан қапық жейтіндігі болып отыр. Ал екінші бөлігі сол ойға аргументтер келтіріледі, дәлелденеді. Аргументтер ақпарат идеясына толықтыру ретінде қолданылады. Мұндай құрылым тіпті керісінше, құрылуы да байқалады. Бірінші дерек жазылады да, содан ой, пікір, тұжырым жасалады. Мұны шетелдік журналист
Дэвид Рэндалл өзінің «Универсальный журналист» кітабында ақпараттарды лидттерге жіктеуде «байыптама лид» деп жіктейді. Яғни, «журналист өзінің ойын қоса отырып, хабар-ошарға байыптама сөзін қосады»[1,29-б].
«Хабар-ошардан» басқа ақпараттық жанрлардың түрлері «ҚазАқпарат» жаңалықтарында қолданылып жүр. Енді соларға тоқталайық.
Сайттағы «Есеп» жанрындағы ақпараттар көбінде, пікіралмасу форматында болатын түрлі конференция, отырыс, симпозиум, мәлімдеме, семинарлардан т.б. іс-шаралардан келіп туындайды. Осы санаттағы жаңалықтар мазмұны не болды? қандай істер қаралды? немесе қаралады? деген сұрақтар төңірегінде болуы тиіс. Репортаж жанрының ақпаратты беру тәсіліне өте ұқсас. Себебі, олардың мақсаттары бір. Бірақ деректі берудің тәсілдері әр қилы. Репортаж оқиғаны көркем эмоциямен деректілікті қоса баяндауы тиіс болса, есеп жанрындағы ақпарттарда қаралған, істелген маңызды істерді сөз шығындамай орнымен баяндау басым. Стилінде де ерекшелік бар.
«ҚазАқпарат» сайтында анонс-жаңалықтар күн сайын шығып тұрады. Аптасына бір рет «ҚазАқпарат-анонс» айдарымен жаңалықтар беріліп отыруы дәстүрге айналған. Бұл өтуге тиісті түрлі шаралар, оқиғалар, концерттер мен көрмелер жайлы жазылған хабар-ошар деуге де болады. «Анонс» сөзі ағылшын тілінен «мәлімет», «хабарландыру» деп аударылады [2,36-б]. Анонстық хабарларсыз БАҚ-ның жұмысын көзге елесету қиын. Сонымен қатар, шараларға адамдарды тартудың бірден бір жолы екені даусыз.
Журнал «Journal» француз тіліндегі сөз «күнделік» деген мағынаны білдіреді. Ол публицистикалық, көркем немесе ғылыми шығармаларды басатын мерзімдік басылым. Теледидарлық журнал ол да бір атаумен әртүрлі тақырыптағы материалдар жинақталатын бағдарламалар тобы.
Теледидарлық журналдың бағдарламалар ішінде сұранысқа ие болуы обьективті себептер мен заңдылықтарға бағынады. Бұл пішіннің көрермен қызуғышылығына, жасына, білім деңгейіне немесе басқа белгілеріне байланысты бөлуге бағытталғандығы өте маңызды. Сонымен қатар, аудиторияның молаюы журналдың танымдық, тәрбиелік әсерінің күшеюіне әкеледі. Мысалы, қызығушылыққа байланысты «Саяхатшылар клубы», «Жануарлар әлемі» т.б. көп жылдардан бері экран бетінен түспей келеді.
Көрермендердің белгілі бір тобына арнала отырып, бағдарламадан тұрақты орын алатын тележурнал көрермендермен жүйелік байланыс орнатады. Бұл өз кезеңінде бірнеше бағдарламалар кезегінде журнал шеңберінде қандай да бір мәселені терең зерттеуге мүмкіндік береді. Журналдық пішін белгілі бір тақырыпты (экономика, ғылым, спорт, музыка, өнер т.б) көп жақты баяндауға жол ашады. Журнал пішін ретінде шығармашылық тәжірбиенің кең мүмкіндіктерін ашады. Сондай-ақ журнал элементтерінің әртүрлі жанр қасиеттерін бойына сіңіруі маңызды мәнге ие, теледидарға қол жетімді барлық бейнелік құралдарды пайдалану мүмкіндігі өз кезегінде әртүрлі шығармашылық мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ақыр соңында журналдың тағы бір мәнді артықшылығы – пішінінің ауқымдылығы. Ол материалдарды еркін топтауға, тиімді деген ырғақты композициялық бірізділікті орнатуға мүмкіндік береді.
Тележурналдың тұрақты қасиеттерін ерекшелей отырып, бұл пішіннің жаңа қасиеттер мен сапаларға ие болып, үнемі өзгеріп отыратындығын атап өту керек. Бағдарламаларды үнемі тереңдетіп отыратын тақырыптық бөлінуі, оларда жаңа бөлімдердің пайда болуы тележурналға әсер етпеуі мүмкін емес. Уақыт өте келе нақтылық анықталса, тақырыптық шеңбер кейде тарылады. Теледидар тәжірибесі дәлелдегендей, көрермендердің қызығушылығын туғызған, маңызды журналдардың тұрақты көрермендері көп, оның жүргізушісі танымалдыққа ие болады.
Журнал типтес ұзаққа созылған бағдарламалар сексенінші жылдардың соңына таман телеарналар деп атала бастады. Шын мәнінде, «арна» сөзі теледидарға қатысты техникалық термин (коммуникациялық канал, бейне мен дыбысты алыс қашықтыққа беруді қамтамасыз ететін байланыс каналы жайлы айтқан дұрыс). Алайда, іс жүзінде әдеттегідей үйреншікті ұғымды қайта саралау орын алды (журналда бұл қағаз беттердің типографиялық шрифтпен жинақталған белгілі саны). Алматы мен Алматы облысына арналған бір жүргізушісі бар бірнеше сағатқа созылған бағдарлама «Алматы» телеарнасына айналды. Жергілікті теледидар студияларында да әртүрлі бағдарламалар орнына бір телеарналар пайда болды.
Телеарналардың белгілі ерекшеліктері жайлы көп айтуға болады. Бұл уақыты жағынан ұзаққа созылған «жинақталған» теледидарлық бағдарлама. Оның құрамына кейде өзіндік жеке бағдарламалар (құрамдас бөліктері) кіреді, бірақ соған қарамастан, байқалып тұратын бірлікке ие не аумағы жағынан немесе тақырыбы жағынан, бірнеше танымал жүргізушілері бар, осылардың барлығы әртүрлі элементтерді бір бүтінге қосып тұрады.
Соңында бағдарламалардың «Шоу» деп аталатын түр туралы айту қажет сияқты. Бүгінгі күнде басымдылығы жөнінен музыкалық, ойын-сауық бағдарламалары баршылық. Мұндай бағдарлама сценариін жазу әдеттен тыс техникалық мүмкіндіктерді жетік білуді талап етеді. Бұған көптеген теледидарлық ойындарды жатқызуға болады. Олардың жанрын М.Колцов «Викторина» деген сәтті сөзбен анықтап кеткен. Бұл жанрға толық сенімділікпен қазақстандық «КВН» телеойынын, «Алтын сандық» интелектуальдық ойынын, қарапайым «Азамат», «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» бағдарлама-ларын жатқызуға болады.
Мұндай құрылымдық бағдарламаларды жасауда автор рөлі жоғары. Бұл жерде автор редактордың, режиссердің, шығармашылық топтың, басқа мүшелердің де жұмысына араласып отырады. Автор-сценарист кейде мұндай бағдарламалардың жүргізушісі де болады. Оның білімі, эрудициясы, ізеттілігі, көрерменді баурап алуы, тапқырлығы, әзілдеу қабілеті, ойын көпшілік алдында айта білуі, камера алдында студия қонағын әңгімеге тартуы және басқа да көптеген қасиеттері көрінеді. Шеберліктің қыр-сырын меңгерген автор тележурнал, телеарна, шоу, викторинаның сәтті болуын қамтамасыз етеді. Жүргізуші өз кезегінде бағдарламаның кадр сыртында қалатын ұжымы еңбегінің нәтижесін жарыққа шығаратын тұлға болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет