Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Автономды (тәуелсіз) инвестициялар



Pdf көрінісі
бет373/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

1. Автономды (тәуелсіз) инвестициялар
ұлттық табыстың 
өсіміне байланысты емес тұрақты инвестициялар. Автономды 
инвестициялар техникалық прогрестің құбылмалы болуы, халық 
санының өсуі, сыртқы нарықтардың кеңеюі, адамдар талғамының 
өзгеруі сияқты себептерге байланысты пайда болады. Мұндай 
инвестициялардың көзі болып әдетте, мемлекет бюджет табылады.
2. Туынды (индуцирлі) инвестициялар
– ұлттық табыстың 
өзгеруіне байланысты жүзеге асырылатын тәуелді және ынталан-
дырушы инвестициялар. Автономды инвестициялар жиынтық табыс-
ты арттырып, соның өсуімен байланысты тәуелді инвестицияларды 
ынталандырады. Мұндай инвестициялардың көзі болып әдетте, 
кәсіпкерлік пайда табылады, ал соңғысы Y ұлттық табыстың өсуімен 
қатар ұлғаяды. Олай болса, туынды инвестициялар да артады. Бұл 
жерде жиынтық табыстың өсуіне орай, өндірістік инвестициялармен 
бірге, тауарлы-материалдық қорларға және тұрғын үй құрылысына да 
инвестициялар артады. Демек, экономиканың жандануы жағдайында 
ескі капиталдардың қоры жаңартылады және тұрғын үйге сұраныс 
ұлғаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет