4. Ҧжымды қалыптастыру, оның әлеуметтік, педагогикалық теориясын зерттеу проблемалары
Ұжым жайындағы тақырып тәрбие әдістерінен кейін
оқытылады. Себебі, ұжым педагогикада тәрбиенің мақсаты әрі маңызды құралы ретінде қарастырылады.
Тәрбие үрдісінің мазмұны жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаның рухани, адамгершілік, эстетикалық, еңбектік, әлеуметтік қасиеттерден құрылады. Тәжірибе жүзінде бұл мазмұн ӛзіне барынша сәйкес келген ұжымға ӛтеді. Егер бұл сәйкестік бұзылса, онда тәрбие қиын және шешілмес дағдарыстарға тап болады.
Ұжым қандайда бір әлеуметтік-экономикалық формацияның туындысы емес, ол адамдар индивидтерінің нормалық жиынтығының құбылысы болып саналады, іскерлік пен жолдастықтың ӛзара әрекетінің, әртүрлі мәселелерді нәтижелі шешудің жалпыға бірдей формасы ретінде адамзат ӛркениетінің құнды әлеуметтік жетістігі болып табылады. Б.Т.Лихачевтің пікірінше, ұжым адамзаттың бірлесіп ӛмір сүруінің объективті формасы мен қоғамдық құбылысы ретінде ӛркениеттік мәнге ие, жалпы және мәңгі категория.
Педагогика тарихы тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларын басынан кешірді. Олардың әрқайсысы ӛзгермелі жағдайлардағы белгілі-бір мазмұнды ашу үшін жасалынады. Біріншіден, тәрбиеленушілер саны ӛзгерді: ежелгі оқу орнындағы бір немесе оншақты білім алушыдан бүгінгі барлық білім алушылардың міндетті оқу орыны тәрбиесіне ӛтуі. Сондықтан, тәрбие формасын талдаудың алғашқы бағамы сандық ӛлшеммен беріледі.
Тәрбие үрдісінің пәрменділігі оны ұйымдастырудың формасына байланысты. Тәрбиеленушілер саны тәрбие жұмысының мазмұнына және оны басқаруға әсерін тигізеді. Тәрбие үрдісінде қамтылған адам санына қарай тәрбие формалары жеке, шағын топтық, топтық (ұжымдық) және бұқаралық болып бӛлінеді. Топтан (ұжымдағы) тәрбиеленушілер саны 5-7-ден 25-40 дейін болса, бұқаралық формада оның шегі болмайды. Тәрбиеленушілер саны кӛбейген сайын тәрбие сапасы нашарлайды. Тәрбиелеу үрдісінде жеке және шағын топтық формалар тиімді. Бұл тәрбие жұмысын ұйымдастыру формаларын ӛте жылдам және мақсатты бағдарлауға, жағдайдың ӛзгеруіне қарай педагогикалық амалдарды ӛзгертуге ыңғайлы. Бірақ жеке және шағын тәрбиенің үлкен экономикалық
шығындарды керек етуі – оның кең тарауындағы елеулі кедергісі болып табылады. Қазіргі жүйелердің кӛпшілігі тәрбиенің топтық (ұжымдық) формасын пайдалануға кӛшті. Ол ӛзінің жеткілікті тиімділігімен, сонымен бірге ӛкініштісі, педагогикалық қызметтің салыстырмалы түрде тӛмен бағалануымен ерекшеленеді. Соңғысы
– біздің елімізде тәрбие формасын таңдаудағы шешуші себеп болып отыр.
Оқу орыны тәрбиесіндегі жетекші идея
Жоғарғы оқу орын тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы – ұжымдық деп аталады. «Тек ұжымда ғана тұлға ӛзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін». Ұжымдық рухта тәрбиелеу педагогикалық тәрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл мақсатқа жетудің жолдары мен формалары ұжымның даму деңгейіне байланысты.
Шетелдік жүйе тәрбиесінен ӛткен кеңестік жүйе ӛзгешелігі – тұлғаны дамытудағы ұжымының атқаратын қызметі жетекші болып белгіленуінде. Кеңестік білім беруде бірінші болып жеке тұлғаға бағдарланған тәрбиеден бас тартып, тәрбие іс-әрекетінің негізіне ұжымды қалады. Сӛйтіп, тәрбие тәжірибесі мен теориясының даму кӛзқарасында үлкен қадам жасады. Ұжым тәрбиелік талпыныстар орталығына айналды, оны қалыптастыру кез келген оқу орынының негізгі міндеті ретінде қабылданды.
Жаңа қойылған мақсаттар кіші және үлкен мәселелерді теориялық үйлестіру мен талдауды қажет етті. Оларды шешуге А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский және т.б. атақты педагогтар күш жұмсады. Бірақ, кең кӛлемде кӛзделген тәрбие жұмыстары жақсы нәтиже бере қоймады, жақсы ойлар іске аспады. Кӛптеген жылдар бойы үстемдік еткен ұжымдық тәрбие біздің қоғамда адамды жаңаша тәрбиелеуге ӛзінің елеулі үлесін қоса алмады. Бұл нені кӛрсетті – идеяның нашарлығын ба, әлде оның ӛмір қажеттігіне сай келмегенін бе?
Ӛткенді саралай келе, бүгінде адамның жеке табиғатын жасау идеясы нақты да қарапайым болып шықты. Бұдан мынадай қорытынды шығады: жекелей дамуды кемісіте не ұжымдауды әсерлеп, тәрбие ісін біржақты қателікке апаруға болмайды. Сондықтанда ұжымдық және тұлғалық үйлесім кӛп жағдайда тәрбие туралы дұрыс кӛзқарастар негізіне алынуы шарт.
Білім алушылар ҧжымы
Латынның «коллективус» деген сӛзі «жиын», «ұжым», «топ» дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым – бұл адамдар тобы. Бірақ кез-келген топ ұжым ба? Қазіргі әдебиетте «ұжым» түсінігінің екі мәні қолданылады. Бірінші: кез-келген адамдар тобы ұжым болып табылады; екінші: жоғары ұйымдасқан топ қана ұжым болып есептеледі. «Ұжым» педагогикалық әдебиеттерде тәрбиеленушілер (білім алушылар) бірлестігі деп түсіндіріледі. Ал мұндай ұжымның ӛзіндік маңызды белгілері бар:
1. Жалпы әлеуметтік мәнді мақсат. Кез-келген топта, трамвайға мінген жолаушыларда да, ұрлық істеген қылмыскерлерде де мақсат болады. Мәселенің бәрі мақсат мазмұнымен және оның бағытында. Ұжымның мақсаты қоғамдық мақсаттармен сәйкес келеді, яғни ӛкімет заңдарына, конституциясына, басты қоғамдық идеологияға сай келмей, қоғам мен мемлекеттік қолдау кӛрмейді.
Жалпы біріккен іс-әрекет. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жалпы біріккен іс-әрекет ұйымдастыру қажет. Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Бұл үшін ұжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және жалпы іс-әрекет ұйымдастыруы шарт. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі-олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары ӛзіндік жауапкершілігінің болуы.
Кері жауапты тәуелділік қатынастары – ҧжым мҥшелері арасында ӛзіндік ерекше қарым-катынас. Бұл олардың іс- әрекеттері мен мақсаттарының бірлігінде ғана емес, ортақ толғаныстары мен бағалы ӛзара талқылауларында да кӛрінеді.
Жалпы тандалған басқарушы орган. Ұжымда демократиялық қатынас пайда болады. Басқару органы ұжымның беделді мүшелерін ашық және тікелей таңдайды.
Ұжым аталған қасиеттерінен басқа да маңызды ерекшеліктерімен бӛлектенеді. Бұл ұжымның ішкі хал-ахуалын, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіретін сипаттама. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне кӛмек, бір- біріне жауапкершілік, дұрысын айту, ӛзін-ӛзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады.
Формалды қатынастағы адамдар тобында мұндай қасиеттер болмайды, ал ұжым бұл қасиеттерсіз ӛзінің артықшылығынан айрылады. Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге ізгіліктік қатынастар жүйесі қалыптасады.
Берік, бірауызды ұжымда мұндай қатынас жүйесі тұлға мен барлық ұжым мүшелерінің қызығушылық үйлесімімен, тұлғаның кӛпшілік беделін мойындаумен ерекшеленеді. Бұл жүйе объективті және субъективті қарама-қайшылықтарды жеңе алатын, ӛз міндеттерін білетін ұжымның әрбір мүшесінде айқын сенімді кӛзқарастарды қалыптастырады.
Білім алушылар ұжымы құрылымының негізгі де тұрақты бӛлігі
– басты іс-әрекеті оқу болатын студенттердің топтық ұжымы. Осы топтық ұжымда білім алушылар арасыңдағы тұлға аралық байланыс пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол қоғамдағы ұжымдардың басқа да түрлеріне негіз болады.
ЖОО топ ұжымындағы ерекшеліктерге орай мынадай қорытындыға келуге болады: студенттер ұжымы – бұл жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттарымен, іс-әрекеттерімен, іс-әрекетті ұйымдастырумен, жалпы міндеттерімен, теңдік жағдайында ортақ мүдде бірлігімен ұжымдасқан жастар тобы.
А.С. Макаренконың ҧжым туралы тағылымы
А.С.Макаренко тағылымы білім алушылар ұжымын сатылы қалыптастырудың егжей-тегжейлі технологиясынан тұрады. Ол ұжымның ӛмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс – ұжымның ӛмір сүру формасы; тоқтау – оның жойылу формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапты тәуелділік, перспективалық, бірлестік әрекет).
Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан ӛтуі қажет. Осы жолда А.С.Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.
Бірінші саты (алғашқы бірігу сатысы) – ұжымның құрылуы. Бұл кезеңде ұжым педагогтың тәрбие жұмысының мақсаты ретінде кӛрінеді, мұның ӛзі ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, топ, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни білім алушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат- міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады. Ұжымның ұйымдастырушысы – педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.
Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не пайдалы, не зиянды екенін байқатып, ӛз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым
қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді кӛмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына педагог кӛп кӛңіл бӛлуі керек.
Екінші саты ұжым құрылымының тұрақтануымен сипатталады. Бұл сатыда ұжым бүтінделген жүйе ретінде кӛрінеді, онда ӛзін-ӛзі ұйымдастыру және ӛзін-ӛзі реттеу механизмдері іске қосыла бастайды. Ұжым ӛз мүшелерінен белгілі-бір қылықтар мен нормаларды талап ете бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе береді. Бұл сатыдағы педагогтың басты мақсаты – осы ұжымның алға қойған міндеттерін шешу мүмкіндіктерін мейлінше кӛп пайдалану.
Ұжымның бұл сатыда дамуы кейбір қарама-қайшылықтарды жеңумен байланысты, атап айтқанда:
ұжым мен жеке білім алушылар арасындағы;
жалпы және жеке перспективалар арасындағы;
топ ішіндегі әр қилы ерекшеліктері бар білім алушылар топтары арасындағы т.б.
Тәжірибе жүзінде әр ұжым – дара білім алушының жеке дамуын мақсатты түрде бағыттайтын тәрбие субъектісі ретінде танылуы тиіс. Сондықтан ұжым дамуында секірістер, тоқыраулар, ӛзгерістер мен ауысулар болмауы мүмкін емес.
Үшінші және одан кейінгі сатылар ұжымның кемелденуі. Алдынғы даму сатыларында қол жеткізген жетістіктер киелі тұлғалық ерекшеліктерді: жолдастарына қарағанда ӛзіне жоғары талап қоюын, кӛзқарастарының, әдеттерінің, әрекет-қылықтарының тұрақтануын дамытады. Егер ұжым осы сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру үстінде деген сӛз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі – үшінші сатыдағы ұжымнын ең негізгі белгісі.
Барлық даму сатыларында ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді қалыптастырады. Дәстүрлер – тәрбиеленушілерді эмоционалды қабылданатын әдет-ғұрып, ниет арқылы жасалатын ұжым ӛмірінің тұрақты формалары. Дәстүр жүріп-тұру нормаларының бекуіне кӛмектесіп, ұжымдық мәселелерді бірлікте шешу қабілеттерін дамытып ӛмірді қызықты етеді.
Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рӛл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат – перспектива деп аталады. Адам ӛмірінің негізгі қозғаушы күші, яғни стимулы – ертеңгі қуаныш. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат –
қиындықтар мен кедергілерді жеңуге кӛмектесетін үлкен күш. Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі кездеседі, олар: жақын, орташа және алыс перспективалар.
Жақын перспектива – ұжым мүшелерінің күнделікті жеке қызығушылықтарынан туындайды. Мысалы, театрға бару, танымжорыққа шығу, т.б.
Орташа перспектива – уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.
Алыс перспектива – ұзақ уақытқа кӛзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат. Мұндай перспективада тұлға мен ортаның қажеттіліктері міндетті түрде үйлеседі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға етене енуі керек. Оны уақыттың кез-келген сәтін ұжымның айқын да қызықты мақсаты болатындай, сонымен ӛмір сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай етіп құру қажет. Перспективаны таңдағанда жұмысының нәтижелі бітуін ескеру әбден қажет.
Кейде педагогтың білім алушыға әсері кейбір себептерге байланысты тӛмен нәтижелі болып жатады. Оған жанындағы білім алушылар арқылы әсер ету ӛте жақсы жеміс береді. Мұнда параллель әрекет принципі іске қосылады. Оның негізінде білім алушыға тікелей емес, ұжым арқылы әсер ету талабы жатыр.
А.С.Макаренко ұжымаралық қатынасқа кӛп кӛңіл бӛлді. Қалыптасқан ұжымның ерекше белгілері ретінде ол мыналарды ескерді: 1) үнемі сергектік, іс-әрекетке дайындық; 2) ӛзіндік қадірін сезіну; 3) мүшелерінің достық бірлігі; 4) әр мүшенің ӛз қауіпсіздігін сезінуі; 5) іс-қимыл, әрекет белсенділігі; 6) дер кезінде ұстамдылыққа әдеттенуі, кӛңіл шарпулары мен тілдесудегі ӛзіне шек қоя білуі.
Ҧжым және тҧлға
Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс – тәрбиені демократияландыру жағдайында адам құқығы мен бостандығын сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Кӛптеген онжылдықтар бойы ұжымға әсер ету арқылы білім алушы тұлғасын қалыптастыру отандық педагогикалық әдебиеттерде қарастырылмады. Тұлға міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам жӛніндегі философиялық тұжырымдамаларға және әлемдік педагогикалық ой тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге тура келді.
Білім алушыны ұжымдык қатынас үрдісіне енгізу қиын әрі күрделі шаруа. Ең алдымен тұлғаның жекелей мәнді екенін ескеру керек. Білім алушыларды – болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулықтарына, сыртқы кӛріністеріне, мінез-құлықтарына, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері есерін тигізуі де мүмкін. Ұжымдық қатынас жүйесіндегі тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесі маңызды болып табылады. Ол арқылы білім алушының сана-сезім ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар осы ұжымның дәстүрлі тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де мүмкін. Студент тәжірибиесі басқаша болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес ӛз құрдастарымен қарым- қатынас орнатуы қиынға түседі.
Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. Ӛз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсенділері бар, дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына қарағанда ӛзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа оңай түседі.
Әрбір адам аз немесе кӛп күш жұмсау арқылы ұжымдағы ӛз орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті себептердің әсерінен тұлғаның барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың ӛзіне сәйкес келмеуінен ӛз жасқаншақтығын жеңе алмай, табыстарға қолын жеткізе бермейді. Әсіресе, ұжымның, достарының ӛзіне деген қатынасын бағалай алмайтын, жаңа жағдайда ӛзін-ӛзі тануы мен бағалауы сияқты касиеттері толық дамымаған бірінші курс студенттеріне мұның қиын соғуы мүмкін. Бұл педагогикалық жағдайдың объективті себептері бар. Олар: іс-әрекеттердің бірсарындылығы, ұжымдағы білім алушының атқаратын рӛлінің тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру формаларының біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін-бірі қабылдау мәдениетінің кемшілігін ескеруге тұрарлық бағалы да қылықты қасиеттерін елей алмауы және т.б.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған: 1) Тұлға
ұжымға бағынады (конформ); 2) Тұлға мен ұжым бір-бірімен үйлесімді қатынаста (гармония) болады. 3) Тұлға ұжымды ӛзіне бағындырады (кӛшбасшылық).
Бірінші түрі бойынша тұлға ұжым талаптарына ӛз еркімен бағынады, ал кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай ӛзінен жекелігін және тәуелсіздігін сақтауы мүмкін. Егер тұлға ұжымға кіргісі келсе, онда ұжымның құндылықтарын, нормаларын және дәстүрлерін қабылдайды.
Екінші түрі бойынша жағдай әртүрлі жолмен дамуы мүмкін: 1) тұлға ӛз тәуелсіздігін барынша сақтап ұжым талаптарына сырттай бағынады; 2) тұлғаның кейбір ӛзіндік іс-қимылы ұжым талаптарына сай келмейді. ЖОО ұжымдарында кӛп кездесетін мотив немесе себеп-салдарынан тұлға кейбір қиын іс-қимылдарға бой ұрады. Мұндай жағдайда білім алушы ұжым нормалары мен құндылықтарын сырттай қабылдайды, талқылау кезінде ұжымның одан күтетінін айтады, әртүрлі жағдайларда ұжымда қалыптасқан қасиеттерді ұстанады, бірақ оқу орыны ұжымынан тыс жерде бұрыннан қалыптасқан тәжірибесі бойынша ӛзін басқадай ұстайды, ӛзгеше ойлайды, басқаша бағалайды. Бұл жағдай кейде уақытша болса, кейде тұрақты болып отырады. Соңғысы тұлғаның бұрынғы әлеуметтік тәжірибесі ұжым тарапынан қолдау кӛрмей, ӛз ұжымының тәжірибесімен ұштаспайтын жайларда жиі кездеседі. Біздің оқу орынытерімізде ұжымға ашық түрде қарсы шығу кӛп кездеспейді. Алайда, студенттер кейде қарсылық білдіреді, оның ӛзі де негізсіз себептерден туындайды: кӛбіне ӛзін-ӛзі қорғап қалу сезімінің үстемдігінен болады.
Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазіргі ЖОО сай типі
бұл бірлікті ӛмір сүру талпынысы. Тұлға мен ұжым ұдайы қарым- қатынаста болуы тиіс.
Үшінші модельде тұлға ұжымды бағындырады, бірақ бұл сирек кездесетін құбылыс. Нағыз кӛшбасшы еңбектері, іс-әрекеттері ескерілумен, бұл модельде тиісті бағасын алады, Жарқын тұлға, оның ӛзіндік жеке тәжірибесі ұжым мүшелеріне тартымды болуы міндетті.
Психологтар мен педагогтар жекелік қасиеттердің жасырын түрде дамитын суденттер ұжымының мүшелері арасында кең тараған бағыт-бағдарын бӛліп қарастырады. Берілген жұмыстарды, әсіресе жауапты тапсырмаларды бар ынтасымен орындайтын білім алушылар аз емес. Баршаның кӛзіне түсу, басқаның үстінен ӛз
билігін жүргізу - олардың талпынысына күш-қуат береді. Олар ұжымның қиын жағдайына қайғырмайды, жұмысына кӛп мән бермейді, басты мақсаты – ӛз беделін ғана таныту.
Ҧжымға педагогикалық жетекшілік
Ұжым үнемі ӛзгеріп отырады, себебі оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ ұжымның даму процесі кездейсоқ емес, оған педагогтар жетекшілік етеді. Ұжымға жетекшілік етудің нәтижелігі, оның даму заңдылығын қандай мӛлшерде зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың әсер ету тәсілдеріне байланысты.
Мұндай әсердің маңызды шарты – үздіксіз болып келетін әрі ұжымға әсер ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мұндай интеграцияға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:
Ұжымға болатын педагогикалық әсерлерді кешенді пайдалану;
Күнделікті ӛмірде ұжым мүшелерінің бір-біріне үнемі әрі жан-жақты кӛмегі;
Ұжым ӛміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдайлар тудыру;
Білім алушылардың ӛзін-ӛзі басқару ісін кеңейту;
Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын біріктіру.
Топ ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде келесі маңызды ережелерді сақтау керек:
Педагогикалық жетекшілікті білім алушының ӛз қызығушылығына, ынтасына, тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру;
Ұжым – динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі ӛзгеріп, дамып, кемелденіп отырады. Сол үшін барлық оқытушылар қарым- қатынас пен әсер ету жобілім алушырын жиі ӛзгертіп отыруы міндетті.
Топ кураторы ұжым тәрбиесінде оқытушыларға, студенттік ұйымдарға сүйеніп, отбасыларымен үнемі байланыста бола отырып, жоғары жетістіктерді кӛздегені жӛн.
Еңбек – тәрбие құралы, бірақ еңбекті бағалау, кӛрсету, қателігін анықтау – бұл ондағы тәсілдер. Сӛз (кең түсініктегі) – тәрбие құралы, бірақ ескертулер, сын айту, теңеу – бұлар тәсілдерге жатады. Осыған байланысты кейде тәрбие әдісі қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен құралдар жүйесі ретінде анықталады, ӛйткені
әдіс құрылымында тәсілдер мен құралдар міндетті түрде бірге қарастырылады.
Ӛзін-ӛзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруда білім алушылардың ӛз бетінділігін дамытуға негізделген ұжымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыру. Ұжым жетілген сайын ӛзін-ӛзі басқару да жетіле түседі. Жеке тұлғаға қатысты ӛзін-ӛзі басқару тӛмендегідей қызметтерді орындайды:
бейімделушілік (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді ӛзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді);
интегративтік (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, білім алушылар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады);
прогностикалық (диагностика және рефлексия негізінде ршыни перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі);
басқарушылық мәдениетті меңгеру (ӛзі және ұжым үшін маңызды шешімдерді қабылдауда ӛз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).
Білім алушылар ұжымындағы ӛзін-ӛзі басқару іс-әрекетті анықтаудан басталады: басқарушылық құрылымды жасауда, міндеттерді бӛлуде. Ұжымның жалпы жиналысы (білім алушылар комитеті, кеңес, штаб т.б.) ӛзін-ӛзі басқару органдарын сайлайды және олардың міндеттерін анықтайды. Белгілі бір тапсырманы алғаннан кейін әрбір білім алушы ӛз міндеттерін және ол жұмысты орындау жолдарын білуі тиіс. ӛзін-ӛзі басқару білім алушылардың бостандық пен жауапкершіліктің қатынасын сезінуін талап етеді.
И.П.Иванов іс-әрекетті ӛз бетімен ұйымдастыру әдістемесін жасады: құрылған кеңестер кӛмегімен жұмыстарды дайындау, инициативалық топтың жұмысы, кӛсбасшылардың ауысуы, микроұжымдар арасындағы тапсырмалардың ауысып келіп отыруы. Бұл әдістерді кез-келген білім алушылар ұжымында қолдануға болады. Педагог ұжым ішінде ӛзін-ӛзі басқаруды дамытпайынша, онда жеке тұлғаны дамыту мүмкін емес екендігін үнемі есінде сақтауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |