Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін жасау



Pdf көрінісі
бет17/159
Дата20.11.2023
өлшемі4,09 Mb.
#192113
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   159
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

3.4 Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін жасау
Медицинада эмбриональдық діңгек жасушаларын ағзадан тысқары (
in vitro
)
жағдайында аналық жасушасын қолдан ұрықтандыру арқылы алады. Бұл əдіс
бойынша жатыр түтікшесінен сорылып алынған аналық ұрық жасушасы, арнайы
зертханаларда микроскопты пайдалана отырып, ер адамдардың сперматозоидтармен
ұрықтандырылады. Мұнда барлық жағдайлар жасалынып, стерильдіктің қамтамасыз
етілуі себепті, ұрықтану нəтижелері де өте жоғары болады. Осындай жолмен
ұрықтанған аналық жасушасы – иесінің немесе басқа əйел жатырына (сурогатты
шеше) қондырылады. Ең алғашқы қолдан ұрықтандыру арқылы пайда болған бала
1978 жылы Англияда дүниеге келген болатын. Сол уақыттан бастап бұл əдіс
медицинада кеңінен қолданыла бастады. Қолдан ұрықтандыру əдісі көптеген
балалары жоқ ата-аналардың сəбилі болуын қамтамасыз етті. Бедеулікпен күресуден
басқа, қолдан ұрықтандыруды көптеген басқа да мақсаттарда, мысалы мал
шаруашылығында жынысы бойынша сұрыптау жұмыстарын жүргізу үшін де
пайдалануға болады.
Коммерциялық мақсатта қолдан ұрықтандыру жұмыстарын ірі қара малы
шаруашылығында пайдалану тиімді екендігін көрсетті. Осындай жолмен алынған
зигота, Дьюар құтысындағы сұйық азоттың -96
0
С температурасында қатырылып,
ары қарай сақталады. Мұның басты артықшылығы – зигота ұзақ мерзімге шыдайды
жəне керек кезінде қажетті жерге оңай тасымалдау мүмкіндігіне ие болады.
Қолдан ұрықтандыру жолымен бір сəбидің дүниеге келуі үшін, бірнеше
аналық ұрық жасушасын сперматозоидтармен ұрықтау қажет болады. Көпшілік
жағдайда бір сеанс мерзімінде 8-ге дейін аналық жасушасын ұрықтандыруға қол
жеткізілгенмен, оның тек 2-уі ғана болашақ ана жатырына бекітіледі. Қалғандары 6-
8 жасушалық кезеңдерінде сұйық азотта қатырылады. Қазіргі кезде АҚШ
мемлекетінде осындай жолмен сақталған 400 мыңға дейін эмбриондар бар деген
мəліметтер келтіріледі. Соның ішінде 2,8% жуығы ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін
берілген.
Қатырудың эмбрионға тигізер əсері жөнінде əлі де толық белгісіз, сондықтан
көптеген эмбриондар бұл жұмыстардан кейін өліп қалады. Бірақ та қатырылған,
соңынан ерітіліп жатырға ендірілген эмбриондардың бір бөлігі өздерінің тіршілікке
қабілеттілігін сақтауы себепті, кейіннен олардан аман-сау ұрпақ туылады.
Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін дайындау үшін, зерттеушілер
ерітілген зиготаларды бластула стадиясына дейін өсіп-бөлінуін қадағалайды.
Мұндай жұмыстардан кейін ол эмбрион ретінде ары қарайғы өзіндік маңызын
жояды. Эмбриональдық діңгек жасушалары болса ары қарай шексіз өсіп-көбейе
алады, яғни олар
иммортальды қабілетке
ие. Жасушалық желіні тоңазытқышта
сақталатын ашытқыға ұқсатуға болады. Қажетті орта жағдайы жасалып сақталған
оның бір тұтамын алып, жаңа ашытқы жасауға болады емес пе. Сол сияқты,
адамдардың да кейбір эмбриональдық діңгек жасушалары 300-400-ге дейін бөліне
алады. Тəжірибе жұмыстарында алынған тышқандардың діңгек жасушалары арнайы
орта жағдайында бірнеше онжыл бойы сақталған.
Адамның діңгек жасушасы желісін жасаудың жалпы схемасын келесі 7-ші
суреттен көруге болады.


32
7-сурет. Адамның діңгек жасушасы желісін жасау
(Ш. Уолкер. Биотехнология /Путеводитель, 2008.)
Жасуша желілеріне тиісті ерекшеліктерінің бірі – олардың «ойыннан шығу»
қабілеттіліктері болуы себепті, ғалымдардың пікірі бойынша оларды ауық-ауық
жаңа жасушалармен ауыстырып тұру қажет. Бұл пікір басқа да жасушалар
желілерін, атап айтқанда, адам фибробластарын қоректік ортада көп мерзімде сақтау
барысында жасалынған. Мүмкін, ескіріп қалуы себепті көбею қабілеттіліктерін
жоғалта бастаған жасушаларды, жаңа эмбриональды жасушалармен тұрақты түрде
ауыстырып тұру қажет болатын шығар. Өйткені, ұзақ уақыт бойына жасанды
қоректік ортада өсіріліп келінген басқа жасушаларда мутациялық өзгерістер
жиналып қалуы себепті, оларда көбею қабілеттіліктерінің төмендей бастағаны
байқалады.
Адамның діңгек жасушаларының желісі өте əлсіз болып келеді, сондықтан
оны құру табандылық пен үлкен тəжірибені талап етеді. Олар мамандандырылған
жасушаларға айналуға бейім келеді. Қазіргі кездегі белгілі технология бойынша,
тышқанның эмбриональды фибробластары бар, құрамына сиыр қаны сарысуы
қосылған, арнайы қоректік ортада адамның діңгек жасушаларының мамандану
үдерісі жүрмейтіні анықталған. Құрамында осындай адам ағзасына жат заттары бар


33
қоректік ортада көбейтілген діңгек жасушаларын адамдарға терапиялық мақсатта
қолдану, өте үлкен күмəн туғызытын нəрсе. Өйткені мұндай жағдайға жол берілсе,
адам жасушасы тышқан немесе сиыр ағзасында болуы мүмкін əртүрлі зиянды заттар
немесе вирустармен ластануы мүмкін. 2007 жылы ғалымдар діңгек жасушаларын
өсіру үшін қолданылатын қоректік ортадағы хайуандардың компоненттерін
адамдардың сондай элементтерімен алмастыруды ұсынған еді. Алайда, қазіргі кезде,
адамдардың жинақталған діңгек жасушалары желісінің, басқа да бөгде заттармен
ластану мүмкіндіктері əлі де сақталуда деген қауіп туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет