Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет61/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Тарылған ұдайы өндіріс
– бұл өндірістің қысқартылған, 
төмендетілген мөлшеріндегі үдерісін жаңартып отыру. Ұдайы 
өндірістің осындай типі ұзаққа созылған терең әлеуметтік-
экономикалық дағдарысты басынан кешкен елдерге тән.
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс
– бұл өндіріс үдерісінің жыл сайын 
кеңейтілген ауқымында жаңарып отыруы. Ұлғаймалы ұдайы 
өндірістің дамуы қоғамның капитализмге өтуімен байланысты орын 
алды, яғни мұндағы негізгі мақсат болып пайда табу табылады. 
Мұнда алынған табыс тауар өндірушілердің тек жеке тұтынуларына 
ғана емес, сонымен қатар, оның бір бөлігі қосымша өндірістік 
ресурстарды сатып алуға да жұмсалып отырады. Өндіріске қосымша 
ресурстарды тарту есебінен ғана келесі өндірістің деңгейі кеңейтілген 
өлшемінде жаңартыла алады. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс өндірістің 
әрбір жаңа ұдайы өндірушілік кезеңінде аса жоғары (алғашқыларымен 
салыстырғанда) деңгейде жаңарып отыруын білдіреді. Осыған 
байланысты, нәтижесінде адамдардың тұтынудың аса жоғары 
дәрежесіне өтуі және қоғамның әл-ауқатының өсуі қамтамасыз етіледі.
Екінші өлшеміне сәйкес, экономикалық теорияда ұдайы өндірістің 
экстенсивті, интенсивті және аралас типтері орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет