Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет336/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Саймон 
Кузнец
жасаған. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап ол 
Біріккен Ұлттар Ұйымымен мақұлданып, барлық елдерге стандартты 
жүйе ретінде ұсынылды. ҰШЖ-не кіретін әртүрлі көрсеткіштер 
ұлттық өндірістің деңгейін белгілі бір уақыт мезетінде өлшей
экономиканың қызмет етуіне әсер ететін факторларды ашып көрсете 
және экономиканың болашақтағы даму үрдістерін анықтай алады, 
мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыруға және оны 
жүргізуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, ҰШЖ ұлттық экономиканың 
тепе-теңдік жағдайын және оның жағдайына әсер ететін экономика-
лық саясаттың жай-күйін анықтайды. ҰШЖ-де бір жағынан, қолда бар 
ресурстардың жалпы көлемі, ал екінші жағынан, сол ресурстардың 
қолданылу деңгейі анықталады. Ол экономикалық қатынастарға 
қатысушылардың арасындағы жиынтық айырбас операцияларының 
тепе-теңдігін көрсетеді. 
ҰШЖ құрамында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) аса маңызды көрсеткіш 
болып табылады. 
ЖІӨ
– бұл бір жыл ішінде белгілі бір елдің 
территориясында өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің 
нарықтық ақшалай құны. ЖІӨ-ді дұрыс есептеу үшін берілген жылы 
өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің құны есепке алынуы тиіс, 
яғни бұл жерде қайта есептеу болмау керек. Бұл соңғы игіліктер үй 
шаруашылықтары немесе фирмалар шеңберінде тұтынылады және 
аралық өнімдерге қарағанда қайта өңдеуге қатыспайды. Мысалы, 
азық-түлік тауарлары, кір жуғыш машиналар, шаштараз қызметі, т.б. 
Ал осылармен салыстырғанда, мәселен, нан зауытының нан пісіру 
үшін сатып алатын ұн өнімі аралық өнім болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет