299
лиз үшін массасы 100 г өнім өлшендісін алады, оны 3 минут аралығында
саңылау өлшемдері елеу машинасына сәйкес електерде елейді. Електе
қалған қалдықты өлшейді және кем себу пайызын анықтайды.
Магнитті қондырғылар.
Қондырғылар жұмысын МЕМСТ 2023974
ке сәйкес бақылайды.
Лаборатория жұмысшылары магниттердің күйін, жүк көтеру және
тазалау, сондайақ нормалармен бекітілген магнитті кедергі санын
сәйкестігін тексереді. Магнитті кедергі арқылы өтетін өнім, дән және
жарма үшін қалыңдығы 1012 ммге дейін және ұнды өнімдер үшін
57 ммден артық емес қабатпен магнитті өрістің барлық ені бойынша
бірқалыпты таралу керек.
Магниттердің магнит индукциясын міндетті түрде ӨТЛ жұмыс
шыларының қатысуымен жылына 1 реттен кем емес тексереді.
Магнитті кедергідегі магниттерді тазалаудың кезектілігі мен
мерзімділігін өндірістің бас инженері белгілейді (бір ауысымда бір
екі реттен кем емес). Жиналған металлмагнитті қоспаны лаборатория
-
да өлшеп құлыпталатын жабық жәшікте сақтайды. Өлшеу нәтижелерін
журналға түсіреді. Жәшіктегі қоспаны декадада бір реттен кем емес жоя
ды. Жармадағы металлмагнитті қоспалардың мөлшері 1 кгда 3 мгнан,
ал ұнтақта – 1 кгда 5 мгнан аспауы қажет.
ӨТЛ бастығы магнитті кедергі тиімділігін арттыруды қамтамасыз
ететін шараларды ұйымдастыруға қатысады.
Талқан өңдіру
.
Лаборатория дәнді ылғалдауда қосымша су температу
-
расын (35°Сға дейін), ылғалдау уақытын (2 сағат), өңдеуден кейінгі дән
ылғалдылығын (30%ға дейін) бақылайды.
Дән пісіру режимдерін, бу қысымын (0,150,20 МПа), пісіру уақытын
– 1,52 сағат және кептіру режимдерін бақылау керек. Кептіруден кейін
дән ылғалдылығы – 56%, салқындатқаннан кейінгі дән температурасы
қоршаған ауа температурасынан 68° Сдан артық емес болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: