Жекешелендірудің түрлері:
1. Кіші жекешелендіру
– жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі
мемлекеттік меншіктің шағын объектілерін жекешелендіру.
2. Жаппай жекешелендіру
– жұмысшылар саны 200 адамнан
асатын орта кәсіпорындарды жекешелендіру. Басқаша, бұл купондық
жекешелендіру деп аталады.
3. Жеке жобалар жекешелендіру
– жұмысшылар саны 5000
адамнан асатын ірі және стратегиялық маңызы бар мемлекеттік
меншік объектілерін жекешелендіру.
4. Жекеше жекешелендіру
– мемлекеттік меншік объектілерін
жекелеген бөліктерге бөліп жекешелендіру.
5. Қарапайым кездейсоқ жекешелендіру
– мемлекет тарапынан
бақылау орын алмайтын жекешелендірудің түрі.
Әлемдік тәжірибеде жекешелендірудің алғашқы үш түрі аса кең
тараған деп жиі айтылады.
Жекешелендірудің әдістері:
1. Аукциондар,
бұлар конкурстар жариялау арқылы қандай да
бір мүлікті сату және сатып алу тәсілдерін қарастырады. Бұл жерде
үміткерлер қатысатын ашық сауда коммерциялық конкурс арқылы
жүргізіледі. Коммерциялық конкурс – максималды бағасы ұсынылып,
сатып алушы қойылған шартты толық орындауға келіскен жағдайда
мемлекеттік меншік объектілерін сату.
Достарыңызбен бөлісу: |