329
шығындарды керек етуі – оның кең тарауындағы елеулі кедергісі
болып табылады. Қазіргі жүйелердің кӛпшілігі тәрбиенің топтық
(ұжымдық) формасын пайдалануға кӛшті. Ол ӛзінің жеткілікті
тиімділігімен, сонымен бірге ӛкініштісі, педагогикалық қызметтің
салыстырмалы түрде тӛмен бағалануымен ерекшеленеді. Соңғысы
– біздің елімізде тәрбие формасын таңдаудағы шешуші себеп болып
отыр.
Оқу орыны тәрбиесіндегі жетекші идея
Жоғарғы оқу орын тәрбиесін ұйымдастырудың топтық
формасы – ұжымдық деп аталады. «Тек ұжымда ғана тұлға ӛзінің
жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана
жекелей еркіндік болуы мүмкін». Ұжымдық рухта тәрбиелеу
педагогикалық тәрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл мақсатқа
жетудің жолдары мен формалары ұжымның даму деңгейіне
байланысты.
Шетелдік жүйе тәрбиесінен ӛткен кеңестік жүйе ӛзгешелігі –
тұлғаны дамытудағы ұжымының атқаратын қызметі жетекші болып
белгіленуінде. Кеңестік білім беруде бірінші болып жеке тұлғаға
бағдарланған тәрбиеден бас тартып, тәрбие іс-әрекетінің негізіне
ұжымды қалады. Сӛйтіп, тәрбие тәжірибесі мен теориясының даму
кӛзқарасында үлкен қадам жасады. Ұжым тәрбиелік талпыныстар
орталығына айналды, оны қалыптастыру кез келген оқу орынының
негізгі міндеті ретінде қабылданды.
Жаңа қойылған мақсаттар кіші және үлкен мәселелерді
теориялық үйлестіру мен талдауды қажет етті. Оларды шешуге
А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский және т.б. атақты
педагогтар күш жұмсады. Бірақ, кең кӛлемде кӛзделген тәрбие
жұмыстары жақсы нәтиже бере қоймады, жақсы ойлар іске аспады.
Кӛптеген жылдар бойы үстемдік еткен ұжымдық тәрбие біздің
қоғамда адамды жаңаша тәрбиелеуге ӛзінің елеулі үлесін қоса
алмады. Бұл нені кӛрсетті – идеяның нашарлығын ба, әлде оның
ӛмір қажеттігіне сай келмегенін бе?
Ӛткенді саралай келе, бүгінде адамның жеке табиғатын жасау
идеясы нақты да қарапайым болып шықты. Бұдан мынадай
қорытынды шығады: жекелей дамуды кемісіте не ұжымдауды
әсерлеп, тәрбие ісін біржақты қателікке апаруға болмайды.
Сондықтанда ұжымдық және тұлғалық үйлесім кӛп жағдайда
тәрбие туралы дұрыс кӛзқарастар негізіне алынуы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: