Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


) Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны / Жұмыс күші



Pdf көрінісі
бет214/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

1) Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны / Жұмыс күші 
(жұмыспен қамтылғандар + жұмыссыздар)
× 100%.
2)
Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны / Харекетшіл 
халық (жұмыс күші + өздігінен қамтылғандар)
× 100%.
Негізінен, дамыған елдерде жұмыссыздық деңгейі 5% бен 12% 
аралығын қамтиды. Ал отандық статистикалық деректерге сүйенсек, 
Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі жылдан жылға төмендеп келеді. 
Оны төмендегі кестеден байқауға болады.
13.1-кесте. 
2001-2013 жылдар аралығындағы Қазақстандағы 
жұмыссыздық деңгейі пайызбен
2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013
10,4
9,3
8,8
8,4
8,1
7,8
7,3
6,6
6,6
5,8
5,4
5,3
5,2
Дерек көзі: www.stat.gov
.kz
Сонымен, Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары мен 
өлшемдеріне сәйкес 
жұмыссыздарға
халықтың экономикалық 
белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы (15 және одан жоғары 
жастағылар), қаралған кезеңде:


254
- жұмыссыз болған (табысты жұмысы болмаған);
- оны іздеумен белсенді айналысқан; 
- уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған 
деген үш негізгі критерийлерге бір мезгілде жауап берген адамдар 
кіреді.
Жұмыссыздықтың себептері. 
Ұзақ уақыт бойы батыстың 
экономикасы жұмыссыздықты еркін құбылыс деп танып келді. 
Жұмыссыздықтың себебі жұмыскерлердің тым аз жалақыға жұмыс 
істегісі келмейтіндігінен туындайды. Олардың осындай жалақыға 
келіспейтіндігінен жұмыссыздық пайда болады деп түсіндірді.
Марксизм теориясы мәжбүрлі жұмыссыздық мәселесін алға 
тартады. Жұмыссыздықты капиталдың жинақталуының нәтижесі 
деп білді. Жұмыс күшіне деген сұраныс капиталдың барлығымен 
емес, тек еңбек ресурстарын сатып алуға жұмсалған капиталдың 
мөлшерімен ғана анықталады. Капиталдың жинақтала беруіне 
байланысты капитал-еңбек қатынасы артады. Физикалық капиталдың 
(құрал-жабдықтар, материалдар, шикізаттар) жалпы капиталдың 
құрамындағы өседі, ал адам капиталының үлесі азая береді. К. 
Маркстің пікірінше, еңбек өнімділігінің артуы жұмысшыларды 
ығыстырады. Бұдан басқа, өндірістің дамуының циклдік сипаты 
жұмысшылардың бірқатар тобын жұмыстан мәжбүрлі түрде босатып 
отырады, дағдарыс пен тоқырау фазаларында жұмыссыздық өседі, ал 
жандану мен өрлеу фазаларында ол азаяды.
Батыстың экономикалық әдебиеттерінде жұмыссыздық мәселесі-
нің мәжбүрлі сипатқа ие болатындығын алғаш мойындаған Дж. 
Кейнс деп айтылады. Бірақ ол жұмыссыздықтың бірқатар бөлігінің 
ерікті түрге ие болатындығын да жоққа шығармаған. Кейнстік теория 
жұмыссыздықтың пайда болу себебін тұрғындардың тауарларға деген 
сұранысының жеткіліксіздігінен, олардың төлем қабілеттігінің төмен 
болуынан және жалақы мөлшерлемесінің тым жоғары болуынан деп 
түсіндіреді. Жиынтық сұраныстың жеткіліксіздігінен адамдардың 
жинақтауға деген бейімділігі мен инвестициялық белсенділіктері 
әлсіз болады. 
Неоклассикалық теорияның көрнекті өкілі А. Пигу 1923 жылы 
жарияла-ған «Жұмыссыздық теориясы» еңбегінде осы мәселенің 
қыр-сырын басқаша түсіндіре алды, яғни неоклассиктердің ойынша, 
жұмыссыздықтың басты себебі болып жалдамалы жұмыскерлердің 
өз жұмыс орындарын ерікті түрде таңдауы табылады. Жұмысшылар 
аса жоғары жалақыға ғана жұмыс істеуге дайын, сондықтан жұмыс 
күшіне деген сұраныс төмендейді. 


255
Монетаризм теориясы болса жұмыссыздықтың пайда болу себебін 
мемлекеттің ақша-несие саясатын дұрыс жүргізбеуінен деп дәлелдеуге 
тырысады. Елдегі ақша массасын және оның айналымын дұрыс реттей 
отырып, өндіріс үдерісін тиімді ұйымдастыруға болады. 
Ағылшын экономисі Томас Мальтустың (1766-1834) атымен 
байланысты мальтузиандық теория жұмыссыздық мәселесінің 
туындауын елдегі халық санының өсуімен байланыстырады. Халық 
саны әр 25 жылда екі еселеніп отырады, ал оларға қажетті тұтыну 
заттары олай өсе алмайды, сол себепті тұрғындардың бір бөлігіне 
өмір сүру құралдары жетіспей олар кедейленеді және жұмыссыздыққа 
ұшырайды. Сондай-ақ, халық санының өсуімен қатар, елге сырттан 
имигранттардың келуі де бұл мәселені ушықтырып жіберуі мүмкін 
деп айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет