53
Иммундық жүйе – ағзадағы ең бір гетерогенді жəне күрделі жүйелердің бірі.
Адамдарда ол өз құрамында бір жағынан – шығу тегі бір болғанымен, екінші
жағынан – түрлі əсерлі болып келетін 2×10
12
лимфоциттер мен 10
20
антидене
молекулаларыннан тұрады.
Иммундық
жауап
реакциясының
негізгінде
иммунокомпонентті
жасушаларының (ИКЖ) – макрофагтар, лимфоциттер, дендритті жасушаларының
біріккен (корпоративті) əрекеттесулері жатады. ИКЖ-лар шеткі (перифериялық)
қан жүйесінде, көкбауырда, лимфалық түйіндерінде жəне т.б. бөліктерде
кездесетіндіктен, ИКЖ-ның корпоративтік əрекеттері дененің барлық жерлерінде
көрініс бере алады. Осындай əрекеттер барысында НLА тарапынан коделенетін
беткі антигендері басты міндетті атқарады; сонымен бірге олардың қатарында
əртүрлі медиаторлар (делдалдар) немесе цитокиндер де бұл жұмысқа қатысады.
Цитокиндер қатарына, лейкоциттер мен басқа да жасушалардың физиологиялық
жəне патофизиологиялық реакцияларына қатысатындықтан
жасушалық
регуляторлар
деп аталатын əртүрлі заттар кіреді.
Цитокиндерге келесідей жалпы белгілері ортақ: олар төменгі молекулярлы
(ММ көрсеткіші 80 кДа-нан төмен) жəне гликозирленген, пикомольді (пМ)
концентрацияда əсерге түседі, бөлінуі арнаулы жерде ғана жəне тұрақты түрде
емес, өзін паракаринді жəне аутокаринді фактор ретінде көрсетеді, жасушаларда
жоғары кафинді рецепторларымен əрекеттеседі, рецепторлармен əрекеттерге
түскеннен кейін жасушалардың
РНҚ спектрі мен функциональдық
белсенділіктерін өзгертеді, ісіну жəне иммунитет реакцияларының күші мен
ұзақтығын реттейді.
Қазіргі кезде цитокиндердің лимфокиндер, монокиндер, интерлейкиндер,
интерферондар сияқты көптеген түрлерінің құрылымдары мен қызметтері
анықталған. Тек қана интерлейкиндердің 13 түрі белгілі. Олардың 1972 жылы
ашылған ИЛ-1 деп аталатын түрі макрофагтармен түзілсе, ИЛ-2, ИЛ-3, ИЛ-5, ИЛ-
7, ИЛ-8 жəне ИЛ-9 түрлері Т-жасушасымен; ИЛ-4 активтелген Т-жасушасы жəне
В-жасушаларының кейбір желілері мен ірі жасушалары арқылы; ИЛ-6 – түрлі
жасушалармен түзіледі жəне интерферон β-2 деп аталады.
3.
Достарыңызбен бөлісу: