47
Қарастырып отырған заңдылықтың жеке кӛрінісі ретінде білім
беру үрдісінің
жекеленуін жатқызуға болады, оның деңгейі
студенттің оқу үрдісінің ұйымдастыру формасын, оқу курсын,
оқытушыны, оқу уақыты мен орнын,
оқыту технологияларын, оқу
материалдарын және т.б. таңдаудағы «еркіндік деңгейінің»
санымен анықталады.
Білім беру мазмұны саласында бұл заңдылық мазмұн
плюрализациясы ретінде кӛрініс табады: әр түрлі кӛзқарастар
жағдайында түрлі реакциялардың кӛрінуі және салыстырылуы,
консенсусты іздеу және оның негізінде сыни тұрғыдан ойлауды
және т.б.дамыту.
Бесінші заңдылық
– жоғары білімнің коммерциализациясы. Бұл
тенденцияның тағы бір атауы – жоғары білім берудің
сервизациясы. Коммерциялық
емес ұйымдардың қаржылық
қорлары қызмет кӛрсетудің түріне және сипатына – ақылы және
ақысыз байланысты түрлі кӛздермен реттеледі. Бұл кӛздерге әр
түрлі деңгейдегі бюджет қаржылары, орындалған жұмысқа және
қызмет кӛрсетуге тӛлем, мүлікті жалға бергеннен түсетін қаржы,
қосымша тӛлемдер және т.б. жатуы мүмкін.
Қазіргі таңда білім беру қызмет кӛрсету саласының
компонентіне айналды, ол бұл
кұбылыстың барлық белгілері
кӛрінісінің клиентке бағдарлануымен, білім беру ӛнімдері мен
қызмет
кӛрсетулерді
сатуды
жоспарлаумен,
жарнамалық
қызметтермен және т.б. сипатталады. Зерттеушілердің айтуынша,
бүкіл әлемде ақылы қызмет кӛрсетулердің аясының кеңеюі
бюджеттік қаржыландырудың жетіспеуінен ғана емес, оқу
орнының оның қызметінің жекеленуі
нәтижесінде туындаған
шаруашылық субъект, кәсіпкерлік бірлік ретінде орын алуымен
байланысты.Зерттеушілердің пікірлері бойынша, бүгінгі күні
жоғары оқу орындарына стратегиялық қаржылық жоспарлаумен
айналысуға, кіріс және шығыс аймағында жеке саясатты анықтауға,
қызмет кӛрсетудің сыртқы тұтынушыларының сұраныстарын
қанағаттандыруға,
кәсіпкерлік қызметтің дамуына, қаржылық
менеджменттің «айқындылығын» қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін инфрақұрылымдар тудыру қажеттілігі сезіледі.
Алтыншы заңдылық
– жоғары білім беру гуманизациясы және
оның гуманитаризациясы құраушы бӛлік ретінде. Білім беру
үрдісінің нақты студент (және оқытушы) тұлғасына бағдарлануы,
білім беру үрдісінің «адами келбетке енуі»
- бұл батыс жоғары
48
мектебіне тән оның дамуының стратегиялық бағыты. Оның жүзеге
асуы үшін міндетті түрде жоғары мектеп оқытушысын даярлау
қажет. Бұл саладағы зерттеулерді қарастырсақ, ол біріншіден,
адамды ең жоғары құндылық ретінде қарастыратын аксиологиялық
тұрғыны бӛлу қажет, екіншіден,
антропобағдарланған кәсіби
іскерлік (сенімді және ашық сӛйлесу, диалог жүргізу,
психологиялық кӛмек беру және т.б.) игеру қажет. Білім беру
гуманизациясы оның гуманитаризациясымен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: