ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Педагогиканы оқыту технологияларының қҧрамалары



бет12/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Педагогиканы оқыту технологияларының қҧрамалары


Білім беруге инновациялық технологиялардың енуін үздіксіз үрдіс, күнделікті білім беру қызметінің компоненті ретінде қарастыру қажет. Технология дегеніміз ӛнім алу үшін оған керекті материалдарды ӛңдеу әдістері және ӛнім шығаруға керекті жүйелі үрдіс. Кез-келген технологияның (ӛндірістік, әлеуметтік) негізгі бӛлігі – түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған қалай да жету.

Білім беру жүйесінің дамуы, оның жұмысының жекелеген жақтарындағы жетістіктер тек инновациялық процесс ретінде жүзеге асырылады, яғни ескірген және тиімді емес құралдарды сол жағдайда жаңа және тиімдіректерімен ауыстырып, жаңа идеяларды, технологияларды қолдану.

Осыған орай, «технология», «білім беру технологиясы» ұғымдарын қарастыру қажет.

Шет тілі сӛздігінде технологияға мынадай анықтама берілді. Грек тілінен аударғанда Techne – шеберлік, іскерлік және – логия – объектінің жиынтығы. Бұл термин түсіндірме сӛздікте қандай да бір істе, шеберлікте қолданылатын тәсілдердің жиынтығы деп анықталынады.

Т.И.Шамованың пікірінше, білім беру технологиясы – қатыстырушыларға комфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобілім алушыудағы, ұйымдастырудағы, бағалаудағы және корреляциялаудағы педагогтар мен білім алушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі.

Кез келген білім беру технологиясының құрылымы:



  • Мақсатқа бағытталуы;

  • Сүйенетін ғылыми идеялары;

  • Педагогтар мен білім алушылардың бірлескен іс-әрекетінің жүйесі;

  • Нәтижені бағалаудың ӛлшемдері;

  • Нәтижесі;

  • Қолданудағы шектеуліктер.

Білім беру технологиясы мен оқыту әдістемесінің арақатынасы қандай деген сұраққа Г.К. Селевко педагогикалық технологияда процессуалдық, сандық және есептегіш компонент берілсе, әдістемеде мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативтілік – бағдарлаушылық кӛбірек берілген деп жауап береді. Технология ӛзінің қайталанғыштығымен, нәтижесінің кӛптеген «егер» (егер талантты Педагог, егер қабілетті білім алушылар т.б.) дегендердің болмауымен айрықшыланады. Кейбір жағдайларда екеуі араласып, бірде әдістеме технология құрамына кірсе, енді берде технологиялар оның әдістемесінің құрамына кіреді.

Білім беру практикасында «педагогикалық технология» ұғымы



ҥш ӛзара бағынышты деңгейде қолданылады:

  1. Жалпыпедагогикалық (дидактикалық) деңгей: жалпыпедагогикалық (жалпы дидактикалық, жалпы тәрбиелік). Технология белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы, оқытудың білім деңгейіндегі тұтас білім беру үрдісін сипаттайды.

Мұнда педагогикалық технология педагогикалық жүйе ұғымымен мағыналас: оған оқытудың мақсаты, мазмұны, құрал,ғ әдістер жиынтығы, үрдістің объект, субъектісінің іс-әрекеттік алгоритмі енеді.

  1. Жеке әдістемелік (пәндік) деңгей: бұл «жеке әдістеме», яғни бір пән, сынып, шеберхана аясында оқыту мен тәрбиенің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыру да қолданылатын әдіс, құралдар жиынтығы (мысалы, оқу пәндерін оқыту әдістемесі және т.б.)

  2. Модульдік деңгей: бұл оқу-тәрбие үрдісінің кейбір бӛліктерінің технологиясы, жеке дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешу (іс-әрекеттің бір түрінің технологиясы, ұғымдарды қалыптастыру, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру, сабақ технологиясы, жаңа білімді меңгеру технологиясы және т.б.)

Педагогикалық технологияның негізгі қҧрылымдық бӛліктері:

  1. Тұжырымдамалық негізі;

  2. Оқытудың мазмұндық бӛлігі:

    • оқытудың мақсаттары – жалпы және нақты;

    • оқу материалының мазмұны;

  1. Үрдістік бӛлік – технологиялық үрдіс:

    • білім алушылардың оқу әрекетінің әдістері мен формалары;

    • мұғалім жұмысының әдістері, формалары;

    • материалды меңгеру үрдісін басқарудағы мұғалім әрекеті;

    • оқу үрдісін диагностикалау.

Кез-келген педагогикалық технологияға қойылатын негізгі

әдіснамалық талаптар:

  1. Тҧжырымдамалық негіздің болуы. Кез-келген педагогикалық технологияға белгілі білім ғылыми тұжырымдама тән. Оған білім беру мақсаттарына жетудің философиялық , психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негіздемесі енеді.

  2. Жҥйелілік. Педагогикалық технология жүйеге тән барлық қасиеттерге ие болуы тиіс: үрдістің логикасы, барлық бӛліктерінің ӛзара байланысы, тұтастығы.

  3. Басқарушылық сипаты. Оқу үрдісін жобілім алушыу, жоспарлау, диагностикалық мақсаттар қою, нәтижені түхзетук мақсатында әдіс-тәсілдерді, құралдарды ӛзгерту.

  4. Тиімділік. Қазіргі педагогикалық технологиялар бәсекелестік жағдайында ӛмір сүргендіктен, нәтижесі бойынша тиімді, шығындары бойынша үнемді, оқытудың белгілі білім стандарттарына жетуді қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.

  5. Қайта ӛндірілуі. Педагогикалық технологиялар білім беру орындарында түрлі субъектілердің қолдана алу (қайталау, қайта ӛндіру) мүмкіндігі.

Оқыту технологияларының жіктелуі.

Педагогикалық технологияларды жіктеу мәселесі В.Г.Гульчевская, В.П.Беспалько, В.Т.Фоменко, Г.К.Селевко және т.б. еңбектерінде кең қарастырылған. Олар:



  1. Қолдану деңгейі бойынша: жалпыпедагогикалық, жеке әдістемелік (пәндік) және модульдік технологиялар.

  2. Философиялық негізі бойынша: материалистік, идеалистік, диалектикалық, метафизикалық, ғылыми (сциентикалық), діни; ізгілікті, ізгілікті емес; антропософиялық, теософтық; прагматикалық экзистенциалистік, еркін тәрбиелеу және зорлау; және т.б.

  3. Психикалық дамудың басым факторы бойынша: биогенді, социогенді, психогенді және идеалистік технология. Тұлға - бұл биогенді, социогенді, психогенді факторлар әсерінен туындайтын нәтиже, нақты технология олардың тек біреуін есепке алып, оны негізгісі ретінде кӛрсетуі мүмкін.

  4. Тәжірибені меңгерудің ғылыми тұжырымдамасы бойынша: ассоциативті-рефлекторлы; бихевиористік, гештальттехнологиялар, интериоризаторлық, дамытушы, нейролингвистикалық бағдарламалау және суггестивті.

  5. Тұлғалық құрылымдарға бағытталуы бойынша: ақпараттық технология (пәндер бойынша білім, білік, дағдыны қалыптастыру); операциялық (ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру); эмоционалдық-кӛркем және эмоционалдық құлықтық (эстетикалық және құлықтық сапаларда қарым-қатынастарды қалыптастыру); ӛзін-ӛзі дамыту технологиялары (тұлғаның ӛзін-ӛзі басқару механизмін қалыптастыру(; эвристикалық (шығармашылық қабілеттерді дамыту) және қолданбалы (іс-әрекеттік, практикалық саланы қалыптастыру).

  6. Мазмұн мен құрылым сипаты бойынша: оқыту және тәрбиелеу; зайырлы және діни, жалпы білім беретін және кәсіби- бағдарлы, гуманитарлық және технократтық, политехнологиялар және аралас технологиялар. Монотехнологияларда оқу-тәрбие үрдісі бір басым идея, ұқстаным, тұжырымдамаға негізделсе, политехнологияда – бірнеше технологиялардың бірігуі. Басқа технологияларға жиі енгізілетін технологиялар, олардың элементтері аралас технологиялар деп аталады. Олардың рӛлі – үдеткіш (катализатор), белсендендіргіш.

  7. Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және басқару бойынша ажыратылған (білім алушылардың іс-әрекеті бақыланбайды, нақтыланбайды), циклді (бақылау, ӛзін-ӛзі бақылау, ӛзара бақылау), бейтарап (фронтальды), бағытталған (жеке), қолмен жұмыс (вербальді(, автоматтандырылған (оқу құралдарының кӛмегімен).

Аталған қасиеттерге сәйкес технологиялардың мына тҥрлері

ажыратылады (В.П.Беспалько): 1 – дәстүрлі дәрістік оқыту;

2 – аудиовизуальды техникалық құралдар кӛмегімен оқыту; 3 – «кеңесші» жүйесі;

4 – оқулық кӛмегімен оқыту; 5 – «шағын топтар» жүйесі; 6 – компьютерлік оқыту.

Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – білім алушының оқу- танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Қазіргі кезде әдебиеттерден осы заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 60-тан астам білім беру технологиялары қолданылып жүргендігі мәлім.

Г.К.Селевконың, Т.Шамованың, т.б. оқу құралдарын пайдаланып мынадай оқыту технологияларын кӛрсетелік:



  • дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы

/П.М.Эрдниев/;

  • тиімді сабақтар жүйесі негізінде технология /А.Окунев, Н.Палтышев/;

  • дамыта оқыту технологиясы /Л.С.Выготский, В.В.Занков, В.Давыдов/;

  • оқытудың модульдік технологиясы /В.Монахов/;

  • проблемалық оқыту технологиясы /М.Махмутов/;

  • тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы /В.Шаталов/;

  • түсіндіре басқарып – оза оқыту технологиясы /С.Лысенкова/;

  • деңгейлік саралап оқыту технологиясы /Н.Гузик/;

  • ойындық оқыту технологиясы;

  • жекелеп оқытудың технологиялары /И.Унт, В.Шадриков/;

  • түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту технологиясы;

  • дәрістік-семинарлық-сынақтық оқыту технологиясы;

  • М.Монтессори технологиясы;

  • еркін еңбек технологиясы /С.Френе/;

  • Вальдорф педагогикасы;

  • тұлғалық бағдарлы технология;

  • оқытудың компьютерлік технологиясы.

Осы педагогикалық технологиялардың ішінен қазіргі қоғам талабына етене жауап беретін тұлғалық бағдарлы технологияны атауға болады. Педагогика тарихы мен теориясында және практикасындағы тұлғалық бағдарлы оқытудың негізі ретіндегі жекелеп оқыту танылған. «Тұлғалық бағдарлы білім беру» ұғымы педагогика ғылымына ХХ ғасырдың 90-шы жылдары енгізілгенмен оның толық мағынасы нақты белгіленбеген. «Тұлғалық бағдарлы педагогика», «тұлғалық бағдарлы білім беру», «тұлғалық бағдарлы технологиялар» терминдері педагогикада ХХ ғ. 80-шы жылдардың аяғында пайда болған. Соңғы жылдары ғана берілген білім беру парадигмасын практикаға енгізу үшін педагогикалық технологиялар жасалуда. Білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде жаңа технологиялар енгізіліп, оқытудың мазмұны тұлғаны дамытуға, білім алушының тұлғалық ерекшеліктерін, ӛзіндік қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін жетілдіруге бағыт алып отыр. Сондықтан педагогика ғылымы мен практикасын дамытуда тұлғалық бағдарлы педагогикалық технологиясын енгізу ӛзекті мәселе болып табылады.

Бұл білім берудің мазмұнына, оқыту технологиясына ӛзгеріс енгізу қажеттілігінің бір кӛрінісі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін педагогикаға кӛптеген оқутудың түрлері енгізілуде. Солардың бірі



  • тұлғалық бағдарлы тұрғыдан оқыту (ТБТО) технологиясы.

«Тұлғалық бағдарлы білім беру» термині қазіргі уақытта кеңінен қолданылады. Тұлғалық бағдарлы білім беру негізінен құндылықтарға бағытталады. Осы оқыту түрін жан-жақты зерттеп, оның теориялық-әдіснамалық негізін жасау - біздің міндетіміз болып табылады.

«Тұлғалық-бағдарлы тәрбие» тәжірибесі ерте заманнан-ақ басталады. Ежелгі грек философтары Сократ, Платон, Аристотельдің жан-жақты дамыған, еркін тұлғаны тәрбиелеудің мақсатын, мазмұны мен әдістерін анықтауға арналған жұмыстарын кездестіруге болады.

Олардың айтуынша, тұлғалық тұрғыны құлықтық ӛзін-ӛзі жетілдіру, табиғи қабілеттерін дамыту, тұлғаны қоғамдық қызметке дайындау негізінде жүзеге асыруға болады.

«Тұлғалық–бағдарлы педагогика» мәселесі бойынша жинақталған педагогикалық білімді талдай отырып, біз ұзақтығы әртүрлі 6 даму кезеңі белгілі.

«Тұлғалық бағдарлы» сӛз тіркесі білім беру процесінде қолданылуына байланысты біздің педагогикалық сӛздікке ағылшынның «person-centered» («тұлға орталықты») және «pupil – centered» («білім алушы орталықты») сӛздерінің аудармасынан енгізілген. Олар Карл Роджерстің ізгіліктік педагогикасы және ізгіліктік психологиясындағы ұғымдардың бірі еді.

Тұлғалық бағдарлы білім берудің әдіснамасын И.С.Якиманская толық зерттеген. И.С.Якиманскаяның белгілеуінше, тұлғалық бағдарлы оқытуда білім алушының субъектті тәжірибесіне сүйенуі керек. Субъектті тәжірибе танымда айқындалатын жеке іс-әрекеттің негізі болып табылады. Білім беру процесінде Педагог беретін тәжірибесі және білім алушының субъектті тәжірибе мәдениеттілік сипатқа иеленеді, ӛзгереді, дамытылады, жетілдіріледі.

И.С.Якиманскаяның тұжырымдамасында тұлғалық бағдарлы педагогикасының білім берудегі мақсаты – білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін мақсатты түрде анықтап, дамыту үшін қажетті жағдайларды (әлеуметтік, педагогикалық) тудыру, ол қасиеттерді «мәдениеттендіру», әлеуметтік мәнді іс-әрекеттерге айналдыру.

Отандық педагогикада «педагогикалық технология» ұғымы оқыту және тәрбиелеу үрдісінде бірдей қолданса, шетелдік педагогикада ол тек оқыту саласымен шектелген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет