204
индексін және инфляция қарқынын анықтаңыздар. Тұтынушылық
қоржынның құрамы өзгермейді және сәйкесінше, Х игілігі 3 данаға
және Y игілігі 5 данаға тең болып табылады.
Жылдар
X игілігі-
нің бағасы
Y игілігі-нің
бағасы
Тұтынушылық
қоржынның
құны
Бағалар
индексі
Инфляция
қарқыны
2009
2
1
100
2010
6
3
2011
8
6
2012
12
15
2013
24
25
4. Мына
төмендегі келтірілген тауарлар мен қызметтердің
қайсысын жалпы ішкі өнімнің құрамына жатқызуға болады?
Үйдің жал төлемі; көршіңнің үй шаруасына көмектескені үшін
төленетін төлем; жазу үшін қағаз; құттықтау хаттарын дайындау
үшін қағаз; компакт-диск сатып алу; эстрада концертіне билет сатып
алу; өз отбасың үшін құлпынай өсіру; өз пәтеріңді сату; басқа елдің
территориясында жұмыс істейтін сіздің фирмаңыз; акцияларды сатып
алу.
5. Айталық, экономиканың дамуы келесідей мәліметтермен
сипатталады:
Жылдар
Атаулы ЖІӨ, млрд. долл.
ЖІӨ дефляторы, 2010 жылға
%-бен есептегенде
2012
203 521
105,0
2013
220 346
106,0
Табу керек:
а) 2012-2013 жылдар аралығындағы атаулы ЖІӨ-нің өсу қарқынын;
ә) ЖІӨ дефляторының өсу қарқынын;
б) 2010 жылғы бағалармен есептегенде 2012 жылғы нақты ЖІӨ-
нің көлемін;
в) 2012-2013 жылдар аралығындағы нақты ЖІӨ-нің өсу қарқынын;
Достарыңызбен бөлісу: