ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


R= R стандарттық + K * ( S – S кҥт )



бет22/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

R= R стандарттық + K * ( S – S кҥт );


Мұнда, R старт – старттық рейтинг;

K – бақылаудың коэффеценттік мағыналылығы; S күт. – орындау сапасындағы күтілетін баға;

S – орындау сапасына қойылатын реалды баға.

Студенттердің рейтингін және S күтетін есептеу үшін арнайы формулалар мен таблицалар қолданылады.

S - тің ең үлкен кӛлемі 5 балдық бағамен беріледі және оны бӛлшектеуге болады.

Оқытудың фиксациялық нүктесі, этапары бақылау түрін анықтайды, соған байланысты рейтинг түрін кӛрсетеді.

Бақылау этаптарына байланысты мынадай бақылау түрлерін қарастыруға болады: ағымдық; аралық; қорытынды.

Студенттің әрбір ағымдық, аралық, қорытынды этаптарында жеткен жетістіктері балл немесе очко бойынша есептелінеді. Барлық жинаған балдары қосылып және индивидуалды интегралды индекс жасалынады. Студенттердің мақсаты - максималды балл санын жинау. Рейтингтік жүйеде ағымдық және аралық бақылаудың рӛлі тез қарқында ӛседі, ӛйткені осы бақылау этапында балл жинауға мүмкіндік бар. Ағымдық бақылау 30-35 пайыз максималды баға (балл) береді, аралық - 20-25 пайыз, практикалық сабақтар мен курстық жұмыстар - 25 пайызға дейін. Емтиханда алатын балдың кӛлемі студенттің оқу жұмысын жалпы бағалаудың 20 пайызынан аспайды.

Мұндай жүйе студенттің күнделікті жүйелі жұмыстануына итермелейді, оқуға деген тиянақтылықты кӛтереді, емтихан тапсырғандағы кездейсоқтықты жояды.

Жүйелердің бәрінде аралық бақылау болмайды. Әр түрлі рейтингтік оқытудың рейтингтік интенсивті технологиясының модификациялық жүйелері қолданатын бақылау түрлеріне байланысты әр түрлі рейтингтік классификация қолданылады, оған және әр түрлі рейтингті есептеу әдістемесі де әсер етеді.

Рейтингті бақылау мақсатына байланысты старттық, техникалық, шығармашылық және құрастырылған деп бӛлінеді.

Старттық рейтинг - студенттердің білімін цикл басталмас бұрын бағалау, бұрыннан қалған білім және іскерлік дәрежесін тексеру үшін арналған. Ол студентті циклдың бірінші күнінен бастап жұмыстануға итермелейді.

Техникалық рейтингте ағымдық жұмысты бағалау мен коллоквиумда типтік тапсырмаларды орындау бағалары қосылады. Ол студенттердің типтік стандартты тапсырмаларды шешуі арқылы техникалық іскерлік және дағдыларын тексеруге қызмет етеді.

Теориялық рейтинг - аралық бақылаудың сатыларында, коллоквиумдарында жиналады және теориялық материалды игеру дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.

Шығармашылық рейтинг - студенттердің болашақ мамандығына сәйкес шығармашылық потенциалдық дәрежесін бағалау, оның ӛзі лекцияға ұқсастырып, теорияларға дәлелдемелер алу, теориялық және қолданбалы мінездегі стандартты емес тапсырмаларды шешуге дағдылануды қалыптастыру үшін қолданылады. Шығармашылық рейтинг тапсырмасын орындауға тек сомалық рейтингі «жақсы» немесе «ӛте жақсы» деген бағаға үмітті ғана студенттер жіберіледі. Теориялық рейтингтің балын жинау аналогиялық тәсілмен техникалық рейтингтен минимум балы бар студенттер жинай алады.

Модульдік оқытудағы студенттердің білімін рейтингтік бақылау жүйесі мынадай мүмкіндіктер береді:



    • білімді бағалау процедурасын жеңілдетеді;

    • студенттердің, топтың, үлкен потоктардың ағымдық және аралық уақыттағы жағдайы туралы ақпарат алу;

    • студенттердің жағдайын болжау;

    • бағдарламаның мақсатына және бақылау этаптарының қорытындысына сәйкес оқу процесін реттеу.

    • студенттерді белсенді білім алуға итермелеу, лидерлер мен аутсайдерлер шығару, ерекшеленгендерді мадақтау;

    • студенттердің, оқытушылардың, оқу үрдісін

басқарушылардың алдында топтың, студенттердің, потоктың статустарын анықтау;

    • білімді синтездеуге жақсы жағдай туғызу, пәнаралық проблемаларды шешу, әртүрлі оқыту дәрежелерін енгізу;

    • оқу процесінде компьютер жүйесін, есептегіш және ұйымдастыру техникасын қолдану;

    • студенттердің бағыттылығы мен қабілеттілігіне

байланысты әзірлік дайындығының бағыты мен дәрежесін тең таңдау;

    • оқытудың тиімді әдістерін жасау үшін жаңа орта құру; студенттердің ӛндірістік жұмысын кӛтеру

Модульдік оқытудың тиімділігі.


Курстың модульдік құрылуының кӛп тиімділіктері бар, ол оқыту процесінің әсіресе мамандарды интенсивті дайындау жағдайында тиімді интенсификациялау жолы.

Бұл оқыту әдісінің тиімдігі мыналар:



    • оқу үрдісінің барлық түрлеріндегі модульдің методологиялық негізде үйлесімділігі;

    • жүйелік тұрғыда курсты құру, оның мазмұнын анықтау;

    • курсты модульдік құру икемділігі;

    • студенттердің білімді игеру тиімділігін бақылау;

    • оқытушылардың ғылыми – методологиялықжұмысының перспективалықбағытын шығару;

    • студенттердің тез дифференцияциялануы: яғни студенттердің

дәрежелік ретін кӛрсетеді;

    • магистратураға кандидиаттарды алу ӛте жеңілдейді, белсенді, бірақ қабілеті тӛмен студенттердің кӛтерілу дәрежесін реттейді;

    • дәріске кететін уақыттың аздығына байланысты оқытушы студенттерге ӛз пәнінен қажетті білім, іскерлік, дағды беріп үлгереді.

Курстың модульдік қалыптастыру уақытты қайта бӛлу мүмкіндігін ұсынады, оқу процесінде практикалық және лабораториялық сабақтарды, студенттердің ӛзіндік жұмысын кӛбейтеді. Жаңа прогрессивті технологияларды қолдану арқылы лекцияның жаңа формасын жасауды қажет етеді.

Оқу үрдісін ӛзара байланысты оқу формаларымен модульдік ұйымдастыру оқытушылардың ғылыми-әдіснамалық жұмысын мақсатты басқару және кафедраның лабораториялық бағасын, методологиялық немесе бағдарламамен қамтамасыз етуді анықтайды.

Модульдік тұрғыдан оқыту шығармашылық тұлғаның білім алу іс -әрекетінде қажеттіліктің қанағаттануына кӛмек береді, ӛйткені қандай да білім алуға саналы қызығушылық туындайды; мамандығын ӛзгертуге немесе бірнеше мамандық алуға мүмкіндік береді; дәрежелік ӛзгерістерге (бакалавр, магистр), оқуды жалғастыруға және тоқтатуға мүмкіндік бар; нарықтық конъюнктураны тез қабылдайды, оқыту процесін индивидуализациялау, оқытушымен бірге шығармашылық жұмыспен айналысуға болады, білім берудегі индивидтің қанағаттанбау факторын тӛмендетеді.

Жаңа жүйенің енуі автоматты түрде дәстүрлі сынақтық апталарда және семестраралық емтихандарда жояды, ӛйткені студент индивидуалды график бойынша жұмыс істейді, жаңа жүйенің принциптері бойынша арнайы, базалық, кәсіби білім мен дағдылар қосылған ақпаратты интеграциялау мүмкіндігі болады, осыған орай негізсіз жүктемеден арылады.

Модульдік құрылымның негізі оқуға мотивацияны арттыру болып табылады, сондықтан студент ақпарат алуға, лекциялар мен лабораториялық-практикалық сабақтарға қатысуға қызығушылығы, құштарлығы болады. Ол сатылы бақылаудың сұрақтарын ӛзі шешеді, білімін бағалау индивидуалды интегралды индекс бойынша рейтингтік бағаланады. Соның арқасында студенттердің оқуға деген қызығушылығы артады.

Емтихан алдында стрестік жағжайға да түспейді, білімді бақылау процесі қызықты әңгіме, ғылыми проблемалар туралы дискуссияға айналады.

Сонымен, ЖОО-дағы модульдік жүйе, білімді және кәсіби дайындықты бақылау жүйесі маман дайындау тиімділігін және сапасын кӛтеруге, тұлғаның іс-әрекетінің шығармашылық мақсаттылығын қамтамасыз етеді.

Әрине, модульдік оқытуды ендіру оқу процесінде елеулі ӛзгерістерге, қайта құруларға әкеледі. Ол оқытушының жұмысын жоспарлауға, фронталды жұмыс ӛткізуге, лабораториялық базаны әзірлеуге, методологиялық құрал, білімді тексеретін бақылау

ұйымдарын ашуға итермелейді. Бірақ, осы проблемалар ЖОО-да осындай оқу формаларының енуіне кедергі болмау керек.

Педагогикалық мониторингтің әдістемесі

Оқытушыны оқу орны жағдайында дамытуда әдістемелік жұмыстың алар орны зор. Ӛйткені әдістемелік жұмыстар: 1) оқытушының ӛзіндік педагогикалық білгірліктерін бірлескен топтық жұмыс арқылы шешуге бағыттайды; 2) ӛз мүмкіндігін дамытуға үйретіп, ӛзіндік зерттеу жұмысының инновациялық жүйесін қалыптастырады; 3) ӛз мүмкіндіктерін жүзеге асыра білуге үйренеді.

Оқытушының кәсіптік деңгейін анықтау әдістерінің жүйесі – педагогикалық диагностика. Ал диагностиканың нәтижесі мониторинг арқылы кӛрсетіліп отырады. Ол жұмыстағы қиындықтарды анықтауға және оны жоюдың тиімді жолдарын іздестіруге мүмкіндік береді.

Оқыту нәтижелілігін бағалау мен талдау, мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту үрдісінің нәтижесін бағалау, сондай-ақ білім алушылардың ерекшелігін ескере отырып оқу үлгерімін бақылау мен педагогдердің тәжірибесін жинақтау, болашақта қателіктерді болдырмау және озат тәжірибелерді тарату мақсатында педагогикалық мониторинг жүргізіледі. Педагогикалық мониторингтің жалпыға белгілі бақылаудан айырмашылығы: оқытушының білімділік деңгейі мен оқыту жағдайын үздіксіз қадағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты жинақтайды, сақтайды, ӛңдеуді және таратуды ұйымдастырады. Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие мүмкіндігін, оқытушының жеке тұлғасын, педагогикалық үрдіс бӛліктерінің жағдайын зерттеу педагогикалық мониторингтің мазмұнын құрайды. Педагогикалық мониторинг арқылы бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуы және оқытушының іс-әрекеті зерттеледі.

Білім беру үрдісін құруда педагогикалық мониторинг ақпараттық, қозғаушы және ынталандырушы, қалыптастырушы, түзетушілік қызметтер атқарады.

Педагогикалық үрдістің нәтижесін айқындай отырып нысанның жағдайы жӛнінде мәлімет алу, кері байланысты қамтамасыз ете отырып нағыз білім беру үрдісін, оның қиындығын, бұрмалануын анықтау педагогикалық мониторингтің ақпараттық қызметі болып есептеледі. Жинақталған ақпарат толық, нақты, әділ, дәл мерзімді болу керек.

Мониторингтің қозғаушы, ынталандырушы қызметі педагогдердің ӛзін жан-жақты тануға түрткі болады әрі ӛзінің педагогикалық еңбегіне ӛзіндік талдау жасауға машықтандырады және педагог әрекетінің зерттеушілік бағытын күшейтеді.

Мониторингтің барлық қызметтері оқыту мен тәрбиелеу сапасын кӛтеру мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу әрекетін басқаруды ғылыми тәсілмен қамтамасыз етуге негізделген.

Соңғы қорытынды-диагностикалық кезеңінде мониторинг нысанының жағдайына баға беріліп, алынған нәтиже алғашқысымен салыстырылады. Мониторингтің мақсат-міндетіне сәйкестігі, логикалық талдау жасай отырып жүргізілген жұмыстың тиімділігі анықталады.

Мониторинг ішінде басқарудың ӛзіндік қызметі, педагогикалық әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Соның барысында кері байланыс қамтамасыз етіледі. Педагогикалық жүйенің соңғы мақсатына нақты нәтижелер мәлімделеді. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді кӛрсетеді. Сондай-ақ ол әлеуметтік-психологиялық, медециналық мониторинг, білім алушының жеке басныңы кӛзқарасын жалпылай алу мақстаында бұл оқу орындарына ең қажетті болып табылады.

Мониторинг бойынша оқытушы кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында әр білім алушының ӛткен материалды қандай деңгейде меңгергенін қадағалап, үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді.

Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен осы тұстағы алған білімнің кем тұстары, жетістіктері айқын кӛрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап, білім деңгейін білім алушы ӛзі бақылап отырады. Яғни білім алушылар ӛздігінен орындайтын жұмыстарын ӛзі бағалайды. Бағалаудағы әділетсіздік мәселесі шешіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет