1.1. Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері Адамзат баласының даму тарихында терең қозғаушы күш ретінде
материалдық игіліктерді өндіру үдерісі табылған. Қоғам тек осы
өндірістік үдерістерді жүзеге асыру және үнемі үздіксіз жаңартып
отыру арқылы ғана тіршілік ете алады және дами алады. Сондықтан
экономика кез келген қоғамның іргетасы болып табылады. Адамзат
әрқашанда экономикамен және экономикалық таңдау жағдайында өмір
сүреді. Демек, осының негізінде ғана экономикалық саясат, ғылым
мен білім, дін, өнер сияқты салалар жұмыс істей алады.
Қазіргі уақытта, экономика әрбір адамның өміріне дендеп кірді
және адамдардың өздері экономика жайлы көбірек білуге ұмтылып
келеді.
6
Экономика дегеніміз не? «Экономия» ұғымы және одан туындай тын
«экономика» сөзі ежелгі гректің «ойкос, экос» – үй, үй шаруашылығы
және «номос» – заң, заңдылық деген сөздерінен құралады. Олай
болса,
экономика – бұл шаруашылықты басқару ережелері мен
заңдылықтары. Ал,