Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет466/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Ақша агрегаттары:
М
0
= айналыстағы қолма-қол ақшалар
М
1
= М
0
+ жинақ банктеріндегі, коммерциялық банктердегі 
халықтың және кәсіпорындардың талап етілгенге дейінгі депозиттері, 
халықтың және кәсіпорындардың есеп-айырысушылық және ағым-
дық шоттардағы қаржылары, саяхатшылардың чектері; 
М
2
= М
1
+ кіші жедел салымдар
М
3
= М
2
+ ірі жедел салымдар, банктердің депозиттік сертификат-
тары, мемлекеттік займ облигациялары. 
Сонымен қатар нарықтық экономикасы дамыған елдерде L деген 
агрегат та қолданылады, яғни:
L
= M
3
+ қазыналық жинақ облигациялары, коммерциялық 
қағаздар, қыс-қа мерзімдік мемлекеттік міндеттемелер және т.б.
Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылар-
дың барлық элементтерін біріктіріп ақша массасының үлкен көлемін 
құрайды. Ақшаның өтімділігі мен табыстылығы арасында кері 
байланыс бар, яғни ақша агрегаты іріленген сайын оның табыстылығы 
жоғарылай береді және өтімділігі төмендей береді, керісінше
бастапқы кіші агрегаттардың (М
1
) өтімділігі жоғары, ал табыстылығы 
мүлдем болмайды немесе төмен болып табылады.
Экономикада М
1
және М
2
ақша агрегаттары аса жиі қолданылады.
Ақша массасының теориясын, соның ішінде ақшаға сұраныс 
пен ақша ұсынысын неоклассикалық мектептің құрамдас бір бөлігі 
ақшаның сандық теориясы зерттейді. Бұл теорияның негізгі өкілі, 
американдық экономист Ирвинг Фишер (1867-1947) мынадай теңдеуін 
ұсынады:
MV = PY,
мұнда, М – айналыстағы ақшаның саны; V – ақша айналымының 
жылдамдығы; Р – елдегі бағалардың орташа деңгейі; Y – экономикада 
өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің саны.
Бұл теңдеуге сәйкес мынадай болжам жасалынады, яғни V мен Y 
тұрақты, себебі олар ұзақ мерзімді факторлармен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет