39-сурет
. Қарақұмық жармасын тексеру нобайы:
1 – аспиратор; 2 – рассев; 3 – автоматты таразы
111
Саңылауы үшбұрышты електерде қоспаларды бөліп алып кесек
жар маны жарма сұрыптауышта тексереді, ал қауыздалмаған дәнді –
саңылауы дөңгелек електерде. Електердің саңылауын тексеруден өтетін
өнімдердің ірілігіне байланысты таңдайды. Содан кейін жарманы екі
рет желдетеді, металл қоспалардан тазартады, өлшейді де қаптауға
береді. Жартылай жарманы рассевте немесе сұрыптау машиналарында
тексереді, ірі жармаларды, ұнтақты бөліп, желдетеді, содан кейін қаптау
қорабына береді. Әр өнімнің аэродинамикалық сипаттамаларын ескеріп,
ауа шығымын реттеу үшін ірі және майда жартылай жармаларды жеке
желдетуден өткізеді.
Майдаланған жарманы, пісіру режимін дұрыс таңдау үшін фракция
ларға (нөмірі бойынша) сұрыптайды. Өйткені майда жармалар бір
уақытта піседі, ал ірі жармалар даяр болу үшін әлі біршама уақыт керек.
Сұрыпталынбаған немесе жарма қоспасы, бүтін ядро майдаланғанмен
бірге, фракцияланған жармамен салыстырғанда, шұбарланып көрінеді,
пісу мерзімі бірдей емес. Сондықтан жармаларды фракциялайды, яғни
нөмірлерге бөледі, ал бүтін ядродан майда бөлшектерді ажыратады.
Жарманың нөмірі бөлшектің осы фракцияға сай келетінін көрсетеді.
Мысалы, №2 арпа жармасы саңылауы дөңгелек 3 мм өтіп 2,5 мм өтпеген
өнім (3/2,5 мм).
Жарма біркелкі болу үшін осы фракцияда басқа фракцияның көлемі
мемлекеттік стандарт рұқсат етілген мөлшерден артық болмауы қажет.
Осы нормаға сәйкес ажарланған жармалардың (арпаныңірі жарма
-
сы, бидай және жүгері) біркелкілігі 80%дан кем болмауы қажет, ал
майдаланған жармалар (арпаның майда жармасы, әдеттегі жүгері) –
75%. Яғни, зертханалық рассевте тексергенде іргелес орналасқан елек
-
терден өткені және өтпегендерінің массасы осы нөмірлі жармаға жата
-
тын 80 және 70% болуы қажет, ал басқа нөмірлі жармалардың мөлшері
(ірі және майда) – 20 және 25%дан артық болмауы қажет.
Жарманың біркелкілігі немесе біртектілігін анықтау үшін зертхана
мамандары сынама алып, жарманы алатын електерде елеп, біркелкілігі
анықталмаған жағдайда өндірушілерге білдіреді, ал олар қажетті шара
-
ларды қолдануы қажет. Егер өнімде ірі немесе басқа нөмірге сәйкес жар
-
ма болса, онда сол нөмірлі жарма алатын елек дұрыс таңдалмаған немесе
електің ақауы бар. Жармада майда нөмірдің жармасы болса, онда жүктеме
артық немесе сұрыптауыш машина жұмысын ойдағыдай атқармайды –
жоғары жүктеме берілген немесе електер нашар тазаланған.
Майдаланған жарманы сұрыптау және тексеру нобайы 40суретте
келтірілген.
112
40-сурет
. Майдаланған жарманы тексеру нобайы
1 – центрофугал; 2 – рассев; 3 – аспиратор; 4 – автоматты таразы
Достарыңызбен бөлісу: |