Т 0
50%
салық
мөлшерлемесі
100%
t 14.1-сурет. Лаффер қисығы
14.3. Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары Ақшалар айналыс құралы ретінде қоғамның экономикалық
әрекеттерін келісімді түрде реттеуге мүмкіндік береді.
Ақша жүйесі – бұл тарихи қалыптасқан және мемлекеттің
заңымен бекітілген ақша айналысын ұйымдастырудың формасы, жеке
элементтері белгілі бір бірлікте болатын жүйе.
Ақша жүйесінің негізгі элементтері: - ақша бірлігі мен баға атаулары;
- ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және
қамтамасыз ету сипаты;
- нақты ақшаны қажет етпейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
- ұлттық валютаның бағамы, оны шетел валютасына айырбастау
тәртібі.
Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын осы жүйенің әрқилы
элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын қаржы-несие органдары
жүзеге асырады.
Ақша массасы – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы
барлық ақша қаражаттарының жиынтығы. Ақша массасының
көмегімен шаруашылықтағы тауарлар мен қызметтердің айналымы
жүріп отырады. Ақша массасының шамасы ақшаға сұраныс пен ақша
ұсынысы факторларына тәуелді болып табылады.
Ақша массасының құрылымын ақша агрегаттары анықтайды.