Салық жүйесінің принциптері: 1. Салық салудың әділеттілігі (тепе-теңдігі).
2. Салықтардың анықтылығы және нақтылылығы (салықтың
мөлшері, мерзімі, тәсілі мен төлеу тәртібі салық төлеушілерге нақты
анықталған және түсінікті болуы қажет).
3. Салық төлеу мерзімдері мен тәсілдерінің ыңғайлылығы.
4. Салықтарды жинаудың үнемділігі немесе тиімділігі (салықтарды
жинау және салықтарға қызмет көрсет көрсету шығындары бюджетке
түсетін салықтық түсімдерден әлдеқайда төмен болуы тиіс).
5. Салық заңдылығының тұрақтылығы.
6. Салық салудың бір реттілігі.
7. Салық төлеушілердің барлығына бірдей дерлік салық салу
талаптарының ұсынылуы.
8. Салықтық жеңілдіктер жүйесінің дәлелді болуы.
9. Салық қызметтерінің оңтайлы үйлесімділігі.
Салықтардың экономикалық категория ретіндегі мәнін толық
түсіну үшін оның атқаратын негізгі қызметтеріне назар аудару қажет: